ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. 1. Шумер-Аккад патшалығын құрған билеуші:
A)Шаруккин
B)Ур ІІІ
C)Лугал-заггиси
D)Нарамсин
E)Эанату
2. Орта ғасырларда Рим папасының атынан сатылатын грамота атауы:
A)Индульгенция
B)Инквизиция
C)Реконкиста
D)Рыцарьлықты бекітетін грамота
E)Гильдия
3. Аспан әлемі жөнінде тұңғыш күнтізбе жасаған:
A)Египеттіктер
B)Үнділіктер
C)Ассириялықтар
D)Қытайлықтар
E)Шумерліктер
4. XVIIІ ғасырда ағылшын парламентінде құрылған екі палата
A)сенаттар, өкілдер
B)монтаньярлар, жирондар
C)лордтар, қауымдар
D)сенаттар, мәжіліс
E)вигилер, торилер
5. Жаңа реализм бағытының өкілі:
A)Ж.Амаду
B)А.Франс
C)Т.Драйзер
D)Р.Роллан
E)У.Фолкнер
6. Берлин трактатына сәйкес Түркияға берілген жер:
A)Эстляндия
B)Баязет
C)Оңтүстік Бессарабия
D)Жерорта теңізі аймағы
E)Сербия
7. Германияның Франция жеріне басып кіруінің негізгі жоспары:
A)«Шлиффен»
B)«Тайфун»
C)«Эдельвейс»
D)«Остланд»
E)«Барбаросса»
8. Солтүстік Ауғанстандағы Мазари-Шариф қаласындағы «Ислам ұлттық қозғалысы» саяси ұйымының жоспары бойынша ұлттық бірлігі қорғалған халық:
A)тәжік
B)түрікмен
C)қырғыз
D)араб
E)өзбек
9. 1990 жылдың 4 қыркүйегінде сайланған Моңғолияның тұңғыш президенті:
A)П.Очирбат
B)Н.Багабанди
C)Х.Чойбалсан
D)Ж.Батмунх
E)Ю.Цеденбал
10. Түркия тарихының ең қиын кезеңдері болған жылдар:
A)1950-1960 жж.
B)1980-1990 жж.
C)1970-1980 жж.
D)1960-1970 жж.
E)1990-2000 жж.
11. Римдіктер мен карфагендіктер арасындағы соғыстың атауы:
A)Сицилия
B)Пелопоннес
C)Пуни
D)Отызжылдық
E)Жүзжылдық
12. 1428 жылы Киото қаласының маңында өткен жапондық шаруалар көтерілісінің негізгі талабы:
A)Шетелдіктердың ықпалын тоқтату
B)Қарыздарды жою
C)Салықтарды азайту
D)Сегундардың билігін шектеу
E)Жердің көлемін көбейту
13. Қайта өркендеу дәуірінің суретшісі:
A)Гюстав Курбе
B)Франсуа Буше
C)Винсент ван Гог
D)Рафаэль Санти
E)Антуан Ватто
14. 1707 жылы ағылшын парламентімен арадағы унияны заңдастырған ел:
A)Италия
B)Франция
C)Германия
D)Испания
E)Шотландия
15. 1922 жылы Б. Муссолини жорық жасаған қала:
A)Рим
B)Генуя
C)Неаполь
D)Венеция
E)Турин
16. 1917 жылы сәуірде Бірінші дүние жүзілік соғысқа кірген ел:
A)Франция
B)Ұлыбритания
C)Нидерланды
D)АҚШ
E)Жапония
17. 1953 жылы қыркүйек айында КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған:
A)М. Горбачев
B)И. Сталин
C)К. Черненко
D)Л. Брежнев
E)Н. Хрущев
18. 1687 жылы І Петр құрды:
A)Мәдениет коллегиясын
B)Теңіз коллегиясын
C)Тыңшылық институтын
D)Преображенск полкін
E)Боярлар Думасы
19. 1685 жылғы Потсдам эдиктісінің маңызы:
A)Француз гугенот-протестанттар Берлинге қоныстандырылды
B)Католиктер мен протестанттардың жауласуын тоқтатты
C)Пруссия герцогтігі Польшаға зығырға деген тәуелділіктен құтылды
D)Отызжылдық соғыс аяқталды
E)Католиктер мен православиялықтардың жауласуын тоқтатты
20. 1687 жылы Ресейде ашылған оқу орны:
A)славян, грек-латын жоғары мектебі
B)шіркеу мектебі
C)сурет мектебі
D)сәулет өнері академиясы
E)орыс емшілерінің мектебі
ДЭН СЯОПИН (1904-1997 жж.)
Дэн Сяопин Сычуан провинциясында дүниеге келді. 1920 жылы Францияға кетіп, сонда «Рено» автомобиль зауытында жұмыс істейді. 1924 жылы Қытай партиясының еуропалық бөлімшесіне мүше болады. 1926 жылы КСРО-ның астанасында шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде және Сун Ятсен атындағы Қытай еңбекшілерінің университетінде білім алады. Келесі жылы Қытайға оралып, әскери саяси қызметкер міндетін атқарады. 1945 жылы ол ҚКП ОК мүшесі, 1949 жылы – Қаржы министрі, ал 1956 жылы ҚКП ОК бас хатшысы лауазымына сайланады. Д. Сяопин реформалары VI бесжылдықта оң нәтижелер көрсетті. Д. Сяопин экономикалық реформа үшін күресте, кез келген саясат «дұрыс» бағытта болса, онда өндірістік күштердің дамуына, мемлекеттік табыс қуатының артуына және халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне жағымды және нәтижелі ықпал етуі керек деп түсінді. 1992 жылы Д. Сяопин «социализм» түсінігінен «қоғамдық меншік жағдайын» алып тастап, социализмнің жаңаша ұғымын жариялады. Бұл Қытайдың нарықтық экономикаға көшуіне зор әсер етті. Дегенмен, ол үлкен өзгерістер енгізе отырып: «Біздің тегіміз – капитализм емес, социализм» - деп атап өтті.
21. Дэн Сяопин 1920 жылы оқыған мемлекет
A)Франция
B)АҚШ
C)КСРО
D)Англия
E)Италия
22. Д. Сяопин мүше болған партия
A)демократиялық
B)коммунистік
C)либералдық
D)республикалық
E)социалистік
23. Д. Сяопиннің түсінігі бойынша «дұрыс» саясаттың көздегені
A)қоғамдық меншікті көбейте отырып, мемлекет табысын көтеру
B)экономикалық бағытты өзгертіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру
C)халықтың жағдайын жақсарту арқылы мемлекет қазынасын толтыру
D)өндірістік күштерді дамыту арқылы қоғамдық меншікті көбейту
E)экономикалық қатынастарды мемлекет бақылауынан шығару
24. Д. Сяопин реформаларының оң нәтижелері көрінген уақыт
A)ХХ ғ. 70 жылдардың ортасы
B)ХХ ғ. 80 жылдардың І жартысы
C)ХХ ғ. 70 жылдардың І жартысы
D)ХХ ғ. 70 жылдардың ІІ жартысы
E)ХХ ғ. 80 жылдардың ІІ жартысы
25. Д. Сяопин: «Біздің тегіміз – капитализм емес, социализм» - дей отырып, көздеген экономикалық реформаның мақсаты
A)орталықтанған директивті жоспарлы экономикаға ауысу
B)социалистік құрылысты сақтай отырып, нарықтық экономикаға көшу
C)нарықтық қатынастар орнатып, капиталистік құрылысты қалыптастыру
D)«социализм» ұғымынан қоғамдық меншік жағдайын бөлу
E)капиталистік құрылыстан «кемелденген социализмге» көшу
26. Ғылым тарихында тұңғыш екі телескопты құрастырған оқымысты (-лар):
A)Д.Боас
B)Н.Коперник
C)И.Ньютон
D)К.Линней
E)Р.Франсуа
F)Б.Джордано
G)Л.Винчо
H)Г.Галилей
27. Атақты сазгер Георг Гендель музыканы дамытып, еңбегін сіңірген ел (-дер):
A)Англия
B)Германия
C)Чехия
D)Франция
E)Бельгия
F)Норвегия
G)Голландия
H)Испания
28. Ежелгі Египетке III Тутмос перғауынның тұсында алым төлеп отырған мемлекет (-тер):
A)Нубия
B)Ассирия
C)Парсы
D)Вавилон
E)Урарту
F)Палестина
G)Хетт
H)Финикия
29. Ортағасырлық ғұлама Омар Һайямның еңбегі(-тері)
A)«Күн сағаты туралы трактат»
B)«Алгебра және әлмұқабала мәселерін дәлелдеу туралы»
C)«Уағыз үлгілері»
D)«Екі тілдің таласы»
E)«Астрономия кестесі»
F)«Дәрігерлік ғылым каноны»
G)«Үш сауалға жауап»
H)«Болмыс және борыш туралы трактат»
30. Эрнест Хемингуэйге қатысты анықтама (-лар):
A)«Евгений Онегин» дастанының авторы
B)Қайта өрлеу дәуірінің белгілі жазушысы
C)Антикалық заман тақырыбын зерттеген
D)«Жүз жылдық жалғыздық» романың жазған
E)ХХ ғасырдағы атақты американ жазушысы
F)Өткір әлеуметтік проблемаларды зерттеген
G)Ұлыбританияда өмір сүріп, қызмет еткен
H)Сыншыл реализмнің өкілі
31. Египет билеушісі ІІ Рамзес хеттерге Кадеш түбінде ойсырата соққы беріп басып алған жер (-лер):
A)Колхида
B)Үндістан
C)Кавказ
D)Лидия
E)Палестина
F)Сирияның оңтүстігі
G)Парфия
H)Мидия
32. ХІІ-ХІІІ ғасырларда Германиядағы тәуелсіз қала-коммуна (-лар):
A)Леон
B)Аусбург
C)Любек
D)Флоренция
E)Вена
F)Гамбург
G)Пенза
H)Генуя
33. XX ғасырдың басында сегіз держава Қытайда талқандауға қатысқан қозғалыс (-тар):
A)Жыңғылдықтар
B)Бабшылдар
C)Жапондықтар
D)Сары орамалдылар
E)Гайдуктер
F)Ихэтуандар
G)Ақ Лотостар
H)Конфуцийшілдер
34. Халықаралық жағдайды шиеленістірген Абхазия, Оңтүстік Осетия, Аджария мәселелері туындаған ел (-дер):
A)Шешенстан
B)Тәжікстан
C)Әзірбайжан
D)Югославия
E)Молдавия
F)Ресей
G)Армения
H)Грузия
35. 1929 жылы Италия егемендігін мойындаған мемлекет (-тер):
A)Чехословакия
B)Фашистік Германия
C)Австрия
D)Эфиопия
E)Албания
F)Испания
G)Ватикан
H)Польша