І бөлім. Жастардың девианттық мінез-құлқын әлеуметтік жұмыс проблемасы ретінде зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,6 Mb.
#36931
  1   2   3



МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................................................................................................

І Бөлім. Жастардың девианттық мінез-құлқын әлеуметтік жұмыс проблемасы ретінде зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері

1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері..........................................................................

1.2.Жастардың ауытқитын мінез-құлықтарына социологиялық зерттеу жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері.............................................

1.3.Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы........................................................................................................

1.4.Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуінің негізгі заңдылықтары мен жалпы сипаты................................................................................................

ІІ Бөлім. Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері.

2.1.Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері компоненттілігі және ерекшеліктері..............

2.2.Жастардың заңға қайшы мінез-құлыққа құқықтық компоненттілігі және потенциалдық дайындығы.........................................................................

2.3.Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар – Қазақстандағы жастардың ауытқитын мінез-құлықтарының негізгі аспектілерінің бірі ретінде...............



Қорытынды......................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі студенттеріміздің үлесі мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екінші жағын алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негатиі құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді.

Қазіргі кездегі жастар үшін ең маңызды мәселе ретінде бірнеше кедергілер, қиындықтармен ұшырасып отырады, ол жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіндегі бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуір толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестік жағдайлары, профессионалдық білімдер мен тәжірбиенің жетіспеуі, осының салдарынан еңбек нарығындағы тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің бел алуы таң қалдырарлық жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы мен қатар, орындарын таба алмай жас тұлға ішімдікке, нашақорлықка әуестене бастайды, өздерін қоғамдық ағымға қарсы коюмен жол табуға үйір бола бастайды. Бұндай құбылыстар жастар арасында массалық көлемді алып келеді, яғни бұл құбылыстар қоғам моральдық-психологиялық жағдай өз әсерін тигізеді. Бірақ та әлеуметтік шындық жастардың қылмыстық әлемге бой алдыруға жол бермейтін механизмдерді әлі ойлап таба қойған жоқ.

Девианттық мінез - құлықтың әлеуметтік алғышарттарының барлығының себептері, ол Қазақстан Республикасында өндірістік қатынастағы адамдардың теңдігі мен материалдық жағдайларындағы теңсіздігі арасындағы қарама-қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономиканың әлсіз дамуы объективтілігі мен тұтыну заттарындағы теңсіздік мәселесі жастардың өзіндік материалдық жағдайларымен қанағатсыздық танытуының бірден-бір себептері және қоғамнан алатын жақсылықтары өздерінің қажеттіліктерін әртүрлі жолдармен қанағаттандыруға белсенді ете түседі.

Әсіресе қазіргі кезде жастардың үлкен-үлкен қалаларда, ауылдық жерлерде тұратын басым көпшілігі үшін кейінгі кезде рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру мәселесінің әлеуметтік әділдігінің жоқтығы жанға бататын жағдай. Көптеген қалаларда немесе ауылдарда тіпті кинотеатрлар және мәдениет үйлері жоқ. Сонымен қатар олардың тұрғындарының негізгі бөлігін жастар құрайды. Әрине бұндай аймақтарда девианттық мінез-құлықтың деңгейі республикамен салыстырғанда өте жоғары болып саналады.

Бірнеше әлеуметтік мәселелерді біз кейінге қалдырамыз, оларды «қалдықты үйлесім» дейді, яғни ондай мәселелерді біз күн тәртібінде бірінші орынға қоймағандығынан олар әсіресе біздің жастарымыздың өмірінен көрініс табатын жағдай болғандықтан және жас қыздар мен жігіттердің санасынан орын тебетіндіктен жастар арасындағы әлеуметтік әділ мәселесінің шиеленісуіне алып келді.

Девианттық мінез-құлықтың дамуына арнайы бір қоғамдағы әлеуметтік шындықтың бұзылуы, негізгі демократиялық принциптердің бұзылуы, экономикалық реформаларды жүргізгенде кеткен қателер нәтижесінде осы жастар арасындағы қиындықтардың пайда болуына алып келеді.

Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы социологиялық зерттеудің актуалдылығының негізін ашуға көмектеседі, оның мақсаты жастар арасындағы девианттық мінез-құлық социологиясының теориялық және эксперименталдық аспектілерінде қарастырылуы болып табылады.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Девиантты мінез-құлық және сондай жастармен жұмыс жүргізу тақырыбы шетел ғалымдар тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша еңбектер санаулы. Олардың көпшілігі ғылыми мақала түрінде ғана.

Джаманбалаева Ш.Е., Казымбетова Д.К. еңбектерінде Қазақстандағы девианттық мінез-құлық, осындай жастармен жұмыс жүргізу жайы, жалпы проблемалары қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.



Диплом жұмысының мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі жетекші ойларға, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулер мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен өзекті мәселелерін айкындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың технологияларын ұсыну.

Осы мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмыс келесі міндеттерді алдына қойған:

- девианттық мінез-құлықты анықтаудың әдістемелік және теориялық үйлесімдерін қарастыру және айқындау;

- девианттық мінез-құлықтың негізі мен маңызын әлеуметтік құбылыс ретінде ашу;

- девианттық мінез-құлықты зерттеген қазақстандық және ресей социологтарының еңбектерін негізге ала отырып, жастардың девианттық мінез-құлықтарының әлеуметтік детерминанттарына салыстырмалы талдау жасау және зерттеу жүргізу.

- өзіндік жүргізген зерттеу мен Д.К. Қазымбетованың (Қазақстан, 1997-1998 жж) жасаған зерттеулеріне сүйене отырып, жастардың ауытқитын мінез-құлықтарының әлеуметтік детерминанттарына салыстырмалы талдау жасау.



Диплом жұмысының объектісі - Жастардың әлеуметтік нормалардан ауытқу феномені.

Диплом жұмысының пәні ретінде Қазақстандағы девианттық мінез-құлықтың түрлері болып табылады.

Диплом жұмысының қолданбалық маңызы. Дипломдық жұмыс девианттық мінез-құлықты, осындай ауытқы жастардың әлеуметтік мәселелерін, олардың саяси бағдарын, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман талабына сай, жаңаша көзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер қорытындыларды девиантты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жас социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Э. Дюркгеймнің (әлеуметтік дезорганизация теориясы), Р. Мертонның (аномия теориясы), М Вебердің (әлеуметтік іс-әрекет теориясы) еңбектері қарастырылды. Жұмыстың теориялық көздері ретінде Я.И.Гилинскиидін, А.Коэннің, В.Н. Кудрявцевтің, Н.Смэлзердің, П.Сорокиннің, Д.Пискаревтің және т.б. идеялары; сол сияқты Қазақстандық оқымыстылардың еңбектері - Жаманбалаева Ш.Е., Д.К. Қазымбетованың идеялары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылысы жағынан: кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және өзіндік жүргізген зерттеу қорытындыларынан тұрады.

I БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері

Социология шегінде арнайы социологиялық теория пайда болды және қалыптасты - девианттық (ауытқитын) мінез-құлық социологиясы. Әсіресе осындай атпен қырыққа жуық зерттеу комитеттерінің халықаралық социологиялық ассоциациялар жұмыс істеуде. Оның қайнарының басында Эмиль Дюркгейм тұрды, арнайы ғылыми бағыт ретінде тұрақты құрылуы ең алдымен Р. Мертонға, А. Коэнға, К. Томасқа және А. Знанецкийдің еңбектерінен көрінеді, олар әлеуметтік дезорганизациядағы универсалды процесстерді әлеуметтік өзгерістерістердің бөлінбейтін бөлшегі ретінде қарастырды, Р.Феррис, Э.Тириакьян, Т.Шибутани және басқалары девианттық мінез-құлықтың әртүрлі формаларын әлеуметтік дезорганизация формалары ретінде қарастырды.

Девианттық мінез-құлық мәселелері әлеуметтік жанжал теориясының негізінде қарастырылады. А.Коэн әлеуметтік топтарға нақты қауіпті оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерінің ауытқуын азайтады және сонымен қатар ауытқитын мінез-құлық жасайтын топтың мүшелеріне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрінеді. Жанжал теориясына катысты, әлеуметтік жүйедегі мінез-құлықтың мәдени бейнелері ауытқитын мінез-құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттің құндылықтарына негізделген болғанда. Девианттық ауытқитын мінез-құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретінде кұрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді. Оның пікірінше әртүрлі топтар үшін біркелкі емес мақсаттарға жетудің ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етіледі және осылардың функционалдық жетіспеушіліктері мақсатқа жету үшін колданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негіз болады.

Девианттылықты бағалау критерийі бұқаралықтың достастығына, «өзіне» және «басқаларға» деген бірлігінен, бір біріне келісімге келу мүмкіндіктерінің тудыруы өздерінің «мендігін» шектеу арқылы. Бұл жерде адамның қай шекте девианттық мінез-құлықтағы екендігін анықтайтын шекараны анықтау қажет. Осы критерийдің негізінде жеке және қоғамдық қызығушылықтардың принциптерінің сәйкес келуі негізделген. Бұл жерде менің еркіндігім басқа адамның еркіндігімен шектеледі - бұл ең басты принцип, осыны бұзған адам, яғни девиант болып саналады. Сол үшін де девианттық мінез құлықтың ең негізгі рационалды критерийі ретінде осы мінез-құлықтың түрінің зияны мен қоғамдық пайдалылығын қарастырамыз.

Девианттық мінез-құлыққа баға беру критерийін анықтау бір жақты емес, себебі біздің қоғамымызда қандай мінез-құлықты девианттық деп айту және оны ажырата білу өте қиын. Девиацияның әсіресе айқын көрінетін мысалдары ретінде адамгершіліктің жоқтығын көрсететін іс-әрекеттер, олар әрқашанда талқылауларға түсіп отырады, бірақ бұл жерде оларға толықтай, нақты анықтама беру өте қиын. Бірақ кісі өлтірудің өзі арнай жағдайларда ақталып жатады. Мысал ретінде алғашқы қауымдық кезеңде ашығу кезеңінде кісі өлтірушілік талқыға түспейтін, яғни ол жағдайдың қысымымен жасалған іс-әрекет деп түсінген. Ол айып тағулардан босатылған, ол өндірістік күштер қатайған кезден бастап және қоғам материалдың жағдайларды жасай алатын кезеңнен бастап, яғни бала шағасын асырау үшін, денсаулық үшін неше күш керек соның барлығына есеп бере алатын болған кезеңнен бастап ол барлық жеңілдіктерден болады, яғни біз үшін қылмыс болып табылады. Біз көріп отырғанымыздай іс-әрекеттің бағасы тарихтан бері заман өткен сайын өзгеріп отыруда және олар әлеуметтік-экономикалық себептермен ұлттық дәстүрлер мен мәдениетпен өзгеріске ұшыраған құндылықтар қатар ажыратылады.

Көптеген жұмыстардың нәтижесінде девианттық мінез-құлық концепциясының позициясына деген сенім күмәнға ұшыраған, оның негізгі нүктесі - әлеуметтік норма. Көптеген батыс зерттеушілері (Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, және т.б. дамытқан теориялар былай дейді: іс-әрекеттерді девианттық деп мойындау үшін қоғамдағы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен анықталады. Бірақта осындай қорытындылар тапсырмаларды жеңілдетпейді, себебі "билік етуші деген ұғымның өзі объективті емес баға беруде, билік ететін топтардың өзінің жағдайларын ұсынады және азшылықтың мінез-құлығының түрлері, олардың дәстүрлері мен салттарымен әлеуметтік жағдайларымен санаспағандығынан барып туындайтын түсінікті девианттық деп айтуға болады. Бұл жерде шешуші маңызды ол мінез-құлықтың өзі емес, адамдардың оған деген қарым- қатынасында болады. Аяуды білмейтін қоғам тіпті қорғаусыз адамды да, тіпті адал, кінәсіз адамды даттай алады, яғни оны девиант жасай алады.

Қазақстанда осындай мінез-құлықтың элементтері, мысалы, қылмыскерлік,іішмгерілк,нашақорлық және суицид(өзін-өзі өлтірушілік), көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетін пәндердің аясында зерттеліп келеді. Олар криминалогия, наркология және т.б. мен. Ал социологиялық зерттеулер 60-шы жылдардың соңы мен 70-жылдардың басындағы Я.И.Афанасьевтің /2/ және тағы басқалардың еңбектерінде көруге болады.

Ал Қазақстанда осы мәселелерді кейінгі жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық социологияның дамуы мен институциялануына деген үлкен еңбекті академик В.Н.Кудрявцевке/3/ тиесілі.

Қазіргі кезеңдік, отандық девианттық мінез-құлық социологиясында Д.К.Қазымбетованың анықтауынша, девианттық мінез-құлық дегеніміз-адамдардың өмір салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және басқада әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін, тұлғаға, әлеуметтік топтарға немесе қоғамға зиян тигізетін (немесе пайда әкелетін), қоғаммен қолдау табатын немесе тигізілген зияндар үшін әлеуметтік жауапкершіліктер тартатын іс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз. Ал делинквенттік мінез-құлық дегеніміз-күрделі заң бұзушылықты аңғартады, олар қылмыстық жауапкершілік тартуға апарып соғады.

Девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлықтан өзгешелігі, девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлыққа қарағанда кеңірек түсінік ретінде қарастырылады. Девианттық мінез-құлық деликвентті мінез-құлықты өзінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Девиация-нормалардың кез-келген бұзушылықтарын айтамыз. Ал делинквенттік-ол тек қана қылмыстық жауапкершіліктерді алып жүретін мінез-құлық актілеріне жатады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлінетіндігіне қарап негізделген саясат құруға болады, ол практиканы профиалктикаға бағыттап отырады. Және де барлық аутқуларды жою емес тек қана негативті аутқуларды жоюға көмекетседі. Девианттық мінез-құлық теориясының зерттеуіне Ш.К.Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлес қосты, ол мынадай тақырыпта «Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік мәселелері»/4/ және оның монографиялары. Бұл еңбектерде автор- девианттық мінез-құлық дегеніміз мінез-құлық актісі деп әділдікпен айтады, ол адамдардың іс-әрекеттері немесе өмір салттары, арнайы қоғамда қабылданған әлеуметтік нормалар мен заңгерлік негіздегі салдарлы қағамдық санкцияларды бұзатын іс-әрекеттерді айтамыз. Берілген анықтама біріншіден, осы мінез-құлықтың барлық көріністерін қамтиды, екіншіден аутқуды, тек ресми жағынан ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтік нормалардағы бейресми аутқитын мінез-құлық формаларында қарастырады; үшіншіден, санкцияның әртүрлін қамтиды, олар көбінде өздері девияцияға алып келеді-ол топтық аутқудан, қоғамдық жақтырмауға және толығымен қоғамнан бөліп тастауға алып келетін санкциялар.

Бірақта девиянттық мінез-құлықтың критерииін анықтау өзгеруде, бұл жағдайда біз бір іс-әрекетті девианттық немесе оған жатқызбауымызда мүмкін, яғни ол әртүрлі қоғамдарда салт дәстүрлерге, өмір шарттарына байланысты өзгеірп отырады. Әлеуметтік процестердің динамикасы, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарындағы кризистік жағдайлар девиациялық процестердің өсуіне алып келеді. Олар нормадан ауытқитын мінез-құлықтың нормаларынан көрініп отырады.

Әлеуметтік толығырақ анықтамасын беру үшін, аномия сұрағаның негізіне мән береміз. Алғаш рет аномия түсінігін қабылдаған социолог Э.Дюркгейм. Аномия түсінігін ол «Индивидтің мінез-құлқының анық реттеушілік процестері,моральдық вакуум, ескі нормалар мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым-қатынаста жоқ қоғамдық жағдайды қарастырады»/5/.

Ал қазіргі кезеңдегі автор В.Д.Плаховтың пікірінше аномия таза күйінде кездеспейді, себебі кездейсоқ кездесетін процестердің іішнде бірнеше ықтималдылық заңдылықтар кездесін отырады /6/.

Бірақ бұларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Кез-келген аномия бірге жүреді.және бір бірін толықтырып отырады. Сол сияқты онда нормативті мінез-құлықтың элементтері болады. Осы аталған жағдайлармен келісуге тура келеді. Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды ескеретін болсақ,онда осы мәселелер бізге ауытқитын мінез-құлық белгілерін ажыратуға мүмкіндік береді. Я.Гилинскидің пікірінше әлеуметтік нормаларға қатысты өзінің мазмұны мен мінездемесі жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол әр уақытта емес, бір ғана мезгілде, уақытта, бірақ әртүрліқоғамдар арасындаболуы мүмкін /7/.

Негативті аутқулар- шындық нормалардың қандай да бір аутқуларды да қарастырады(моральдық және құқықтық). Осындай қоғамға тұтастай немесе жеке тұлғаға зиян келтіреді, сол үшін де тек қана қатардағы аутқулар емес (девиация,аномия), патология ретінде қарастырады.

Позитивті аутқулар – бұл қандай да бір жалған нормалардан ауытқу (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян келтірмейді, ол қарама-қарсы оның прогрессивті дамуындағы жосарларына пайдалы.

Қылмыс - ол қылмыстық құқықтың қандай да бір нормаларын бұзатын аутқуды айтамыз.

Деликт – бұл қандай да бір норманың құқықтық түрін бұзатын азаматтық, административтік және басқа да ауытқулар.

Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.

Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары массалық аутқудың формаларына сәйкес келеді, олар әдебиеттерде мынадай түсініктермен анықталады, «девианттық», «заң бұзушылық», «қылмыскерлік», «деликвенттік», «аморальдық».

Сонымен қатар, біз девианттық мінез-құлықтың негізгі категорияларын қарастырдық. Енді осыдан абрып көптеген әлі басы шешілмеген сұрақтар қалады: әлеуметтік нормаларға сәйкес келетін кез-келген нормаларды біз ауытқитын мінез-құлыққа жатқыза аламыз ба? Бұл сұрақ неліктен туып отыр, себебі көптеген авторлар «девианттық мінез-құлық»-деген түсінік екі жақты мағына береді, олар бір жерлерде пайдалы іс-әрекеттерге де қатысты айтылатын ұғым(көбінесе жаңалық ашуболады)/8/. Курыреваның айтуынша, «девианттық мінез-құлық жағымды жағына да бағытталуы мүмкін, мысалы, оның жазуынша – олар көбінде инициатива,кәсіпкерлік»/8/.

Девианттық мінез-құлықтың келесі түрі ретінде, біз – деликвентті мінез-құлықты айтуымызға болады. Яғни заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алады, ол деликвентті мінез-құлық деп аталады.

Құқықтық жәен моральдық нормалар олардың орындалуы мемлекеттік биліктің беделді маңызды және қатысты қарым-қатынасты реттейді. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Құқықтық нормаларды бұзатын мінез-құлықтар, зиянды заңға қайшы болып табылады. Қоғамдық қатынасатрға шектіретін зиянның деңгейін анықтай келе әлеуметтік жиынтықатрдың, топатр мен жекеелген азаматтардың қызығушылығы, сол сияқты әлеуметтік нормалардың бұзылуының түрлерін ауытқитын мінез-құлық түрлерін ажыратуға мүмкіндік туады, оларды келесі жіктерге бөлеміз: деструктивті міенз-құлық, ол тек тұлғаның өміріне зиян тигізеді де қоғам өміріне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды,(жинақтыылқ, фанатизм, конформизм,мазохизм), ассоциалды мінез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға, қоғамға жәен әлеуметтік нормаларға қаарма-қарсы келеді (ішімгерлік,нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік);заңға қарсы мінез-құлықтар(қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар).(№1схеманы қаарңыз)

1Схема


Девианттық мінез-құлық





Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлері


Заңға қайшы мінез-құлық




Деструктивті мінез-құлық


Құқықтық іс- әрекеттер


Ішімгерлік,маскүнемдік, нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік, жезөкшелік


Биморальдық мінез-құлық


Асоциалды мінез-құлық


Қылмыс


Зинақорлық, фанатизм, конфор-мизм, мазохизм








2Схема

Д
Негативті ауытқу


Девиация






евианттық мінез-құлық формаларын индивидуалдық классификациялау


Нейтралды ауытқу




Позитивті ауытқу


Моральдық іс-әрекет


Заң бұзушылық


Деликт


Қылмыс




Девианттық мінез-құлықты қарастырғанда аадмдардың сыртқы ортасы мен оның жеке саалары, девианттық мінез-құлықтың барлық сатыларында болатындағын еске ала отырып, келесілерді бөліп қарастырамыз: мотивацияның құрылуы, девиантты мінез-құлықты жасағандығы туралы шешім қабылдау,қабылданған шешімнің орындалуы.



1.2. Жастардың ауытқитын мінез-құлықтарына социологиялық зерттеу жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері

Қандай социологиялық зерттеу болмасын, ол зерттеуді жүзеге асыру үшін, ойдағыдай етіп орындау үшін алдына екі мәселені талап етіп қояды, яғни, ол теориялық және практикалық негіз. Осы екі жағдайдың сәйкес келіп бір-бірін толықтырып, бірінің кемшіліктерін бірі толықтырып отырып жасалған зерттеу өте үлесті деп атауымызға болады. Кез-келген социологиялық зерттеу жасамас бұрын біз теориялық негізіне талдау жасаймыз, оларға біз алдын ала алғашқы ақпараттарды өңдеу мен сапалы социологиялық зерттеудің бағдарламасын жасау кіреді. Социологиялық бағдарлама дегеніміз қысқаша - ол зерттеу барысында істелетін шаралардың (оның ішіне зерттеудің әдісі, инструментарии, әдістемелік бөлім, зерттеу объектісі, пәні, тапсырмасы, мәселенің жағдайы, құралдары, гипотезасы, нәтижелер мен ұсыныстар, есеп беру кіреді), іс-әрекеттердің жиынтығын қарастырамыз. Біз жастардың девианттық мінез-құлықтарына зерттеу жасамас бұрын осыған сәйкес социологиялық зерттеу жүргізгенді жөн көрдік және оның бағдарламасының келесі теориялық негіздерін қарастырып өтейік.



Социологиялық терминдерге анықтама беру

Социологиялық зерттеулер - бұл сапалы және сандық әдістердің көмегімен өлеуметтік құбылыстардың нақты жағдайын зерттеу құралы.

Зерттеудің негізінде бір мәселе туындайды, оны біз қиындықтар аймағы деп атаймыз;

Мәселенің пәндік аспектісі - бұл арнайы әлеуметтік тапсырма;

Гнесеологиялық аспектісі - ол қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді сезіну және оның шешу әдістері;

Зерттеу объектісі – мәселені қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық аймағы (әлеуметтік процесс, өмір аймағы, жиынтық).

Зерттеу пәні- зерттеуге жататын объектінің көзге көрінетін, маңызды жақтары. Ереже бойынша зерттеу пәні зерттеу тақырыбын құрастырудағы ағымдағы теориялық түсініктермен байқалады. Жекелеген элементтер гипотеза немесе ұйғарымдар формасы ретінде модельге енеді. Гипотезалар түсінідірмелі (социологияға деген қызығушылық студенттің болашақ мамандығына деген қызығушылығынан аңғаруға болады), және бейнелейтін (барлық студенттер социологияны оқуға қызықпайды), және детерминантты студенттің семинар кезіндегі активтілігі экзамендегі бағасына әсер етеді). Теориялық модельдің негізінде жұмыс моделі жасалады, мұнымен қатар теориялық модель нақты объектіге қатысты емес мінездемелердің факторын жоққа шығарады: ол факторлар берілген зерттеудегі нақты жағдайлармен байланысты өлшенбейді; зерттеу жүргізіп отырған субъекті позициясынан басқаруға келмейтін факторлар.

Бағдарламаның процедуралық-методикалық бөлімі ақпарат алу әдістерін, іріктеудің инструменттерін жобалауды таңдауды қосады.



Әдіс - бұл объектіні оның заңдылықтары мен функционалдану негізінде зерттеу жүйесі болып табылады.

Инструмент - арнайы дайындалған құжаттар, осылардың көмегімен объекті туралы ақпараттар жинауды қамтамасыз етеді (анкета, сұхбат бланкісі, бақылау картасы, таблица).

Әдістеме - операциялар жүйесі, осылардың көмегімен валидті (өлшемге байланысты өлшенетін көрсеткіштер), релевантты (ерекшеліктерді бейнелейді) және репрезентативті социологиялық ақпарат.

Ақпарат алудың әдістері: сұрау (анкеталау, сұхбат, эксперттік сұрау, социометриялық сұрау, социологиялық тестілеу); бақылау (стандарттанған және еркін, қосылған немесе қатыспаған, ашық немесе инкогнито, лабораториялық немесе алаңдық); құжаттарды талдау (дәстүрлік, формальданған, контент-анализ); эксперимент (лабораториялық немесе алаңдық, сызықтық немесе паралельді, констат жасайтын немесе құрайтын).

Іріктеу әдісі - объектінің потенциалды жиынтығының (негізгі жиынтықтың) бір бөлшегін зерттеуге арналған және нәтижелері объектінің барлық жиынтығына тарайтын ақпарат алудың әдісін айтады.

Іріктеуді жобалау: негізгі жиынтықтың құрамы мен шекарасын анықтау (тұтастай немесе іріктеулі зерттеу); іріктеудің түрін анықтау (кездейсоқ, квоталы, ұялы, қарапайым және көпсатылы); іріктеудің көлемін анықтау; іріктеудің шектеулі қателерін есептеу (репрезентативтілік); объектіні таңдау технологиясын анықтау.

Репрезентативтілік (өкілеттілік) - негізгі жиынтықтың мазмұнын көрсететін іріктеудің қасиеті.

Іріктеудің көлемін анықтайтын формулалар: п=2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет