СӨМКЕ
http://balalar.ucoz.com/publ/gimeler/s_mke/14-1-0-400
Үй iшi түгел бас қосып, таңертеңгi шайды iшiп отырғанбыз.
– Менiң халатым көрiнбейдi, – дедi шешем.
– Менiң жұмыс киiмдерiм жоқ, – дедi әкем.
– Сарғыш көйлегiм кеше ғана анау iлгiште тұрған. Бiлмеймiн, жер жұтты ма, ұшты-күйлi жоғалды, – дедi әжем.
– Оны айтасың, менiң ескi пальтом мен бөркiм де жоқ, – дедi атам.
– Ұры түсуi мүмкiн емес. Сонда кiм алады? – деп, бәрi қайран.
Мен бұл iнiмнен келген пәле екенiн бiлдiм де, жымиып қойдым.
... Кеше күн жексенбi едi. Әке-шешем базарға кеткен. Атам мен әжем де жоқ. Үйде iнiм екеуiмiз. Ол ауыз үйде бiрденемен әлек, мен төргi бөлмеде кiтап оқып отырмын. Кенет ауыз үй күбiр-сыбыр бола қалды. Көршi үйдiң баласы Марат тұр.
– Самат шобытшы келдi, – дедi ол, – Шар, пистолет, машина, самолет, қармақ, қалам, сөмке, дәптер – бәрi бар.
– Жүр, көрейiк. – Екеуi шыға жөнелдi. Жарты сағаттай өткен. Iшке бiреу кiрдi. Iнiм екенiн сездiм. Мұрны шуылдап, ауыз үйде бiраз жүрдi де, шығып кеттi.
Мiне, айыпкер iнiм алдымызда тұр. Басы салбырап кеткен.
– Үйдегi киiмдердi шобытшыға тапсырғаның рас па? – дедi әкем.
– Рас... – Iнiмнiң ернi болар-болмас қыбыр еттi.
– Неге айырбастадың?
– Сөмкеге.
– Оны қайтпексiң?
– Келесi жылы оқуға барам ғой.
Әжем шыдай алмады, орнынан тұрып барып, iнiмнiң қолынан тартты.
– Кiшкене ғана құлыншағым менiң. Талабыңнан айналдым. Үйдегi бар киiм жолыңа садаға. Кәне, сөмкеңдi әкелшi, көрейiн...
Iнiм төргi бөлмеге жүгiрiп кiрдi де, әдемi қызыл сөмкенi алып шықты. Қуанышты.
– Дүкеннен-ақ алып беретiн едiм ғой... – дедi бiраз сабасына түскен шешем.
– Иә, саған... – дедi iнiм. – Талай рет «дүкенде жоқ екен» дегенiң қайда?..
Атам мен әжем немересiн еркелетiп жатыр:
– Талабыңа нұр жаусын. Жақсы оқитын бол!
ҰМЫТШАҚ
http://balalar.ucoz.com/publ/gimeler/s_mke/14-1-0-400
Еңбек сабағынан мұғалiм қағаздан үйшiк жасап келудi тапсырған. Әлденеге тыпыршып, байыз таппай отырған Ақтай ғана. Кеше әкесiнiң көмегiмен жасаған үйшiгiн әлгiнде ғана, үзiлiске шығар алдында парта үстiне қойып кеткен сияқты едi. Ұшты-күйлi жоғалды. Аң-таң. «Мүмкiн емес, – дедi ол. – Кiм болса да бiреу алған». Сол сәт парталас Дариғамен бiрде ренжiсiп қалғаны есiне түстi. Иә, сол әдейi қастықпен жоғалтып жiбермесiне кiм кепiл. Класқа апай кiрдi. Аралап көре бастады. Кезек Ақтайға келдi.
– Сен ше? – дедi мұғалiм.
– Әкеп едiм... – деп күмiлжiдi. – Жоқ... жоғалтып алдым.
– Мүмкiн, ұмытып үйде қалдырған шығарсың.
– Жоқ, әкелдiм. Қойдым мына жерге...
– Ендеше, кiм алады?
– Дариға... – дедi Ақтай бiрден. Оқушылардың назары ендi Дариғаға ауды.
– Мен алғам жоқ, – дедi ол жыламсырап.
– Осы... басқа ешкiм емес, – деп нығыздады Ақтай. Дариға жылап жiбердi.
– Жарайды, – дедi мұғалiм. – Кейiн анықтала жатар.
Дариға мектептен қайтқан соң да, жол бойы жы-лаумен болды. Оны ешкiм де жұбатпады. «Жыла, – дедi Ақтай iштей келекелеп, – Бiреудiң затын ұрлаған қалай болады екен».
Үйге келдi де, бiрден өз бөлмесiне ендi. Сөмкесiн қоя бергенде, терезе алдындағы өзiнiң кешегi үйшiгi көзiне түстi. Сенбей, ұстап та көрдi. Дәл өзi. Ұялғаннан бетiнен оты шықты Дариғаға жөнсiз жала жауып, қатты ренжiткенiне өкiндi.
Ақтай үйден шыға сала жүгiре жөнелдi. Дариғадан кешiрiм сұрауы керек қой.
Әдебиеттер
Абай «Қара сөз» Семей-2007
А. Байтұрсынов «Маса» Алматы-2005
«Бес ғасыр жырлайды» 1-2-том Алматы-1989
«Жеті ғасыр жырлайды» 1-том Алматы- 2004
«Ертегілер» 1-кітап Алматы- 1988
С. Садырбаев «Қазақ халық әдебиеті» Алматы-1990
С.Садырбаев «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы-1977
«Қазақ прозасы» хрестоматия 2-кітап Алматы- 2001
«Қазақ халық творчествосы» Алматы- 1989
«Ел аузынан» Алматы- 1989
«Билер сөзі» Алматы -1992
Б. Гарсиан «Парасатнама» Үрімжі-2009
Конфуций «Ғақлиялар» Үрімжі - 2009
С. Көбеев «Орындалған арман» Алматы - 1988
«Даншпан Сүлейменнің нақыл өсиеті» Алматы -2002
«Шешендік шиырлар» Алматы-1993
«Ғибырат толғамдары» Алматы - 2004
Қ. А. Иассауи «Хикметтер» Астана -2002
Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж
А.Байтұрсынов. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989
М.Жұмабаев. шығармалары. Алматы. Жазушы 1989
Ж.Аймауытов.шы5армалары Алматы Жазушв. 1989
С. Сейфуллин жинақ Алматы «Жазушы» 1987
М.Әуезов 12томдық 1967-1969
Қ.Аманжолов Таңдамалы Алматы «Жазушы»2001
Ж. Молдағалиев Жинақ 2 том Алматы. 2000
С.Шаймерденов «Өмір нұры» Алматы «Жазушы» 1987
Б. Момышұлы жинақ1,2 том Алматы. «Жазушы»2004
Б. Бұлқышев «Адамзатқа хат» Алматы «Санат»2005
М.Әлімбаев Жинақ1, 2кітап Алматы. «Жазушы»1997
С. Мұратбеков «Ескен жел» Алматы. «Раритет»2004
Ш. Айтматов « Ерте келген тырналар» Алматы. «Жазушы» 1998
М.Мақатаев Жинақ1,2,3 Алматы. 1991-1993
Қ. Мырзалиев «Күміс қоңырау». Жалын. 1985
Т. Айбергенов «Мен саған ғашық едім» «Жазушы»1970
Ә. Кекілбаев 12 томдық Астана «Өлке»1999
М. Мағауин «Ғасырлар бедері» Алматы «Ер дәулет» 1994
Ф. Оңғаарсынова «Дауа» Алматы. «Жалын» 1985
О. Бөкеев Жинақ 1,2,3 том Алматы «Қазақпарат» 2003
С. Әшімбаев «Ақиқатқа іңкәрлік» Алматы. «Ана тілі»1997
М. Шақанов «Өркениеттің адасуы» Алматы «Білім» 2001
К. Ахметова «Арғымақтар даласы» Алматы «Жалын» 1987
Д.Исабеков «Екі жиырма» Алматы. «Жазушы» 1983
Н.Айтов «Жүректегі жаңғырық» Алматы. «Жазушы» 1979
А. Бақтыгереева «Ақ шағала» Алматы. «Жазушы»2001
Н. Келімбетов «Жарлы емеспін зарлымын» Алматы. «Раритет» 2004
Е: Бақаш «Жастық жалыны» Алматы. «Жалын» 2012
Б. Әділов «Алданыш» Алматы 1984
Мазмұны:
1-бөлім
Ауыз әдебиетінен -259
1.Сабырлылық -260
2.Ақылдың пайдасы-- 260
3.Ақылгөй торғай- 260
4.Жамандық неден болады -261
5..Алақол ---262
6.Қатақбастың қиялы-- 262
7.Қызғаншақтың сазайы --262
8.Достық—262
9.Қанағат-- 263
10.Өзгеге күлме --263
11.Білімге құрмет-- 263
12.Төзімділік- 264
13.Сараңдық--264
14. Әке өсиеті-- 264
2- бөлім
Даналар айтқан
1.Конфуций --264
3. Сүлеймен патшаның нақылдары --269
4. Абай--273
5. Балтасар Гарсиан --281
3- бөлім
Жыраулар жырлайды
1.Марғасқа --283
Қазтуған --283
2.Доспамбет --285
Тоғай, толғай, тоғай су
Айналайын Ақ Жайық
3.Ақтамберді --286
4. Шал ақын --288
Бұл дүниенің мысалы
Жақсы, жаман адам туралы
Шаруа туралы
5.Дулат --289
Қылығың қалжың туысқан
Сөзім бар да көзім жоқ
6. Абай-- 290
Жігіттер ойын арзан...
Білімдіден шыққан сөз
Ата-анаға көз қуаныш
Бір дәурен келді
Бөтен елде бар
Әдірахманның өліміне
Ақынның дана ойлары
7. Шәкерім --294
Адамдық борышың
Ашу мен ынсап
Жастарға
4. Арыстар айтады
8. А. Байтұрсынов 307
Тәні саудың жаны сау
9.М.Жұмабааев--309