НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет73/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

ТӘУЕЛСІЗ
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
 
БАСТАУЫНДА
.
ЖАҢА
 
МЕМЛЕКЕТКЕ
 20 
СЫН
-
ҚАТЕР


МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ


II БӨЛІМ


ҰЛЫ 
БЕТБҰРЫС
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ 
БАСТАЛУЫ 19961999 ЖЫЛДАР


110
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1. 
ҚИЯҒА
 
КӨЗ
 
ТІККЕН
 
ҚАЗАҚСТАН
 
БАРЫСЫ
«
ҚАЗАҚСТАН
-2030» 
СТРАТЕГИЯСЫ
Саяси тұрақтылық арқылы ұзақ мерзімді стратегияға
Б
ір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылдардың ортасында жаңа мемлекет-
тіліктің берік іргетасы қаланды. Онжылдықтың екінші жартысында саяси 
тұрақтылықты 1995 жылдың негізгі оқиғасы аталған екі референдум қамта-
масыз етті. Сол жылдың сәуір айында қазақстандықтар Президент өкілет-
тілігі мерзімін ұзартуды бірау ыздан (95,46 проценті) қолдайтындарын ашық 
білдірді. Ал тамызда дәл осындай басым дауыспен санымен (90 процент) 
жаңа Конституция жобасы жоғары қолдауға ие болды. 
Осы жылдың маусымында Қазақстан халқы Ассамблеясының екінші 
сессиясында, мен өзімді қолдайтын отандастарымның сол сәтте қандай 
ұстанымға ден қойғандарын былайша түсіндірдім: «Табиғатымда реалист 
бола тұра, менің өкілеттілігімді соза отырып, адамдардың тұрақтылыққа
ұлтаралық және азаматтық келісімге дауыс бергенін, барлығымызға сон-
шалықты қажетті қоғамдағы бейбітшілікті сақтауға кепілдік беретін саяси 
бағдарды жалғастыруға дауыс бергенін мен жақсы түсінем...». 
Президенттік республика құру жөнінде берік байламға келе отырып
мен тек осылай еткенде ғана ел басқару ісін жаңа деңгейге көтере алаты-
нымызды түсіндім. Реформаны жүргізуде Президенттің жеке жауапкершілі-
гі ұлғаюымен бірге, өкілеттік аясы да кеңейе түсері белгілі еді. Ендігі уақыт-
та министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президенттің өзі 
тағайындайтын болғандықтан, Парламент бұл іске араласпайтын болды. 
Президенттің ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалатын 
Премьер-Министрге «елімізді дағдарыстан алып шығушы бас менеджер» 
өкілеттігі берілді.
Мен халықтың қолдауымен, нарықтық реформаларды аяқтау және 
өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, жас мемлекеттің іргесін нығайту, мем-
лекеттік құрылыстың алдағы стратегиясын әзірлеу үшін қажетті саяси ман-
дат алдым. 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет