НұСҚаулар бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары


Мәтіндегі сипатталған оқиға бойынша қазақ хандарын анықтаңыз



бет2/4
Дата04.01.2022
өлшемі56,3 Kb.
#109551
түріНұсқаулар
1   2   3   4
Байланысты:
Tarikh 2

Мәтіндегі сипатталған оқиға бойынша қазақ хандарын анықтаңыз:

A) Тәуке мен Жәңгір

B) Қасым мен Хақназар

C) Мамаш пен Тахир

D) Тәуекел мен Есім

E) Керей мен Жәнібек

Дұрыс жауабы: E

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, Алматы, Атамұра, Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 жыл, 210-бет.


13.Жәңгір ханның 600 сарбазымен жоңғардың 50 мыңдық әскеріне қарсытұрған шайқас:

A) Аңырақай

B) Аягөз

C) Қалмақ қырылған

D) Орбұлақ

E) Бұланты

Дұрыс жауабы: D

Жәңгір ...600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты. ...Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген Жәңгірдің санаулы сарбаздары жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрды.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық , С. Жолдасбаев. 2012 ж. 171–бет; Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 ж. 174-бет, С.Жолдасбаев, 216-бет.

14. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр бойында бекініс тұрғызған мемлекет:

A) Қоқан хандығы

B) Бұқар әмірлігі

C) Ресей

D) Қытай


E) Хиуа хандығы

Дұрыс жауабы: E

Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерін Хиуа хандығы да жасады. Мәселен, 1835 жылы ....Сырдария өзенінің сол жағалауына Қожанияз және Жаңақала әскери бекіністері бой көтерді.

Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық, З.Қабылдинов және т.б. 2012 жыл. 159-бет. Ж.Қасымбаев. 2012 жыл. 106-бет, 2016 жыл,144-бет

15. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде жалдамалы жұмысшылар шабуыл жасаған форт:

A) Қазалы

B) Пресногорковск

C) Жайық


D) Александровск

E) Бейнеу

Дұрыс жауабы: D

«1870 жылғы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады...»

Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық,Ж.Қасымбаев. 2012 жыл. 147-бет. 2016 жыл,232-бет,З.Қабылдинов және т.б. 2012 жыл. 204-205-беттер,
16.1867-1868 ж. реформа бойынша Сырдария облысына енген уездер:

A) Павлодар, Семей, Өскемен

B) Көкшетау, Петропавл, Омбы

C) Ырғыз, Торғай, Қостанай

D) Жизақ, Елек, Қазалы

E) Қазалы, Шымкент, Ходжент

Дұрыс жауабы: E

Облыстар уездерге бөлінді. Сырдария облысында: Қазалы, Шымкент, Перовск, Ходжент, т.б.

Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық, З.Қабылдинов және т.б. 2012 жыл.197-бет. Ж.Қасымбаев. 2016 жыл.219-бет

17. ХІХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстанда орыс ақыны А.С. Пушкин болған жерлер:

A) Омбы, Семей

B) Өскемен, Зайсан

C) Орынбор, Орал

D) Жетісу, Сырдария

E) Маңғыстау, Торғай

Дұрыс жауабы: C


1833 жылы А.С. Пушкин Қазақстанның сол кездегі орталығы-Орынборда болды. Ұлы ақынның Орынбор және Орал өңірінде болуы оның шығармашылығындағы елеулі кезең еді. Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық, Ж.Қасымбаев. 2012 жыл. 133-бет, 2016 жыл,203-204беттер, З.Қабылдинов және т.б. 2012 жыл. 307-бет.
18. Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар:

A) Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынұлы

B) С. Сейфуллин, Ш. Қосшығұлов, Ж. Ақбаев

C) Ш. Қосшығұлов, А. Бірімжанұлы, М. Тынышпайұлы

D) А. Асылбеков, М. Масанчи, А. Розыбакиев

E) М. Шоқай, Ә. Бөкейханов, С. Сейфуллин

Дұрыс жауабы: C

Ресейдің 1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына Қазақстаннан мына азаматтар сайланды:Ақмола облысынан - Ш.Қосшығұлов, Торғай облысынан-А.Бірімжанов.

Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық З.Қабылдинов және т.б. 2012 жыл. 262-бет. Ж.Қасымбаев. 2012 жыл. 214-бет.
19. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі жазылды:

A) Х ғасырда

B) ХІ ғасырда

C) ІХ ғасырда

D) ХІІ ғасырда

E) ХІІІ ғасырда

Дұрыс жауабы: B

Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.) өзінің атақты «Құт негізі-білік»(«Құтадғу білік») атты еңбегімен белгілі. Өмір сүрген уақытына қарасақ, 1021-1075 жылдар-ХІ ғасыр болады.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық , С. Жолдасбаев. 2012 ж. 92–бет,2016 жыл, 109-бет; Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 ж. 125-бет,

20.1643 жылы жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан:

A) Тахир

B) Есім


C) Тәуекел

D) Жәңгір

E) Жолбарыс

Дұрыс жауабы: D


Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса-көктеп кірді. Жәңгір асығыс, қол жинауға үлгермей, 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық , С. Жолдасбаев. 2012 ж. 171–бет, 2016жыл, 216-бет.Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 ж. 237-бет.
21. 1709ж. 27 маусымда І Петр армиясы шведтерді жеңген шайқас:

А) Куликово

B) Бородино

C) Нева


D) Полтава

E) Пуатье

Дұрыс жауабы: D

1709 жылы Полтава шайқасы мен Гангут мүйісі және Гренгам аралында өткен екі теңіз шайқасынан кейін 1721жылы 30 тамызда Ништадта орыс-швед бейбіт бітіміне қол қойылды.

Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы-

на арналған оқулық / Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы.,Алматы:

«Мектеп», 2016. §7. 73-бет.
22. 1872 жылы Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі:

A) Армстронг

B) М.Дэвид

C) С.Роус

D) Виккерс

E) Ю.Рейтер

Дұрыс жауабы: Е

1872 ж. ағылшын капиталисі барон Ю.Рейтер шахтан 70 жыл мерзімге мұнай және басқа да табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алды. Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы.,Алматы: «Мектеп», 2016. §25. 223-бет.


23.1815ж. 18 маусымында Наполеон Бонопарттың соңғы шайқасы болған жер:

A) Ватерлоо түбінде

B) Лейпциг түбінде

C) Бородино даласында

D) Аустерлиц қаласында

E) Трафальгар мүйісінде

Дұрыс жауабы: А

1815ж. 18 маусымында Ватерлоода француздарға қарсы жетінші одақ құрылып, олардың біріккен әскерлері мен Наполеон армиясының арасында соңғы шайқас болды. Наполеон жеңілісе ұшырап , екінші рет тақтан кетуге мәжбүр болды.

Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы-

на арналған оқулық / Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы.,Алматы: «Мектеп», 2016. §2. 28-бет.
24.1939 жылы фашистік Германия басып алған ел:

A) Ресей


B) Ұлыбритания

C) Польша

D) Бельгия

E) Франция

Дұрыс жауабы: С

1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия әскері Польшаға баса-көктеп кірді. Польшаға шабуыл жоспары 1939 жылдың 11 сәуірінде дайындалған болатын. Немістің 57 дивизиясына қарсы 33 поляк дивизиясы ерлікпен шайқасты. Жылжымалы топ бөлімшелеріне сүйенген Гитлер әскері майданды бірнеше жерден бұзып, Польша әскерін бөлшектеп, екі апта ішінде талқандады.

Дүниежүзі тарихы . Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арнал-

ған оқулық. К. Қожахметұлы, Ә. Шүпеков, М. Ғұбайдуллина., Алматы «Мектеп» 2013 ж. §21, 97 бет; 2013ж. §15, 88 бет


25. 1774 ж. АҚШ-та тұңғыш Құрылықтық конгресс болған қала:

A) Нью-Йорк

B) Филадельфия

C) Ричмонд

D) Балтимор

E) Бостон

Дұрыс жауабы: В

1775-1783 жылдардағы Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды.1774ж. Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс жиналды.

Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы-на арналған оқулық/ Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы.,Алматы:«Мектеп», 2016ж. §6, 57,58 беттер, 2012ж. §3, 36,37 беттер

26. Эфталит мемлекетінде сауда қолөнер орталығы болған қалалар:

A) Бұхара, Мерв

B) Герат, Самарқан

C) Сейстан, Гандхар

D) Үргенш, Термез

E) Лахор, Нишапур

Дұрыс жауабы: С

Эфталит мемлекетінде ірі қалалар көп болды. Солардың ішінде Кей-Кобад, Сейстан және Гандхар қалалары сауда және қолөнердің орталығы болды.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. 7-сыныбына арналған оқулық/

С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра» 2012.§7. 31-бет.
27. 1453 жылы Жүз жылдық соғыста француздар жеңіске жеткен жер:

A) Пуатье маңында

B) Компьен түбінде

C) Орлеан қаласында

D) Азенкур маңында

E) Бордо түбегінде

Дұрыс жауабы: Е

XIV ғ. Англия мен Франция арасында тарихтағы ең ұзақ соғыс басталды. Ол біраз үзілістермен жүз жылдан астам уақытқа (1337-1453 жылдар аралығы) созылды.1453ж. 17 шілдеде Бордо түбегіндегі шайқас француздар пайдасына шешілген соң , ағылшындар Франциядан кетуге мәжбүр болды.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық / С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра»

2012.§13. 59-бет.
28. Б.з. ІІІғ Араб түбегінде өмір сүрген патшалық:

A) Парсы


B) Аббас

C) Бағдат

D) Лахмид

E) Кордова

Дұрыс жауабы: D

Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында Арабия түбегінде Лахмид патшалығы өмір сүрді. Лахмид әулетінің билеушілері тұсында тұсында бұл патшалық дамыған ірі мемлекетке айналды. Бұл патшалық ҮІІ ғасырдың басына дейін сасанилік Иранға тәуелді болды.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық / С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра»

2012.§4. 21-бет.

29. «Бұл соғыстың бізге еріксіз әкеп таңылғаны жұрттың бәріне мәлім.

1918 жылдың басында біз бұрынғы соғысты бітірген едік, ал жаңа соғысты

бастаған жоқпыз, сонда млн-даған ақшасын оңды-солды шашқан Антантаның

көмегі арқасында ғана ақгвардияшылардан батыста, оңтүстікте, шығыста

бізге қарсы аттанғанын жұрттың бәрі біледі...».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет