НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


«Болашақ» бағдарламасы: кемел келешек негізі



Pdf көрінісі
бет178/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Болашақ» бағдарламасы: кемел келешек негізі
Экономикалық өсім жағдайында халықаралық «Болашақ» стипендия-
сын кеңейтуге мемлекетімізде жаңа мүмкіндіктер пайда болды. 2000 жылы 
техникалық және инженерлік білімі бар қазақстандықтар стипендия алу 
мүмкіндігіне қол жеткізді. 
2005 жылы бағдарламаны мейлінше күшейте отырып, әлемнің жетек-
ші университеттеріндегі дарынды қазақстандық стипендиаттардың санын 
үш мыңға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадым. Өрлеу кезеңінде Қа-
зақстанға индустриалды-инновациялық даму, білім мен ғылым, менедж-
мент пен логистика, ақпараттық технология мен заманауи коммуналдық 
шаруашылық сияқты басым салаларға бәсекеге қабілетті кадрлар қажет 
болатынын болжай отырып, осындай байламға келдім. 
2005 жылдың сәуірінде Үкімет «Халықаралық бағдарламалар орта-
лығын» құрды. 1994–2004 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде 800-ге 
жуық адам стипендиат атанса, 2005–2006 жылдары бакалавриат және ма-
гистратура бағдарламасы бойынша «Болашақ» стипендиясы 2,5 мың жас 
қазақстандыққа табыс етілді.
Бағдарлама географиясы да кеңейе түсті: стипендиаттар баратын елдер 
мен оқитын университеттер саны артты. Баруға ұсынылатын оқу орында-
рының қатарына Еуразия аймағының және Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия 
елдерінің алдыңғы қатарлы университеттері енгізілді. Стипендиаттар отыз-
ға жуық елде білім алып жатты. Мұнай-газ ісі, энергетика және т.б. басым-
дыққа ие мамандықтар тізімі көбейе түсті. 
2008 жылдың қаңтарында Стипендия иегерлері форумында мен «бо-
лашақтықтар» алдында тұрған жаңа міндеттер туралы әңгімеледім. Бағдар-
лама түлектерін ел өміріне кіріктіру үшін өңірлерде жұмыс істеуге жіберуді 
ұсындым.
2008-2012 жылдар аралығында мемлекет «Болашақ» бағдарламасы-
ның мүмкіндіктерін кеңейте түсу жөнінде нақты шаралар жасады. Ғылыми 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
279
тағылымдама бағдарламасы ашылды. Сондай-ақ жоғары білімнің ұлттық 
жүйесінің өскелең деңгейі ескеріліп, бакалавриат бағдарламасы тоқтатыл-
ды. Енді «Болашақ» бағдарламасы елге қажетті мамандықтар бойынша ма-
гистрлар мен докторанттарды дайындауға қайта бағытталды.
Адам капиталының өсуіне қамқорлық жасау Қазақстанның тәуелсіздік 
алған сәтінен мемлекеттің басым міндеті саналып келеді. Ұлттың бәсеке-
ге қабілеттілігін арттыру үшін адам әлеуетін дамытуға күш салу әрекеті өз 
жемісін берді. 
«Болашақ» бағдарламасының арқасында мыңдаған дарынды жас қа-
зақстандық мемлекет есебінен әлемнің үздік университеттерінде жоғары 
деңгейлі білім алды. «Болашақ» жастар үшін шынайы әлеуметтік баспалдақ 
бола алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет