Мемлекеттік тіл. Үш тілдің үйлесімді дамуы
Мен әрқашан мемлекеттік қазақ тіліне және Қазақстанның лингвистика-
лық байлығына ерекше ықыласпен қарадым.
Менің бастамаммен 2000 жылдың маусым айында 2001–2010 жылдарға
арналған Тілдерді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылдан-
ды. Қазақ тілін дамытуға бөлінетін қаржыны күрт көтердік: 2005 жылы 130
миллион теңге бөлінсе, 2007 жылы 3 миллиард теңге болды, ал 2008 жылы
5 миллиард теңгеден асып түсті. Бұл аса қарқынды өсім болды.
Өңірлерде қазақ тілін үйрететін орталықтар көптеп ашылды. Орта мек-
тептердің тең жартысына жуығы 1,5 миллионнан астам оқушы оқитын қа-
зақтілді мектептер болды. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшу
процесі қарқынды атқарылды.
Бүкіл Қазақстан бойынша көптеген мекемелерде қазақ тілін үйрету үй-
ірмелері пайда болды. Онда әр жастағы, әрқилы кәсіп меңгерген түрлі ұлт
өкілдері зор ынтамен тіл үйренуге кірісті.
Мемлекеттік тілдің даму тренді өрлеу траекториясымен өсті. Біздің
күш-жігеріміз оң нәтижелерге жетеледі. 2000 жылдардың соңына қарай
мемлекеттік тілді меңгергендердің көрсеткіші 74 процентке дейін өсті. Бұл
қозғалысты ештеңе де тоқтата алмайтыны анық.
2005 жылы ҚХА-ның XI сессиясында сөйлеген сөзімде өткен жылдар
қоғамымызда қазақ тілі мен мәдениеті – мемлекеттігіміздің барлық құрылы-
сы бой тіктейтін іргетас екенін сезінуге жол ашқаны мен үшін өте маңыз-
282
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ды екенін айтып өттім. Ал орыс тілін қазақстандықтар әлем мәдениетінің
маңызды құрамдас бөлігі деп есептейді.
Сатылы және үйлесімді тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің тұғырын
нығайту, лингвистикалық капиталды арттыра түсу тәуелсіз Қазақстанға аса
қажет екеніне сенімім зор. Бір орында тұрып қалу – иек астындағыны көре
алмаумен тең.
2006 жылдың қазан айында мен үштілділікті енгізу идеясын жария еттім.
Менің түпкі ойым бойынша, қазақстандықтардың жаңа буыны кем дегенде
үш тілді болуға тиіс, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңге-
руі қажет. Еуропада көп тіл білу әлдеқашан қалыпты жағдайға айналған.
Сондықтан осыған біз де мейлінше жылдам келуіміз керек. Ағылшын тілін
толық меңгермейінше, ұлттың шын мәніндегі бәсекеге қабілеттілігі туралы
әңгіме қозғау мүмкін емес.
Мен Жапония, Үндістан, Сингапур, Малай зия сияқты елдердің эконо-
микалық жетістікке жетудегі маңызды факторы және бәсекелестіктегі ар-
тықшылығы ағылшын тілін жаппай меңгеруі екенін жақсы түсіндім.
Осы ойды 2007 жылдың наурызындағы халыққа Жолдауымда «Қа-
зақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретін-
де танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық
қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу
тілі», – деп айтып өттім.
Осы лингвистикалық бастама 2007 жылы нақты сипатқа ие болды.
Менің тапсырмам бойынша «Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасын іске асыру
басталды. Жобаның мақсаты – қазақстандықтардың үш тілді жаппай мең-
геруі. Әр құрлықтағы көп елде үштілділік қалыпты жағдайға айналған тұста
«Үш тілдің бірлігі» жобасы жаңа өмір талабына сай ерекше маңызға ие.
Қазақстандық жас буын мұндай келешегі зор жобаны өзгеше ынта-жі-
гермен қабылдады. Сонымен бірге үштілділік көз алдымызда нақты дүние-
ге айналды: 2000 жылдардың өзінде-ақ білімге ұмтылған озық ойлы жастар
үш тілді ықыласпен меңгере бастады. Бұл – бүкіл Қазақстан үшін үлгі.
«Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы – менің сындарлы да өміршең идеям-
ның бірі екеніне сенімдімін. 2007 жылдың тамызында мен өз арманымды
– Абайды, Пушкинді және Шекспирді түпнұсқа тілінде бір мезгілде оқи ала-
тын ұлтты көргім келетінін жария еттім.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
283
Достарыңызбен бөлісу: |