НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет65/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

6. 
СЫРТҚЫ
 
САЯСАТ

ТЫҢҒА
 
ТҮРЕН
 
САЛҒАНДАЙ
...
СЫРТҚЫ
 
САЯСАТ
 
СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ
 
ҚАЛЫПТАСУЫ
Егемен мемлекеттің сыртқы саясаттағы 
бағдарын айқындау. Көпполярлы доктрина
Ж
ас мемлекет үшін тырнақалды сыртқы саяси қадамдар ауырға соға-
ды. Қазақстанға өзінің сыртқы саясатын тыңнан бастауға тура келді. 
Сыртқы саяси бағытты қалыптастырудың негізгі қиындығы елдің өз тәуел-
сіздігін тыныш та тұрақты жағдайда емес, мүлдем жаңа геосаяси жағдай-
да бастауында болатын. Дәл осындай кезеңде мемлекеттің Қазақстанның 
мүдделеріне тікелей немесе жанама әсері бар халықаралық процестердегі 
ұстанымдарын мүлтіксіз белгілеу қажет болатын.
КСРО-ның ыдырауы жаһандық және аймақтық деңгейде түрлі зардап-
тар туындатты. Посткеңестік кеңістікте қарулы жанжалдар пайда болды. 
1992 жылдың наурыз-сәуірінде Мохаммед Наджибулла режимінің күйреуі 
Ауғанстанда ішкі соғыстың туындауына әкеліп соқты, мамырда Тәжікстанда 
қақтығыстар басталды. Тұрақсыздық қатері әзірге өз қауіпсіздігі мәселесін 
шеше алмаған, сондықтан әлсіз болып отырған ортаазиялық жаңа мемле-
кеттерге де төнді.
Қазақстанның өз ішіндегі және одан тысқары аймақтағы түрлі күштер 
арандату әрекеттері арқылы қазақстандықтарды бір-бірімен ғана емес, 
сондай-ақ көршілерімен де жанжалдастыруға тырысты. Кеңестік дәуірдің 
ауыр мұраларының бірі – Қазақстан үшін көрші мемлекеттермен аумақтық 
дау-дамай болатын.
КСРО-ның ядролық арсеналының қомақты бөлігіне ие болып қалған 
тәуелсіз Қазақстан жетекші державалардың қатаң бақылау объектісіне ай-
налды. Халықаралық саясатта қалыптасқан стереотиптерге орай, олардың 
өздеріне мүлдем бейтаныс жас мемлекетке деген көзқарасы шу дегенде 
әртүрлі болды. Басында біздегі ақиқатты білмеген олар Қазақстанды ядро-
лық қаруы бар және бүкіләлемдік қоғамдастыққа қатер төндіретін ислам 
мемлекеті деп қабылдады.
Бұл жағымсыз образ бізге ғана емес, сондай-ақ біздің болашақ әріп-
тестерімізге де кедергі келтірді.


88
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қиындық мынада болатын: іс жүзінде Қазақстанда күрделі сыртқы саяси 
міндеттерді шешуге өкілетті кәсіби дипломаттар болмады. Кеңестік дәуірде 
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде негізінен хаттамалық шаралармен 
және халықаралық мәдени әріптестікпен айналысатын бірнеше адам ғана 
жұмыс істеді. Мен күрделі міндеттер шешу алдында тұрған біздің еліміздің, 
дәстүрлі саяси мәселелерді айтпағанда, шетелде бірде-бір өкілділігінің 
жоқтығын, сыртқы саяси мәселелердің қарапайым тәжірибелері де білікті 
мамандары да жоқтығын талай мәрте айтқам.
Бастапқы кезде, басқа да жас тәуелсіз мемлекеттер сияқты, Қазақстан-
ның халықаралық мүдделерін Ресей қорғады. Алайда мұндай амалсыз 
шара ұзаққа созылуға тиіс емес еді. Міндетті түрде өзіміздің сыртқы саяси 
және дипломатиялық жүйемізді жылдам құруымыз керек болатын. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еуразиялық кеңістіктің бола-
шағы әзірге беймәлім болды, біз шетелдік үлгілерді көрсоқырлықпен 
қайталамай, керісінше, тек өзіміздің ұлттық мүдделерімізді басшылыққа 
ала отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын қалып-
тастырдық.
Бірінші бүкілхалықтық президент сайлауы өткеннен кейін, келесі 
1991 жылдың 2 желтоқсаны күні мен қазақстандық сыртқы саясаттың не-
гізгі принциптері мен басым бағыттарын белгіледім. Қазақстан өзінің гео-
саяси жағдайы мен экономикалық әлеуетіне орай аймақтық тар ауқымда 
шектеліп қалмауға тиісті еді. Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуро-
памен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты болатын. Шығыс пен 
Батыс арасындағы өзара түсіністік бір-бірінің ерекшелігін білуіне және 
біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі жолында барлық мүмкіндік-
терді есептеуге байланысты болатын. Дәл осындай саясат жүргізген мен 
Қазақстанның қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір құбылыстың ал-
дын алатынымызға сенімді болдым.
Қазақстанның геосаяси жағдайының ерекшелігін түсіну бізге әлемдік 
алыптармен көрші орналасқан жас мемлекетіміздің болашағын бол-
жай білуге көмектесті. Көптеген адамдар әлсіздік факторы деп есептеген 
нәрсенің бәрін біз, керісінше, табыстың кепілі есебінде қарастырдық. Қа-
зақстанның Еуропа мен Азия арасындағы дәл осындай жағдайы біздің 
көпвекторлы сыртқы саяси бағытымыздың іргетасына айналды.
1991 жылдың өзінде біз Қазақстанды жігерлі түрде әлемге таныта 
бастадық. Сол кезде мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер-
мен, Ұлыбританияның премьер-министрі Джон Мейджормен, Австрия 
канцлері Франц Враницкимен, Герман саясаткерлері – вице-канцлер, 
сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншермен және қаржы министрі 


89
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Теодор Вайгельмен, Австралияның және Иранның сыртқы саясат ведом-
стволарының басшылары – Гарет Эванспен және Али-Акбар Велаяти-
мен, Сингапур премьер-министрі Ли Куан Юмен, Мәскеуде аккредиттел-
ген АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Болгария, Мексика және басқа елдердің 
елшілерімен, сондай-ақ шетелдік бизнес өкілдерімен кездестім. Мен 
Мемлекет басшысы ретіндегі өзімнің ресми сапарымды Түркиядан және 
Ұлыбританиядан бастадым.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізі мемлекеттік деңгейде тұңғыш 
рет отандық дипломаттар үшін практикалық басшылыққа айналған «Қа-
зақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын-
да» қалыптастырылды. Біз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының 
бейбіт сипатын әйгілеп, шекаралардың бұзылмау принципін нақтыладық 
және соғысты мақсатқа жетудің тетігі есебінде жоққа шығарып, Қазақстанның 
әлемдік экономика мен Еуразияның геосаяси картасындағы өз орнын табуға 
деген ниетін ұқтырдық. Стратегия қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды 
бағыттарын белгіледі. Олар «ТМД» – жаңа тәуелсіз мемлекеттер, «Азия-Ты-
нық мұхит аймағы» – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, «азиялық», «еуро-
палық» және «америкалық» бағыттар – сәйкесінше, Таяу және Орта Шығыс, 
Еуропа, АҚШ пен Латын Америкасы болатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақстандық сыртқы саясаттың 
ең байыпты мазмұны – заманауи дипломатия мен өткен тарих арасын-
дағы байланысты түсінуі болды. 1992 жылғы стратегияда біз елдің геосаяси 
жағдайы оның болашағын нақтылайтынын көре білдік. Еуропа мен Азия-
ның - өліара тұсында жатқан ежелгі Қазақстан қашанда қайнаған сауда мен 
саяси байланыстардың аренасы болды. Соған сәйкес, Қазақстан бұрынғы 
КСРО-ның ортаазиялық бөлігін Еуропамен, жылдам дамып келе жатқан 
Азия-Тынық мұхит аймағымен және Азия құрлығының оңтүстігімен байла-
ныстыруға тиісті маңызды стратегиялық рөл атқара алатын.
Халықаралық қатынастарды нөлден бастадық және көп жағдай мемле-
кет және Үкімет басшыларымен, ірі шетелдік компаниялар мен ұйымдардың 
жетекшілерімен тікелей кездесуге және келіссөздерге байланысты болды. 
Сондықтан маған батыл әрекетке кірісуге және, қажет болған жағдайда, біздің 
ұлттық мүддемізге сәйкесетін тараптарда белсенділік танытуға тура келді.
Тәуелсіз Қазақстанның күрделі қалыптасу кезеңі болған 1992 жыл-
дың өзінде мен жұмыс сапарымен Швейцарияда, Австрияда, Үндістан-
да, Пәкістанда, АҚШ-та, Финляндияда, Түркияда, Германияда, Францияда 
болдым. Мұндай қызу қарқын одан кейін де сақталды.
1992 жылы аймақтық қауіпсіздік мүддесіне орай, Қазақстан – Әзер-
байжан – Армян жанжалын басудың жолын іздеуге атсалысты. Сол 


90
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жылдың тамыз айында Алматыда Таулы Қарабах мәселесі бойынша үш-
жақты келіссөздер жүргізілді. Оған Әзербайжанның, Арменияның, Қа-
зақстанның Сыртқы істер министрлері қатысты және ол әскери қақтығыс 
тарды тоқтатудағы шешуші қадам болды.
1992 жылдың жазында біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер 
министрлігін толыққанды институт есебінде құру жұмыстарын аяқтадық. 
Шілде айында мен Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық құрылымдар 
мәртебесі мен өкілеттілігін ресми түрде орнатқан елдердің елшіліктері ту-
ралы Ережені бекіттім, әрі олардың ұйымдастырушылық және кадрлық 
мәселелері шешілді.
Сыртқы істер министрлігі бос жұмыс орындарына республикалық бай-
қау жариялады. Кадрлық және тілдік комиссиялар құрылып, олардың құра-
мына тәжірибелі дипломаттар, оның ішінде бұған дейін КСРО мен Ресей 
Федерациясының сыртқы істер министрліктерінде жұмыс істеген отан-
дастарымыз кіргізілді.
1992–1993 жылдары еліміздің БҰҰ-дағы, Ресейдегі, Қытайдағы, АҚШ-
тағы, Түркиядағы, Франциядағы, Бельгиядағы, Венгриядағы, Ирандағы, 
Үндістандағы, Мысырдағы, Өзбекстандағы, Қырғызстандағы, Әзербайжан 
мен Украинадағы елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктері ашылды.
Мен 1995 жылдың ақпанында өткен сыртқы саясат жөніндегі жиында 
сөз сөйлеп, дипломаттарымыздың назарын ұлттық дипломатия саласында 
жұмыс істеп, Қазақстанның өкілі болатындардың бәріне қойылатын жоға-
ры талаптарға аударуға, сондай-ақ елдің экономикалық және мәдени да-
муына қолдау көрсететін сыртқы саясатпен қамтамасыз ету мәселелеріне 
басымдық бердім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет