Нұсқа 1 Оқушының аты – жөні



Дата14.05.2020
өлшемі420,4 Kb.
#68098
Байланысты:
1544696613 (1)


«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Нұсқа 1

Оқушының аты – жөні:

1. Суретте әр түрлі заттардан жасалған көлемдері бірдей үш дене көрсетілген. Олардың тығыздықтары . Ең кіші массаға ие денені табыңыз.

А) 1 дене

В) 2 дене

С) 3 дене

D) Денелердің массалары бірдей

[1]


3. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ...

A) Артқа қарай қозғалады

B) Тыныштықта қалады

C) Алға қарай қозғалады

D) Оңға қарай қозғалады

[1]


4. Күнделікті өмірден инерция құбылысына екі мысал келтіріңіз.

[2]



5. Суретте серіппенің қатаңдығын анықтау жолы көрсетілген.

a) Серіппенің ұзаруын анықтаңыз.


___________________________________________________[1]
b) Жүк салмағын анықтаңыз.
__________________________________________________ [2]
c) Серіппе қатаңдығын анықтаңыз.
__________________________________________________[3]



[6]
Тапсырма 6



  1. Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсуі керек?

  2. Ұзындығы 10 см серіппе 4 Н күштің әсерінен 2 см ұзарды. Егер осы серіппеге 6 Н күш әсер етсе, ол қаншаға ұзарар еді?

[4]

7. Графикте серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі көрсетілген.




Серіппенің k қатаңдық коэффициентін анықтаңыз. [3]

Тапсырма 8
Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз.

  1. Бормен тақтаға жазу;

  2. Қыстыгүні жолдардың тайғанақ болуы;

  3. Конькимен сырғанау;

  4. Автокөлік жолының кедір-бұдыр болуы;

  5. Велосипед тетіктерінің тоттануы;

[3]
Жалпы: [20]

«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Нұсқа 2

Оқушының аты – жөні:



  1. Қай суретте ауырлық күшінің векторы дұрыс кескінделген?



  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

[1]
2. Неліктен жолға мұз қатқан кезде автокөліктің тежелу жолы өте үлкен болады? Жол апатынан қалай құтылуға болады?
[2]
3. Суретте бос мензурка, сұйық құйылған мензурка және мензуркадағы сұйыққа бірдей шарлар салынған сурет көрсетілген.

а) Суретте берілген мәліметтер бойынша сұйықтың тығыздығын анықтаңыз.



[2]

b) Бір шардың көлемін, массасын және шар жасалған материалдың тығыздығын табыңыз.



[4]
Тапсырма 4
Зәйтүн майының бос бөтелкесінің массасы 0,51 кг, ал зәйтүн майымен толтырылған бөтелкенің массасы 0,97 кг.



  1. Зәйтүн майының массасын есептеңіз.

  2. Бөтелкедегі зәйтүн майын 250 мл –лік үш мензуркаға бөліп құяды. Алғашқы екеуі толтырылды, ал үшіншісі төмендегі суретте көрсетілген.

[3]


  1. Үшінші мензуркадағы зәйтүн майының көлемі неге тең?

  2. Бөтелкедегі зәйтүн майының көлемі неге тең?

  3. Зәйтүн майының тығыздығы неге тең?

[4]

Тапсырма 5

Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушелердің массалары қандай болады? А  2,7 г/см3, М  8,9 г/см3.



[3]
Жалпы: [20]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет