НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастар қадамдар



Pdf көрінісі
бет239/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастар қадамдар
2050 жылғы Қазақстан – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне кәміл 
сенемін. Бұл формула – еліміздің келешек көкжиегі.
Жалпыға ортақ еңбек – 2050 жылғы Қазақстанды жасауға әрбір және 
барлық азаматтардың қатысуы. Бұл – жаңа мамандықтарды игеруге деген 
ұмтылыс, масылдық емес, жасампаз өмір салты. 2013 жылғы желтоқсанда 
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында мен еңбекке «ұлттық бай-
лықтың түп негізі» деп нақты сипаттама бердім.
2014 жылы қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстан алғаш 
рет Еңбек күнін атап өтті. Бұл күні өз ісінің шеберлерін дәріптеп, барлық 
ерен еңбектің иелеріне, еңбекшілерге құрмет көрсетіледі. Алғашқы Ең-
бек күні мерекесінің қарсаңында Астана қаласында республикалық форум 
өтті, онда жұмысшы мамандығының үздік өкілдері «Еңбек ардагері» жаңа 
төсбелгісімен марапатталды. 
2014 жылдың желтоқсанында индустриаландырудың бірінші бесжыл-
дығының қорытындылары бойынша өткен телекөпірде Қазақстанда ХХІ ға-
сыр талабына орай әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа моделі қалып-
тасып келе жатқаны туралы сөз болды. Сол кезде-ақ өнеркәсіп пен ауыл 
шаруашылығы озаттары үшін «Еңбек даңқы» орденін тағайындау туралы 
шешім қабылдағанымды хабарладым. Бұл орденнің барлық үш дәреже-
сінің иесі «Еңбек Ері» – «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебесіне теңестіріледі. 
«Алтын сапа» және «Парыз» ұлттық байқауларының жеңімпаздарын құт-
тықтай келе, осы байқаулардың барлық қатысушылары, жаңа кәсіпорын-
дардың барлық құрылысшылары мен еңбек ұжымдары – жалпыға ортақ 
еңбек қоғамының шынайы алғашқы қарлығаштары деп атап өттім.
Бүгінгі таңда сыртқы күйзелістерге төтеп беретін тиімді экономиканың 
нақтылы негізі болуға – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы ғана қабілетті деген 
ойым 2015 жылғы Жолдауда айтылды. Еңбек нарығын тұрақтандыру, жұ-
мыс іздегендердің сұранысын қанағаттандыру үшін Үкіметке жаңа, неғұр-
лым ауқымды Жұмыспен қамтудың жол картасын жасауды тапсырдым. 
Мен біздің жастарымызды жұмысшы мамандықтарын белсенді түр-
де меңгеруге шақырамын. Жас кезімде мен де еңбек жолымды жұмыс-
шының арнайы киімін киіп, домна пешінің аузында тұрып бастағанмын. 
Жылдар өтеді, осындай өмірлік тәжірибе міндетті түрде жастардың қа-
жетіне жарайды.
«Еңбек даңқы» орденін белгілеу арқылы мемлекет еңбеккердің, шаруа 
адамының беделін көтеруге ұмтылатынын тағы да дәлелдеді. Сондай-ақ 
еңбектегі теңдессіз, аса жетістіктерімен ерекшеленгендер бұрынғыдай, 


402
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2008 жылдан бастап, жыл сайын жоғары деңгейдегі ерекшелік белгісімен – 
Алтын жұлдызды Қазақстанның Еңбек Ері атағымен марапатталып отырды. 
2015 жылғы 15 желтоқсандағы салтанатты жиналыста Тәуелсіздік пен 
еңбек бір-бірімен ажырамас байланыста екендігіне тағы да тоқталдым. 
Тәуелсіздік – жалпыға ортақ еңбек. Білім мен ғылымға ұмтылған оқушы-
лар мен студенттердің еңбегі. Ұлттық байлығымызды еселеп арттыратын 
барлық мамандық иелерінің еңбегі. Бұл – жаңа ұрпақ тәрбиелеп жатқан 
қазақстандықтардың еңбегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет