АДАМ. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚ. Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. 1. Адамдардың өзара қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы:
A)баспасөз
B)ғаламтор
C)кітап
D)тіл
E)телефон
2. Ғалымдардың айтуынша 40 мың жыл бұрын пайда болған адамның түрі:
A)питекантроп
B)синантроп
C)саналы адам
D)гоминид
E)епті адам
3. Мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шаралар:
A)Мәдени ұйым
B)Мәдени орта
C)Мәдени бағыт
D)Мәдени ұжым
E)Мәдени әрекет
4. Нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын механизм:
A)капитал
B)өндіріс
C)кәсіпорын
D)нарық
E)қаражат
5. Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті атайды:
A)себеп
B)әрекет
C)мақсат
D)қызмет
E)мотив
6. Ерекше вето құқығы берілген тұлға:
A)Ұлттық Банк төрағасы
B)Премьер-министр
C)Жоғарғы сот
D)Президент
E)Бас прокурор
7. Жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші:
A)зияттылық коэффициенті
B)дарындылық
C)әлеуметтік белсенділігі
D)рухани қабілет
E)әлеуметтік мобильділік
8. Мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын, және пайдаланатын, белгілі бір аумақта өмір сүретін социум:
A)Мәдени шара
B)Мәдени әрекет
C)Мәдени орта
D)Мәдени игіліктер
E)Мәдени бағыт
9. 1789 жылы Адам және азамат құқықтарының декларациясы қабылданған мемлекет:
A)АҚШ
B)Англия
C)Германия
D)Польша
E)Франция
10. Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы:
A)Кортес
B)Сенат
C)Мәжіліс
D)Сейм
E)Бас штаттар
11. Адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі:
A)Зият
B)Тұлғалық
C)Дарын
D)Даралық
E)Жад
12. Адамның шығармашылық қызметі деп бағаланатын әрекеті:
A)Ұйымдастыра білу қабілеттілігі
B)Қоршаған ортаны түйсінуі
C)Өзін-өзі қорғай білуі
D)Материалдық және рухани құндылықтар жасау
E)Өмір сүру қабілеттілігі
13. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең екендігі бекітілген Конституцияның
бөлімі:
A)Соттар және сот төрелігі
B)Конституциялық кеңес
C)Парламент
D)Адам және азамат
E)Жалпы ережелер
14. Жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі аталады:
A)Командалық экономика
B)Жоспарлы экономика
C)Ақша айналымы
D)Нарықтық экономика
E)Төлем дағдарысы
15. Абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде сол мезетте өмір сүретін іштей шексіздік:
A)эго
B)жеке адам
C)индивид
D)талант
E)даралық
16. Сөйлеу мәдениеті ұғымына тән емес белгі:
A)екпінді дұрыс қою
B)стильді сақтау
C)грамматиканы ескеру
D)іс жүргізу
E)дыбыстау ережелерін сақтау
17. Құлиеленуші және феодалдық болып сатыға жіктелетін мемлекет тұрпаты:
A)Пост-индустриялы
B)Демократиялы
C)Индустриялы
D)Аграрлық
E)Алғашқы қауымдық
18. Дұрыс сәйкестікке келтіріңіз:
1. Қаулы; 2. Үкім; 3. Шешім; А. Сот; Б. Үкімет; В. Мәслихат A)1-Б; 2-А; 3-В.
B)1-В; 2-А; 3-Б.
C)1-Б; 2-В; 3-А.
D)1-В; 2-Б; 3-А.
E)1-А; 2-В; 3-Б.
19. Азаматтардың билікке қатысу жағдайларының айқындалуынан көрініс беретін құқық:
A)Мәдени
B)Азаматтық
C)Әлеуметтік
D)Саяси
E)Экономикалық
20. Техника мен құрал-жабдықтар жатқызылатын тұлға мәдениетінің санаты:
A)мәдени әрекет
B)мәдени кезең
C)мәдени игілік
D)мәдени ұжым
E)мәдени орта
«Мәміленің жарамдылық шарттарының бірінші тобын мәміле мазмұнына қатысты шарттар заңдылық құрайды. Мәміле заңға, заңға тәуелді актілерге және кез келген басқа құқықтық нормаларға сәйкес болып, оларға қайшы келмеуі керек.
Eкінші топ мәміле қатысушыларының әрекетқабілеттілігіне байланысты шарттардан тұрады. Мәміле жарамды болу үшін оны құқыққабілетті тұлға жасауы керек. Егер мәмілеге қатысушылары әрекетқабілетсіз болса олардың заңды өкілдері жүргізуі тиіс.
Yшінші топ мәміленің субъективті жағына қатысты ерік пен еркін білдірудің сәйкестігі шарттарынан тұрады. Соңғылар мәміленің мәні болып табылады.
Шарттың төртінші тобы мәміленің нысанын сақтауға қатысты. Келісім күшіне енеді және ол жасалған сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады. Заң бойынша мәміле жазбаша немесе ауызша түрде жасалуы мүмкін. Мәміленің ауызша нысаны нотариалды бекітуді немесе мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміле жарамды деп танылатын жағдайлар: мәміле жасасудың заңды негіздері; тараптардың әрекетқабілеттілігі мен қалауын білдіру еркіндігі; мәміле нысандарын қатаң сақтау».
21. Mәміле белгілеріне жатпайды
A)заңға қарсы келмейтін құқықтық әрекет
B)құқықтық факт, мәміле жасауға ықпал ететін нақты өмірлік жағдай
C)жекетұлғаның даралануына ықпал ету
D)еріктілері актісі – мақсатты бағытталған әрекет
E)азаматтық құқықтық қатынастардың туындауына бағытталған
22. Mәміленің жарамдылық шарттары бөлінеді
A)2 топқа
B)6 топқа
C)3 топқа
D)5 топқа
E)4 топқа
23. Заң немесе тараптардың келісімі бойынша жазбаша не өзге де арнайы нысанды қажет етпейтін келісім
A)қарапайым жазбаша мәміле
B)биржалық мәлімдеме
C)мәміленің ауызша нысаны
D)конклюденттік мәміле
E)нотариалды жазбаша мәлімдеме
24. Mәміленің жарамсыз деп танылуға негіз болатын жағдайлар
A)мәміле ауызша немесе заңды түрде жасалғанда
B)нотариалды бекітіліп, мемлекеттік тіркеуден өткенде
C)мәмілені құқыққабілетті тұлға жасағанда
D)құқықтық нормаларға сәйкес болғанда
E)14 жасқа толмаған жасөспірімнің жасағаны
25. Mәмілені жарамдылық шартына сәйкес келмейтінін анықтаңыз
I. Мәмілені әрекетке қабілетті азамат жасауы керек II. Мәміле заңға, құқықтық нормаларға сәйкес жасалады III. Заң бойынша мәміле тек ауызша жасалады IV. Мәміленің жазбаша түрі нотариалды бекітілуі тиіс A)IV
B)I, IV
C)III
D)II
E)I, II
26. «Адам шығармашылығы саналылық пен санасыздықтың синтезі» -деп есептеген философ (-тар):
A)Сократ
B)Аристотель
C)И.Кант
D)З.Фрейд
E)Гераклит
F)Ф.Ницше
G)Ф.Шеллинг
H)А.Швейцер
27. Тұлға мәдениетінің санаты (-тары):
A)ұрпақ
B)игілік
C)тәсіл
D)ынта
E)күш
F)билік
G)әрекет
H)орта
28. Адамның рухани өмірінің қалыптасуына әсер ететін мүмкіндігі (-тері):
A)шығармашылық
B)әрекет
C)қоғам
D)қабілет
E)табиғат
F)тұрмыстық жағдайы
G)әлеуметтік тегі
H)денсаулық
29. Өндіріс факторлары элементтерін ұғымдарымен сәйкестендіріңіз:
1. Жер. 2. Капитал 3. Еңбек 4. Кәсіпкерлік А. Адамның өндірісті ұйымдастыру қабілеті В. Адам ресурсы, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі мен тәжірибесі С.Табиғи ресурстардың барлығы Д.Өндіріс құралдарының жиынтығы, адамдардың қолымен өндірілген материалдық игіліктер A)1-Д; 2-В; 3-А; 4-С
B)1-А; 2-Д; 3-С; 4-В
C)1-В; 2-А; 3-Д; 4-С
D)1-С; 2-В; 3-А; 4-Д
E)1-В; 2-С; 3-Д; 4-А
F)1-А; 2-С; 3-В; 4-Д
G)1-С; 2-Д; 3-В; 4-А
H)1-Д; 2-С; 3-А; 4-В
30. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген міндет (-тер):
A)мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
B)медициналық көмек алу
C)орта білім алу
D)салықтар мен алымдарды төлеу
E)тұрғылықты мекенді таңдау
F)мемлекеттік органдарға жүгіну
G)қай партияға жататынын анықтау
H)сот арқылы қорғалу
31. Экономикалық жүйе түрі(-лері):
A)жоспарлы
B)дамушы
C)қозғалмалы
D)дәстүрлі
E)нарықтық
F)тұрақты
G)қоғамдық
H)өндіргіш
32. Мазмұнына қарай қоғамдық қатынастар жіктеледі:
A)материалдық
B)ұлттық
C)рухани
D)ауылдық
E)қалалық
F)рулық
G)табиғи
H)сапалық
33. Мемлекетті басқару формасы конституциялық монархиядағы ел (-дер):
A)Жапония
B)Франция
C)Түркия
D)Италия
E)Германия
F)Ұлыбритания
G)Ресей
H)АҚШ
34. Сезімдік танымның негізгі формасы (-лары):
A)Елестетім
B)Түйсінім
C)Ұғым
D)Пікір
E)Қабылданым
F)Зерде
G)Ой қорыту
H)Ақыл-ой
35. Логикалық ойлаудың жоғары формасы (-лары):
A)ақиқат
B)түсінік
C)ой қорытым
D)қабылданым
E)ұғым
F)пікір
G)түйсінім
H)елестетім