378
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
2016 жылдың сәуірінде Алматы облысында Әскери дайындық орталығы
базасында Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің арнайы мақсаттағы
бөлімшелерінің қатысуымен «Қайсар-2016» лаңкестікке қарсы жаттығулар
өткізілді. 2016–2017 жылдары тамыз айларында Жамбыл облысындағы
«Гвардейский» полигонында ІІ және ІІІ Халықаралық әскери ойындар шең-
берінде бірқатар байқаулар өткізілді. 2016 жылы Әскери ойындарда 19 ел-
дің арасында Қазақстан екінші командалық орынды иеленді. Ал 2017 жылы
– 28-дің ішінде үшінші орыннан көрінді. Екі жыл қатарынан қазақстандық
әскерилер «Мергендік межесі» және «Артиллериялық оттың алаугерлері»
байқауларында
бірінші орын алып, сондай-ақ «Танкілер биатлоны» да
жүлделі орындарға ие болды.
2017 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне
25 жыл толды. Осы салтанатты оқиғаға орай, Астанада Тәуелсіздік жылда-
рындағы ең көлемді әскери шеру өткізілді, оған бес мың әскери қызмет-
шілер, төрт жүз дана әскери техника және жетпіс ұшақтар мен тікұшақтар
қатыстырылды. 2016–2017 жылдары әскери арсеналды толықтырған жаңа
қару түрлері де көрсетілді.
Мерекелік шеруде мен біздің еліміздің бітімгершілік ниетін былайша
жеткіздім: «Біз барлық көршілерімізбен татумыз және «Бір ғана бейбіт
келісім жүз жеңістен артық» деген дана өсиетті есте ұстаймыз». Бұл ретте
мен, Қарулы күштер әрдайым Тәуелсіздіктің басты тірегі болып қала бе-
ретінін ерекше атап көрсеттім.
2017 жылдың қыркүйегінде кең көлемдегі «Қаратау-2017» стратегиялық
жаттығулары өтті. Бірнеше бағыттағы әскерлерге қолбасшылық жасау, сон-
дай-ақ армиялық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды.
Біздің армия ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетінің сенімді кепілі
болды. Бұл тұрғыда мемлекет барлық қажеттіліктер үшін қолдан келгеннің
бәрін де жасайды. Жауынгерлік кезекшілікке әскери техникалардың жаңа
түрлері
келіп қосылды, таяу жылдары қаруланудың 70%-і жаңартылады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, біздің еліміздің Қарулы күштері
жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы үздіктер санатында. Әскери қуат-
тың жаһандық индексі (GFP) бойынша 2017 жылы Қазақстанның Қарулы
күштері 2016 жылғы 66-позициядан 53-позицияға көтерілді.
Біз тұтастай алғанда армиямызды, өзге де әскери құрамалар мен ар-
найы бөлімдерді жаңғыру мен дамудың жаңа кезеңіне шығара алдық. Бұл
– Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі
барлық офицерлер мен
әскери қызметшілердің ерен еңбегі.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
379
Достарыңызбен бөлісу: