НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаңа бағыт–2050: озық отыз елдің қатарына қосылу



Pdf көрінісі
бет205/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаңа бағыт–2050: озық отыз елдің қатарына қосылу 
«Қазақстан-2050» стратегиясында мен еліміздің ертеңгі күнін көзге елесте-
туге, оның болашағын бағамдауға, басымдықтарының жүйесі мен иерархия-
сын құруға, жаңа жаһандық ахуал және ондағы өтіп жатқан үдерістерді сарап-
тау негізінде анықталған кешенді мәселелерді ұсынуға тырыстым.
Адамзаттың жуық арадағы перспективалары – ХХІ ғасырда алдынан 
шығатын сын-қатерлерге қаншалықты дұрыс жауап таба алатынына бай-
ланысты. Бұлар – тарихи уақыттың жеделдеуі, демографиялық теңгерім-
сіздік, азық-түліктің және энергетиканың қауіпсіздігіне төнген қатер, су 
тапшылығы, табиғи ресурстардың сарқылуы, экономикалық дағдарыс, 
технологиялық революцияның салдарлары, әлеуметтік тұрақсыздық, құн-
дылықтар дағдарысы, әлемдік тұрақсыздықтар қаупі. 
«Қазақстан-2030» стратегиясының мерзімінен бұрын жүзеге асқанын 
хабарлай отырып, мен бәріміз жүріп өткен он бес жылдық табысты жол-
дың қорытындысын шығардым. 2012 жылы Қазақстан ІЖӨ көлемі жағынан 
әлемдегі 50 елдің қатарына енді, ал келесі 2013 жылы жаһандық бәсеке-
ге қабілеттілік рейтингінде 50-ші орынды иеленді. Бұл жетістіктер – зама-
науи Қазақстан мемлекет болып қалыптасты деп сеніммен айтуға мүмкіндік 
берді.


344
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жаһан жүйесіндегі теңгерімсіздік күшейіп, бай мен кедей арасындағы 
алшақтық ұлғайып жатқан қазіргі тарихи жағдайда тарихи жолайрықтағы 
әрбір мемлекет өзінің бұдан арғы даму векторын таңдайды. Болашағымыз 
осы таңдауымызға тәуелді. Енді біздің алдымызда – жаңа жалпыұлттық 
мақсат: 2050 жылы әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты 
тұр. 
Мен елімізді бұдан әрі дамытудың жеті басым бағытын анықтап бердім: 
1. Экономикалық саясат – пайда табу, инвестициялар мен бәсекеге қабілет-
тіліктен қайтарым алу принципіне негізделген жалпыға ортақ прагматизм. 
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау. 3. 
Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке 
жауапкершілік. 4. Білім және кәсібилік – заманауи білім беру, кадрларды 
даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. 5. Мемлекеттілікті нығайту 
және демократияны дамыту. 6. Дәйекті сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді 
ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту. 7. Жаңа қа-
зақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамы-
мыз табысының негізі.
«Қазақстан-2050» стратегиясының ерекшелігі – даму мәселелерін тең-
герімді және жүйелі түрде қарастырады. Оның негізгі компоненттері (эко-
номикалық, әлеуметтік, саяси, дүниетанымдық) өзара байланысты әрі өза-
ра сабақтас, ал біздің еліміздің одан әрі өркендеуін осы жеті басымдықтың 
тұтастығы қамтамасыз етеді.
«Қазақстан-2050» стратегиясының негізінде барлығын қамтитын праг-
матизм қағидаты жатқандықтан, экономиканы және басқаруды қоса алған-
да, барлық шешімдер экономикалық мақсатқа және ұзақ мерзімді мүд-
делерге сәйкестік тұрғысынан қабылдануы тиіс. Бюджеттік шығындардың 
логикасы осындай. Біріншіден, жаһандық экономикадағы Қазақстанның 
ұлттық «плацдармын» кеңейтуге арналған бағыттарға қолдау көрсетіледі. 
Екіншіден, мемлекет қаржыландыратын жобалар мен нысандар материал-
дық кіріс немесе әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты міндетті қайтарым 
беруі тиіс.
«Қазақстан-2050» стратегиясы елімізді бірегей аса сезімтал «оптика-
мен» қаруландырды: ол ұзақ мерзімді перспективаға жоспарлау үшін алыс 
мақсаттарды назарда ұстауға, ал қажет болған жағдайда – жедел түзету 
енгізуге мүмкіндік береді. Өйткені өмір күтпеген бұралаңдарға толы және 
ондай жағдайлар бізді қапы қалдырмауы тиіс. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
345


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет