НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет74/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Стратегиялық жоспарлауға көшу 
1990-жылдың бірінші жартысында, экономикалық дағдарыс қыспағына 
түскен кезде, жаңа мемлекет құру және жаңа экономикаға көшу барлық 
істі стратегиялық тұрғыдан дұрыс жоспарлағанда ғана сәтімен жүзеге аса-
тынына сенімді болдым.
Стратегиялық тұрғыдан ойлау, қарышты қадам жасап, кең ауқымда әре-
кет ету – Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларым арқылы 
саяси жоспарлаудың жаңа жүйесін жасаған кезде қолдануға тырысқан бас-
ты ұстанымдарым – осылар еді. 
Парламент мінберінен сөз алған Мемлекет басшысы өз Жолдауын тек 
кәсіби саясаткерлерге ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына арнап айтады. 
Бұл орайда, мен талдап түсіндірген “Жолдау” мемлекеттік саясаттың жаңа 
міндеттерін жалаң баяндау емес, нақты өмірлік жанды мәселелермен нәр-
ленген, жоғары символикалық мәнге ие еді. Жолдаудан мемлекетіміздің 
және қоғамымыздың алдағы жылдардағы даму стратегиясының рухы есіп 
тұрады.
«1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары ту-
ралы» бірінші Жолдау Алматыда 1996 жылдың қазан айында жасалды. 
Мен сөзімді елдің саяси өмірінің негізгі тенденцияларын және ұлттық эко-
номикадағы ахуалды талдаудан бастадым. Жас республиканың халықара-
лық жағдайда өзіне-өзі сенімді болатын реті бар. Өйткені біз қысқа мерзім 
ішінде орасан зор тарихи маңызы бар іс атқардық – еліміздің ұлан-ғайыр 
шекара белдеуінде қауіпсіздік орнап, көрші елдермен арадағы татулықты, 
бейбітшілік пен ынтымақты ту еткен халықаралық-құқықтық іргетасы берік 
саясат салтанат құрды. Мемлекеттік құрылыстағы басты жетістік – Консти-
туция мен айқын да анық мемлекеттік билік жүйесі. 
Экономикалық жағдайдың шынайы ахуалын сараптап, реформалар ба-
рысында жіберілген жекелеген ағаттықтарды мойындай отырып, мен сол 
уақытта ұлттық экономиканы сауықтырудың маңызды мәселелерін атап 
көрсеттім. Елде инфляцияны ауыздықтауға, алтын-валюта қорын құруға
оң сауда теңгеріміне, қаржы тапшылығын төмендетуге, нақты секторда жа-
лақыны көтеруге қол жеткізілді. Әзірге айтарлықтай ауқымды болмаса да, 
өндірістің ұлғаюы, халықтың банктік салымдарының өсуі байқалды, тұтыну 
нарығы тауарлармен толтырылды. 
Одан әрі 1997 жылдың өзекті міндеттеріне көше отырып, мен сыртқы 
сая сатқа кеңінен тоқталып, бұл бағытта өмірге икемділік, салмақтылық, тең-
герімділік пен көпвекторлылық өзгермейтінін атап өттім. Алда заңнамалар-
ды түбегейлі өзгерту реформасы тұрғанына тоқталып, оны Конституция мен 


112
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
сәйкестендіру міндеті туралы айттым. Бірінші кезектегі экономикалық мін-
деттердің қатарына жылдық инфляцияны 4–6%-ке төмендету, экономика-
ны 3–5%-ке көтеру, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы 
жағдай туғызу кірді. 
Сонымен қатар, кейінге ысыруды көтермейтін мәселелерді шешуді, атап 
айтқанда, жалақы мен зейнетақыны кешіктіруге жол бермеуді, жұмыссыз-
дық деңгейін төмендетуді міндеттедік.
Аса ауыр кезеңдерді басынан өткізген көптеген қазақстандықтардың 
жаңа жоспарларға күмәнмен қарауы мүмкін екенін де сездім. Соған қа-
рамастан, Жолдауды оптимистік сарында аяқтауды жөн деп таптым. Алға 
жылжудың негізгі алғышарттары жасалғанын, ендігі жерде батыл бастама 
мен білім, ерік-жігер, шыдамдылық пен табандылық, біліктілік пен жауап-
кершілік бұрынғыдан да қажет екенін, күрделі де жауапты міндеттерді сон-
да ғана орындай алатынымызды айттым.
Алдымызда, мен сол кезде ойлап, жоспарлаған, елді одан әрі жаңғырту 
үшін атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстар күтіп тұр еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет