«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Нұсқа 1
Оқушының аты – жөні:
1. Суретте әр түрлі заттардан жасалған көлемдері бірдей үш дене көрсетілген. Олардың тығыздықтары . Ең кіші массаға ие денені табыңыз.
А) 1 дене
В) 2 дене
С) 3 дене
D) Денелердің массалары бірдей
[1]
3. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ...
A) Артқа қарай қозғалады
B) Тыныштықта қалады
C) Алға қарай қозғалады
D) Оңға қарай қозғалады
[1]
4. Күнделікті өмірден инерция құбылысына екі мысал келтіріңіз.
[2]
5. Суретте серіппенің қатаңдығын анықтау жолы көрсетілген.
a) Серіппенің ұзаруын анықтаңыз.
___________________________________________________[1]
b) Жүк салмағын анықтаңыз.
__________________________________________________ [2]
c) Серіппе қатаңдығын анықтаңыз.
__________________________________________________[3]
|
|
[6]
Тапсырма 6
-
Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсуі керек?
-
Ұзындығы 10 см серіппе 4 Н күштің әсерінен 2 см ұзарды. Егер осы серіппеге 6 Н күш әсер етсе, ол қаншаға ұзарар еді?
[4]
7. Графикте серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі көрсетілген.
Серіппенің k қатаңдық коэффициентін анықтаңыз. [3]
Тапсырма 8
Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз.
-
Бормен тақтаға жазу;
-
Қыстыгүні жолдардың тайғанақ болуы;
-
Конькимен сырғанау;
-
Автокөлік жолының кедір-бұдыр болуы;
-
Велосипед тетіктерінің тоттануы;
[3]
Жалпы: [20]
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Нұсқа 2
Оқушының аты – жөні:
-
Қай суретте ауырлық күшінің векторы дұрыс кескінделген?
-
1
-
2
-
3
-
4
[1]
2. Неліктен жолға мұз қатқан кезде автокөліктің тежелу жолы өте үлкен болады? Жол апатынан қалай құтылуға болады?
[2]
3. Суретте бос мензурка, сұйық құйылған мензурка және мензуркадағы сұйыққа бірдей шарлар салынған сурет көрсетілген.
а) Суретте берілген мәліметтер бойынша сұйықтың тығыздығын анықтаңыз.
[2]
b) Бір шардың көлемін, массасын және шар жасалған материалдың тығыздығын табыңыз.
[4]
Тапсырма 4
Зәйтүн майының бос бөтелкесінің массасы 0,51 кг, ал зәйтүн майымен толтырылған бөтелкенің массасы 0,97 кг.
-
Зәйтүн майының массасын есептеңіз.
-
Бөтелкедегі зәйтүн майын 250 мл –лік үш мензуркаға бөліп құяды. Алғашқы екеуі толтырылды, ал үшіншісі төмендегі суретте көрсетілген.
[3]
-
Үшінші мензуркадағы зәйтүн майының көлемі неге тең?
-
Бөтелкедегі зәйтүн майының көлемі неге тең?
-
Зәйтүн майының тығыздығы неге тең?
[4]
Тапсырма 5
Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушелердің массалары қандай болады? А 2,7 г/см3, М 8,9 г/см3.
[3]
Жалпы: [20]
Достарыңызбен бөлісу: |