НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


–2015 жылдардағы экономикалық дағдарыс



Pdf көрінісі
бет207/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2014–2015 жылдардағы экономикалық дағдарыс: 
жаңа жаһандық ахуал 
Стратегиялық жұмыстардың жоғары дәлдігі белгілі бір уақыт мөлшерін-
де біздің экономикалық модельге барлық сыртқы сын-қатерлердің болуы 
мүмкін әсерін есептеп, сыртқы экономикалық үрдістердің оның дамуы-
на ықпалын ескеріп, анықтауымызға байланысты. Сонымен, 2012 жылғы 
шілдеде мен алдағы уақытта болуы ықтимал әлемдік дағдарыстың екінші 
толқыны жағдайында жұмыс істеуіміз мүмкін екеніне болжам жасадым. 
2014–2015 жылдары әлемдік экономикадағы жағдай бір мезгілдегі көп-
теген факторлардың әсерінен күрт нашарлады. Жаһандық әскери-саяси 
шиеленістің өсуі бүкіл қалыптасқан әлемдік тәртіпке қауіп төндіре бастады, 
экономикалық тұрақсыздық бәсекелестіктің артуына, сауда-экономикалық 
және валюталық қақтығыстарға апарып соқты. Энергетикалық нарық сапа-
лық тұрғыда өзгерді: баламалы энергетиканың дамуы және газ бен мұнай 
өндіру технологиясының өзгеруіне байланысты пайда болған «тақтатас ре-
волюциясы» мұнай бағасының төмендеуіне және америкалық мұнай им-
портының қысқаруына алып келді. Жаппай терроризм, экстремизм және 
зорлық-зомбылықты әдіс еткен жаңа жүйесіз күштер бас көтере бастады.
Бұл кезеңде шикізат бағасының төмендеуі және негізгі сауда әріптес-
тері валютасының, әсіресе ресейлік рубльдің екі есеге жуық құнсыздануы 
– Қазақстан экономикасының тұрақтануына кері әсер етті. Оның бағамы 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
347
2014 жылдың ақпанында теңге бағамының 20 процентке түзетілуінен кей-
ін де төмендей берді. Сондықтан да қазақстандық кәсіпкерлер табанды 
түрде ұлттық валютаны құнсыздандыруға шақыра бастады. Олардың тала-
бын ескере отырып, 2015 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының 
Ұлттық банкі теңге бағамының еркін айналымына көшу туралы шешім қа-
былдады. Бұл шараның қазақстандықтарға тиген зардаптарын жұмсартуға 
жеке тұлғалардың банктегі теңгемен ашылған депозиттеріне өтемақы төлеу 
туралы менің Жарлығым мүмкіндік берді – мұны 1,7 миллион адам, яғни са-
лымшылардың 80 проценті пайдаланды. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс» 
жинақ банкісінің ипотекалық салымшыларына берілетін өтемақы тетігі жа-
салды. Нәтижесінде, теңгенің құнсыздануынан туындаған кері әсер барын-
ша азайтылды, ал тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылады. 
2014–2015 жылдардағы дағдарыс жағдайы нарыққа қатысушылардың 
барлығын да өзгерістерге икемделуді: үстеме пайдаға құнықпай, сапаны 
жақсартуды, ұлттық валютаның жайлы бағамына арқа сүйемей, бәсекелес-
тікке бет бұруды үйретті. 
2016 жылды ұлттық экономика, соның ішінде өндірушілер ғана емес, 
тұтынушылар да жаңа ахуалда қарсы алды: оның басты көрсеткіші құлды-
раған мұнай бағасы болды. Үрдіс кері бұрылып, мұнай бағасы қайта өседі 
деп үміттенудің жөні жоқ. Мемлекет те, қоғам да, әрбір азамат та тек қана 
өз күшіне сенуі қажет еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет