НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет



Pdf көрінісі
бет168/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет: 
өзара әрекеттестіктің жаңа үлгісі
Жаңа онжылдық азаматтық қоғамның белсенді даму уақытына айнал-
ды. 2000 жылдың қазан айындағы халыққа Жолдауымда мен Қазақстанда 
үкіметтік емес ұйымдардың рөлі зор екенін, сондықтан әлеуметтік маңыз-
ды жобаларды қолдау қажеттігін атап өттім. Бұл мемлекеттің қоғамдық сек-
торға бет бұрғанын білдіретін азаматтық қоғамға жолданған ишара еді.
2000-шы жылдардың басы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі үшін 
өте қызу болды. Ішкі тұрақтылығымызды бұзуға дайын саяси радикалдар 
да табылды. Халық алдындағы зор жауапкершілігімізді түсіне отырып, біз 
оған жол бермеуге тиіс болдық. Сондықтан 2002 жылдың қараша айында 
ҚХА-ның ІХ сессиясында сөйлеген сөзімде мен Қазақстандағы бейбітшілік 
пен келісім – мемлекет, қоғам, барлық мемлекеттік органдар, партиялар, 
қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, қазақстандық әр-
бір азамат атқарған жанкешті еңбектің нәтижесі екенін атап айттым. Түрлі 
қоғамдық күштердің өзара түсіністігіне жол ашатын Азаматтық қоғамды де-


260
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
мократияландыру және дамыту жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабыл-
дадым. 
Демократияландыру және либералдандыру бағытының арқасында 
ке йінгі жылдар мемлекет пен барлық конструктивті қоғамдық-саяси, аза-
маттық күштердің қарқынды жалпыұлттық саяси диалогы жағдайында өтті. 
Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы іске асы-
рылды. 2003 жылы ҮЕҰ жобаларының бірінші байқауы өтті. Оның қоры-
тындысы бойынша мемлекет үздік жиырма жаңалықты қаржыландырды. 
2005 жылдың сәуір айында «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемле-
кеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң күшіне енді. 2007 жылы 70 жобаға 
қолдау көрсетілді. 
2006 жылдың маусым айында Демократиялық реформалар бағдарла-
масын жасау және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жиналы-
сында мен тағы бір маңызды мәселе азаматтық қоғам институттарын да-
мытуға қатысты екенін атап өттім. Азаматтық қоғам дегеніміз – жемқорлық 
пен бюрократияға қарсы «азаматтық қорғаныс». Сондықтан мемлекет ҮЕҰ 
мен басқа да қоғамдық институттарды қолдауға мүдделі болуға тиіс. Бірақ 
олардың жұмыс үлгісінің «қалай құрылады, қалай тіркеледі, қалай жұмыс 
істейді?» делінетін нақты құқықтық негіздері анықталуы тиіс. Бұл, әсіресе 
шетелдік үкіметтік емес ұйымдарға қатысты.
Біз – ашық қоғамбыз. Ешкімді ештеңеден шектемейміз, жауап ретінде 
бәрінің Қазақстан Конституциясы мен біздің заңдар аясында жұмыс істе-
уін сұраймыз. Бұл – кез келген демократиялық мемлекеттің қалыпты тала-
бы. Егер заң жеткіліксіз болса, оны жасап шығару қажет. ҮЕҰ заң аясын-
да жұмыс істеуге тиіс. Бұл – біздің мемлекетіміздің тыныштығы және әрі 
қарай дамуының қажеттігі мен талабы. «Үшінші сектордың» шетелдік «де-
меушілерге» тәуелді болмағаны маңызды. Бастапқы кезде бізде үкіметтік 
емес ұйымдар түрлі халықаралық қорлармен клиенттік қатынас жасасып 
алды. Олар алып жатқан ресурстардың, шынында да, ұлттық мүддемізге 
бағытталып жатқанына үнемі кепіл бола алмайтын едік. Сондықтан біздің 
заңымызды бұзатын кез келген әрекеттің алдын алатынымызды мен анық 
та нақты ескерттім.
Мемлекет азаматтық қоғам институттарын жасанды түрде көбейте ал-
майды, олардың дамуы үшін қолайлы жағдай ғана тудыра алады. Сон-
дықтан біздің мақсатымыз – мемлекет пен ҮЕҰ арасында шынайы әріптес-
тік үшін жағдай тудыру.
Республикалық және өңірлік деңгейлерде тұрақты түрде өткізілген Аза-
маттық форумдар қоғамдық өміріміздің маңызды оқиғасына айналды. 2003 
жылдың қазан айында өткен І Азаматтық форум мемлекет пен үкіметтік 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
261
емес ұйымдар арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа серпін берді. 2004 
жылдың маусым айындағы «Отан» партиясының VII съезінде мен реформа 
жылдарында адамдардың азаматтық бастамаларын нығайта түскенімізді 
атап өттім. Бұл кезде елімізде 4,5 мыңнан астам ҮЕҰ бар еді. Азаматтық фо-
рум аясында «үшінші сектор» мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас-
тың жаңа моделі пайда болды. 
2005 жылдың қыркүйек айында ІІ Азаматтық форумда үкіметтік емес ұй-
ымдардың Азаматтық альянсы құрылды. ҮЕҰ Ұлттық ақпараттық ресурс ор-
талығы ашылды. Қоғамдық-саяси диалог жалғаса түсті, соның нәтижесінде 
2006–2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы 
дүниеге келді. 
Азаматтық қоғамды дамытпасақ, саяси либералдандыру процестері 
алға баспайтынын мен жақсы түсіндім. Сондықтан 2006 жылдың мамы-
рында Парламентке конституциялық реформалар жиынтығын ұсына оты-
рып, азаматтық қоғам институттарын қолдауға баса назар аудардым. 
2007, 2009 жылдары ІІІ және IV Азаматтық форумдар өткізілді. Мемле-
кеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам алдындағы жария есебі 
тәжірибеге енгізілді. 2011 жылдың қазан айында өткен V Азаматтық фо-
румда тәуелсіздіктің жиырма жылындағы «үшінші сектордың» дамуы тура-
лы ұлттық баяндама қабылданды. 2006–2011 жылдарға арналған азаматтық 
қоғамды дамыту тұжырымдамасы іске асырылды.
Бұл кезеңде демократиялық институттар нығайып, үкіметтік емес ұй-
ымдардың дамуына қолайды жағдай жасалды. Дәл осы кезде Адам 
құқықтары жөніндегі өкілетті өкіл – омбудсмен қоғамдық институты құрыл-
ды, ал Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық шартқа қосылды.
Жаңа сапалы жалпыұлтттық диалог алаңдары өмірге келді. Демокра-
тиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы осы алаңдар жұмы-
сының негізгі қорытындысы болды. Осының барлығы демократиялық өз-
герістерге жаңа серпін берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет