Нұсқаулар / құраст.: Г. Р. Кабжанова, У. Д. Буркитбаева. Павлодар : Кереку, 2011. 44 б. Бұл әдістемелік нұсқауларда «Топырақтану»


Тақырып. Топырақ ылғалдылығын анықтау



бет25/27
Дата08.02.2022
өлшемі61,72 Kb.
#117991
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Топырақтану

Тақырып. Топырақ ылғалдылығын анықтау




Сабақтың мақсаты: топырақ ылғалдылығын анықтау әдісін үйрену.

Тапсырма:


  1. Топырақтың ылғалдылық қасиеттерін зерттеу және оларды бағалаумен танысу;

  2. формулалар бойынша топырақтың ылғалдылығын процент және мм өлшемімен анықтау.

  3. алынған нәтижелерге баға беру.

Көрнекті құралдар: топырақтың физикалық қасиетін анықтайтын ППЛ-9 құралы.
Топырақтың құрамында әрқашан да белгілі бір мөлшерде ылғал болады. Топырақта ылғал жауын-шашыннан түскенде, ыза суларының көтерілуі арқылы, атмосфера ауасындағы су буларының конденсациялануы кезінде және топырақты суландыру шараларын жүргізгенде жиналады. Суармалы емес аймақтарда топырақтағы ылғалдың негізгі көзі жауын-шашын ылғалы. Топырақтағы ылғал оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физикалық-химиялық құбылыстардың пәрменділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Сөйтіп, топырақтың құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерінің дамуына, түзілуіне әсер етеді.
Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар А.А.Измаильский (1851-1914), Г. Н. Высоцкий (1865-1940), А. Г. Дояренко (1874-1958), С. И. Долгов (1905-1977), И. А. Качинский (1894-1976), А. А. Роде (1897-1979).
А. А. Роденің классификациясына сәйкес топырақтағы ылғал бес категорияға бөлінеді. Олар: қатқан су, химиялық байланысқан ылғал, су буы, физикалық байланысқан ылғал, еркін су.
Топырақ құрамындағы ылғалдың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, оның ылғалдылық қасиеттері болып есептелінеді. Негізгі ылғалдылық қасиеттер мыналар: топырақтың су сыйымдылығы, су тұтқыштығы, ылғалды көтергіштігі, су өткізгіштігі.
Табиғи ылғал сыйымдылық топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, тығыздығына байланысты. Ауыр механикалық құрамды, құрылымы жақсы топырақта табиғи су сыйымдылығы 30-35, ал құмды топырақта 10-15% болып келеді.


Топырақтың ылғал өткізгіштігі 1 шаршы ауданы бар алаңнан судың бағанасы 5 см, ал оның температурасы 100С болғанда, 1 сағатта топырақта өтетін су мөлшерімен өлшенеді. Н. А. Качинскийдің ылғал өткізгіштілікті бағалауы келесідей:
Ылғал өткізгіштілік,
мм 1 сағатта Бағалау
1000-нан жоғары. құлама
1000-500. артық, өте жоғары
500-100. өте жақсы
100-70. жақсы
70-30. қанағаттандырарлық
30-дан төмен. нашар
Топырақтың ылғал көтергіштігі – қылтүтік күштері арқылы астыңғы қабаттардан жоғары қарай ылғалдың көтерілуін сипаттайды.
Жер асты (ыза) судың деңгейінен қылтүтік күші арқылы құмды топырақ ылғалды 0,5-0,7 м-ге, ал саздақ – 3-6 м-ге көтеруі мүмкін.
Тәжірибе жүзінде топырақты қолданғанда, оның ылғалдылығын анықтап, оған баға беру қажет болады. Іс жүзінде топырақ ылғалдылығын кептіріп өлшеу әдісі арқылы анықтау кеңінен таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет