6 – нұсқа 1 – тақырып: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Тасталған екі ойын сүйегінің екеуінде де 3 ұпайдың түспеуінің ықтималдығын табыңыз.
2 - тақырып: Ықтималдықты табуда комбинаторика элементтерінің қолданылуы 2 қызыл, 3 көк және 5 ақ доп бар салынған қораптан сәтіне қарай алынған 2 доптың біреуінің қызыл, екіншісінің көк болуының ықтималдығын табыңыз.
Ұзындығы 10 см. АВ кесіндісінде сәтіне қарай белгіленген нүтеден А және В нүтелеріне дейінгі қашықтықтарының кішісінің 2 сантиметрден артпауының ықтималдығын табыңыз.
1. Радиусы 4 см. дөңгелекте сәтіне қарай белгіленген екі нүктенің осы дөңгелекке іштей сызылған дұрыс алтыбұрышқа:
а) екеуінің де түсуінің ықтималдығын табыңыз;
ә) тым болмаса біреуінің түсуінің ықтималдығын табыңыз;
б) екеуінің де түспеуінің ықтималдығын табыңыз;
в) біреуінің ғана түсуінің ықтималдығын табыңыз.