НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


«Астана» халықаралық қаржы орталығы



Pdf көрінісі
бет230/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Астана» халықаралық қаржы орталығы
ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының негізіне сәйкес қаржы және техноло-
гиялық кластер құрылатын болады. Бұл – Қазақстан экономикасының жаңа 
ДНҚ-сын түзіп, жаңғыртудың сенімді платформасына айналады.
АХҚО-ны табысты түрде жүзеге асыру – астананы жаһандық қалаға 
айналдыруда аса маңызды. Әсіресе, Астананың шетелдік инвесторларды 
тартудың хабы ретінде қалыптастырудың маңыздылығы зор. Бәсекеге түсу 
үшін ол тұрақты даму мен «дұрыс» экономика қағидаттарына сай болып, 
жаһандық «ақылды» қалалардың бір бөлігіне айналуы тиіс. 
Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына үлкен міндеттер жүктей-
мін. Ол әлемдік деңгейдегі жетекші қаржы орталығының бірі болуы керек. 
АХҚО Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының өзегі ретінде Орталық 
Азия мен ЕАЭО-ның қаржылық хабы рөлін атқаруы тиіс. Болашақта мен 
оны әлемнің алдыңғы қатарлы жиырма қаржы орталығының қатарынан 
көргім келеді.
АХҚО арнайы мәртебесін біз Конституция мен Қазақстан Республика-
сының Конституциялық заңымен бекіттік. Орталықтың ерекше салықтық, 
валюталық және визалық тәртібі болады.
Алғаш рет, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі әлемнің үздік тәжірибелі қаржы 
орталықтарына пара-пар АХҚО-да ағылшын құқығы мен жетекші қаржы 
орталықтарының қағидаттарына негізделген ерекше құқықтық тәртіп қол-
данылады.
Бірінші кезекте бұл – қаржылық қызмет саласын, Қазақстан Республика-
сы құнды қағаздар нарығын инвестициялау үшін жайлы орта қалыптасты-
руды, Нью-Йорк, Сингапур, Лондон, Гонконг сияқты халықаралық капитал 
нарығына интеграциялануды көздейді.


386
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
АХҚО аумағында бірнеше мамандандырылған құрылым құрылады, 
олар осы аумақта жұмыс істейтін ұйымдардың қызметін реттейтін болады. 
Маңызды институттардың бірі – Қаржы қызметтерін реттеу комитеті бол-
мақ. Халықаралық арбитраж орталығы мен тәуелсіз қаржы соты құрыла-
ды. Үкімет, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық холдингтер, 
ұлттық компаниялар өздерінің сәйкес активтерін ІРО-ға АХҚО алаңы 
арқылы шығару туралы арнайы 2020 жылға арналған бағдарлама жасап 
шығарды.
Бұдан басқа, қаржы орталығының негізінде жаңа биржа іске қосы-
лады. АХҚО мен Шанхай қаржы биржасы (SSE) арасында акционерлік 
келісім жасалды. Осы құжатқа сәйкес ол – стратегиялық әріптес және 
АХҚО жаңа биржасының акционері (25% үлеспен) болады. Бұл Қытай-
дың инвестициялық өтімділігіне жол ашады. АХҚО мен SSE арасындағы 
ынтымақтастық АХҚО-ын «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастама ая-
сында қаржылық қызметтердің аймақтық хабы ретінде дамытуға бағыт-
талған. Шанхай қор биржасының биржалық индустриадағы бірегей 
тәжірибесі мен беделі халықаралық инвесторлардың сенімін қалыпта-
стырып қана қоймай, сондай-ақ АХҚО биржасын табыспен іске қосуға 
қосымша кепілдіктер де ұсынады.
Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі – жаңа қаржылық техно-
логиялар. 
Болашақта АХҚО бүкіл Еуразия үшін инвестициялар, капитал, иннова-
циялар тартудың қаржылық қақпасына айналады деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет