ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1-мәтін
1. Наурызым қорығы – Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. Бұл қорыққа 1931 жылы 320 000 гектар жер берілсе, 1966 жылы ауданы 87,7 мың гектарға ықшамдалды.
2. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі өседі.
3. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан-жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.
1. Көктемде жыл құстарының ұшып келуінің себебі
A)су көздерінің молдығынан
B)орманды алқап болғандығынан
C)жәндіктердің мекені болған соң
D)балықтар мекен еткендіктен
E)таулы аймақ болғандықтан
2. Үшінші азатжолда айтылған мәлімет
A)Жоғары сатыдағы өсімдіктер өседі.
B)1931 жылы мемлекеттік қорғауға алынды.
C)Құстардың 250-дей түрі мекендейді.
D)Саны азайып бара жатқан құстар кездеседі.
E)Қорықтың ауданы ықшамдалды.
2-мәтін
Ауа райы болжамы
Есте жоқ ерте замандардан бері адамзат баласы ауа райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені олардың көшпелі өмірі ауа райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы ауа райын дәл айта білу де – кез келген адамға беріле бермейтін қасиет. Қазақтар, негізінен, мұндай адамдарды «жұлдызшылар» деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа райын болжауда кеңінен пайдаланады. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті (балықшылық, егіншілік т.б) серік еткен ата-бабаларымыздың ауа райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.
Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер, ауа райы бұзылады деген сөз екен. Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тымық күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі.
Бұлттар ауа райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың жобасы сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге шоғырланып, тез қозғалып бара жатса, ауа райының бұзылуы анық.
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа райы бұзылады.
3. Шағала суға қонған кездегі ауа райы
A)жел соғады
B)жаңбыр жауады
C)ашық болады
D)боран болады
E)аяз болады
4. Мәтінде көтерілген мәселе
A)табиғатты танудағы негізгі ұстанымдар
B)табиғат пен адам арасындағы байланыс
C)кәсіп иелерінің көзқарастары
D)қазақ жорамалдары мен ырымдары
E)мезгілге байланысты құбылыстар
5. Салқын күні терезе әйнегі терлесе
A)Күн жылынады
B)Дауыл соғады
C)Күн суытады
D)Нөсер болады
E)Ауа райы бұзылады
6. Мәтін бойынша болжамдардың дұрысы
1. Бұлттар шоғырланып тез қозғалса, күн ашық, тымық болады.
2. Шағала құмдақтың бетінде жүрсе, ауа райы бұзылады.
3. Бұлттардың жобасы сирек болса, дауыл болады.
A)екінші, үшінші
B)бірінші, екінші
C)тек екінші
D)барлығы дұрыс
E)бірінші, үшінші
Достарыңызбен бөлісу: |