10. Лавразия құрамында болған материк
A) Антарктида
B) Африка
C) Еуразия
D) Аустралия
E) Оңтүстік Америка
Дұрыс жауабы: С.
Лавразия құрамында Еуразия мен Солтүстік Америка материктері ұзақ уақыт бірге болған. Ал Гондвана Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия мен Антарктида материктерінің жиынтығынан тұрды. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 21 б.
|
11. Солтүстік Қазақ жазығы мен Тұран жазығын жалғастыратын қолат
A) Жоңғар
B) Атырау
C) Торғай
D) Сарыарқа
E) Қаратау
Дұрыс жауабы: С.
Торғай үстірті орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды. Ол Батыс Сібір жазығын (Солтүстік Қазақ жазығы) Тұран ойпатымен жалғастырады. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 62 б.
|
12. Уақыт ауысу сызығы өтетін меридиан
A) 120°
B) 180°
C) 0°
D) 60°
E) 90°
Дұрыс жауабы: В.
Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың (уақыттың) ауысу сызығы белгіленді. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Бұл күнтізбенің датасының шамаланған шекарасы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы – жаңа күні басталады. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 16 б.
|
13. Батыс Қазақстан өнеркәсібінің дамыған салалары
A) мұнай, газ
B) полиметалл
C) мыс, көмір
D) қорғасын, мырыш
E) түсті металлургия
Дұрыс жауабы: А.
Батыс Қазақстан өнеркәсібінің дамыған салалары – мұнай, газ және химия өнеркәсіптері. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 237 б.
|
14. Есіл – Ертіс даласының ең үлкен тұщы көлі
A) Шағалалытеңіз
B) Ақкөл
C) Шалқар
D) Сілетітеңіз
E) Қорғалжың
Дұрыс жауабы: А.
Есіл – Ертіс даласы Есіл – Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген сазбалшықтарынан түзіліп, оның бетін палеоген дәуірінің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені – Шағалалытеңіз көлі. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 180 б.
|
15. Мемлекет басшысы діни жетекші қызметін атқаратын монархия
A) федерациялық
B) конституциялық
C) абсолюттік
D) теократтық
E) унитарлық
Дұрыс жауабы: D.
Теократтық (грек. тheos – құдай, kratos – билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады. Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2014. – 84 б.
|
16. Анд тауындағы ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің тобы
A) гилея
B) ломас
C) гуано
D) пума
E) гаруа
Дұрыс жауабы: В.
Анд тауларында түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 141 б.
|
17. Түйе шаруашылығы дамыған облыстар
A) Атырау, Маңғыстау
B) Қызылорда, Ақмола
C) Ақтөбе, Павлодар
D) Солтүстік Қазақстан, Қарағанды
E) Шығыс Қазақстан, Қостанай
Дұрыс жауабы: А.
Түйе шаруашылығына республиканың Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары маманданған. Түйе шөл, шөлейт және дала зоналарында өсіріледі. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 162 б.
|
18. Жетісу, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт, Мұғалжарды зерттеген саяхатшы
A) А.Н. Краснов
B) А.И. Левшин
C) С.С. Неуструев
D) Н.А. Северцев
E) И.В. Мушкетов
Дұрыс жауабы: D.
Н.А. Северцевтің (1827-1885 жж.) Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұспа-тұс келеді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Содан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 33 б.
|
19. Луара өзені ағып өтетін ел
A) Бельгия
B) Испания
C) Германия
D) Дания
E) Франция
Дұрыс жауабы: Е.
Өзен торы жиі орналасқан Франция аумағын Луара, Рона, Сена және Гаронна ірі өзендері кесіп өтеді, ал Германиямен шекарасында Рейн өзені жатыр. Оқулық: Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 131 б.
|
20. 3 санымен берілген физикалық-географиялық аймақ
A) Сарыарқа
B) Сауыр-Тарбағатай
C) Тянь-Шань
D) Шығыс Еуропа
E) Тұран жазығы
Дұрыс жауабы: Е.
Талапкер берілген картадан 3 санымен белгіленген физикалық-географиялық аймақты анықтауы қажет. Ол үшін талапкер Тұран жазығының географиялық орнын ажырата алуы шарт. Тұран – Қазақстанның оңтүстігінде батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 173 б.
|
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған
тест тапсырмалары
1. Материктік арал (-дар)
A) Гренландия
B) Британ аралдары
C) Мадагаскар
D) Әулие Елена
E) Канар
F) Исландия
G) Азор
H) Гавай
Дұрыс жауабы: А, В, С.
Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 5 б.
|
2. Трансқазақстан теміржолындағы станса (-лар)
A) Алматы
B) Қостанай
C) Тараз
D) Шу
E) Қызылорда
F) Түркістан
G) Петропавл
H) Қарағанды
Дұрыс жауабы: D, G, H.
Қазақстанның орталық бөлігі арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік аудандарын байланыстырып, Трансқазақстан деп аталатын Петропавл – Ақмола – Қарағанды – Мойынты – Шу теміржолы тартылды. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 182 б.
|
3. Ауыр түсті металл (металдар)
A) магний
B) платина
C) титан
D) мырыш
E) қалайы
F) қорғасын
G) алтын
H) алюминий
Дұрыс жауабы: D, E, F.
Ауыр түсті металдар тобына мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, никель жатады. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 101 б.
|
4. Африканың монархиялы елі (елдері)
A) Нигер
B) Чад
C) Египет
D) Нигерия
E) Свазиленд
F) Лесото
G) Судан
H) Марокко
Дұрыс жауабы: E, F, H.
Африка аумағында бар болғаны үш монархия (Лесото, Свазиленд, Марокко) сақталып қалған. Оқулық: Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 266 б.
|
5. Жапонияның жеңіл автомобильдер өндіретін ірі концерні (концерндері)
A) «Рено»
B) «Хонда»
C) «Мерседес»
D) «Ниссан»
E) «Крайслер»
F) «Фольксваген»
G) «БМВ»
H) «Тойота»
Дұрыс жауабы: B, D, H.
Жапонияда өндірісте ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары пайдаланылады, сондықтан әлемдік нарықта «Тойота», «Ниссан», «Хонда» концерндерінің автомобильдері америкалық және еуропалық үлгілермен бәсекелесе алады. Оқулық: Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 36 б.
|
6. Еуразиядағы тектоникалық көл (-дер)
A) Ыстықкөл
B) Сарез
C) Каспий
D) Венерн
E) Ладога
F) Арал
G) Байкал
H) Жайсан
Дұрыс жауабы: A, G, H.
Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған. Мұндай көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. Тектоникалық көлдердің мысалдарына Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстықкөл, Алтайдағы Жайсан жатады. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 133 б.
|
7. Аустралияның Орталық жазықтарында кездесетін пайдалы қазба (-лар)
A) никель
B) мыс
C) алюминий
D) мұнай
E) газ
F) темір
G) уран
H) алтын
Дұрыс жауабы: D, E.
Аустралияның Орталық жазықтарында мұнай мен газдың мол қоры бар. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 103 б.
|
8. Ауыр өнеркәсіп саласы (салалары)
A) мал шаруашылығы
B) химия
C) электр энергетикасы
D) сауда
E) аяқ киім
F) тоқыма өнеркәсібі
G) құрылыс материалдары
H) ғылым
Дұрыс жауабы: B, C, G.
Ауыр өнеркәсіпке отын, электр энергетикасы, түсті металлургия, қара металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдары салалары жатады. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 68 б.
|
9. Алтай тауының ең биік шыңы (4506 м)
A) Сарышоқы
B) Бебақан
C) Тастау
D) Мұзтау
E) Талғар
F) Бесшоқы
G) Ақсораң
H) Иманбұлақ
Дұрыс жауабы: D.
Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506 м). Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 192 б.
|
10. Еуразия материгінің шеткі нүктелері
A) Кабу-Бранку, Пиай
B) Пиай, Рока
C) Мерчисон, Принц Уэльс
D) Принц Уэльс, Челюскин
E) Челюскин, Дежнев
F) Дежнев, Ине
G) Мерчисон, Кабу-Бранку
H) Ине, Рас-Хафун
Дұрыс жауабы: B, E.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77°43ʹ с.е. 104°18ʹ ш.б.) мен оңтүстіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйісі (1°16ʹ с.е. 103°30ʹ ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км. Батыстағы шеткі нүктесі – Рока мүйісі (38°47ʹ с.е. 9°34ʹ б.б.) мен шығыстағы шеткі нүктесі – Дежнев мүйісі (66°05ʹ с.е. 169°40ʹ б.б.) аралығындағы қашықтық 16000 км-ге жуық. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 175 б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |