Жаңғыру кезеңіндегі құқықтық жүйе
Құқықтық жүйенің эволюциясында кейіннен бүкіл заң шығаруды және
құқықтық реттеуді жаңартуға алып келген Ұлт жоспары (2015) маңызды
орын алады. Нәтижесінде Қазақстанның заманауи заң шығару базасы 290-
нан аса жеке-дара заңдардан құралды. Тәуелсіздік жылдарында барлығы
2 мыңнан аса заң актілері қабылданған.
Конституциялық заңдар базалық мемлекеттік институттардың және
тұтастай алғанда мемлекеттік басқарудың бірқалыпты жұмысын қамтама-
сыз етеді. Экономиканың тұрақты дамуын экономикалық блоктың заңдары
реттеп отырады. Бұл сала ерекше қозғалыста, сондықтан 2010-шы жыл-
дары экономиканы басқару үшін заңнамалық актілердің үшінші буыны
(Салық, Кеден, Бюджет кодекстері) талап етілді. Бұдан басқа, 2015 жылы
бұрын тіпті болмаған құжаттар қабылданды – Кәсіпкерлік кодекс, «Мем-
лекет-жекеменшік әріптестік туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы», «Астана»
халықаралық қаржы орталығы туралы» заңдар. Парламентке ұсынылған
жаңа кодекстердің жобалары – Салық, Кеден, Жер қойнауы және жер қой-
науындағы байлықтарды пайдалану туралы – экономикалық жағдайды
және жаһандық үдерістерді ескеріп жасалды.
2014 жылы құқық қорғау, азаматтардың құқығын, мемлекет пен қоғам-
ның қауіпсіздігін қорғауды күшейту заңнамаларын түбегейлі жаңартуға
байланысты жұмыстар қолға алынды. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-атқа-
рушылық, процессуалдық, әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері қабыл-
данды.
Қылмыстың кейбір түрлерін қайта қарастыруды шараны кең қолдануды,
бас еркінен айырудың баламасын, ұлттық бизнестің мүдделерін қорғауды
қарастыратын Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді
реформалау жалғасты.
Заңнамалық жұмыстардың маңызы 2017 жылы басталған үш базалық
саланы – экономиканы, саясатты, сананы – жаңғыртуға байланысты арта
түсті.
376
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |