1 – тақырып: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Топтағы 25 студенттің бақылау жұмысы бойынша алтауы 5, тоғызы 4, жетеуі 3, қалғаны 2 алды. Сәтіне қарай аталған студенттің 2 алған студент болуының ықтималдығын табыңыз.
2 - тақырып: Ықтималдықты табуда комбинаторика элементтерінің қолданылуы Бір қатарда отырған 6 студентке таратылып берілген 6 есептің екеуі ғана бірдей есептер. Осы екі есептің қатар отырған студенттерге тиуінің ықтималдығын табыңыз.
Нұсқау: жағдай – есептері бірдей екі студент - студенттер жұбы; қолайлы жағдай – студенттерді солдан оңға қарай нөмірлегенде сол жағындағысының нөмірі оң жағындағысының нөмірінен бірге кіші болатын студенттер жұбы ( (1-ші, 2 – ші), (2-ші, 3-ші), ...).