НұСҚаулар бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары


Мәтін бойынша Қытай Халық Республикасы құрылған уақытты анықтаңыз



бет4/4
Дата04.01.2022
өлшемі56,3 Kb.
#109551
түріНұсқаулар
1   2   3   4
Байланысты:
Tarikh 2

Мәтін бойынша Қытай Халық Республикасы құрылған уақытты анықтаңыз:

A) 1947 ж.

B) 1949 ж.

C) 1950 ж.

D) 1951 ж.

E) 1948 ж.

Дұрыс жауабы: B

Қазіргі дүние жүзі тарихы (1914-2004жж.) хрестоматия./ Қожахметұлы К., Шүпеков Ә., Ғұбайдуллина М., Алматы «Мектеп»,2005.128-129 беттер








Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары
1.ХІХ ғасыр ортасындағы Сыр бойы қазақтарының патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы(-лары)

А) Д. Тәжіұлы

В) Ж. Нұрмұхамедұлы

С) И. Тайманұлы

D) Е. Көтібарұлы

Е) М. Өтемісұлы

F) С. Датұлы

G) И. Тіленбайұлы

H) Е. Көкіұлы

Дұрыс жауабы - В, D

Оқулық: Қазақстан тарихы, Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т., 2016ж, 122-123 беттер

Сыр өңірі қазақ халқы үшін қашан да стратегиялық маңызды өлке.Осы өлкені патша отаршыларынан қорғауда аянбай ерлік көрсеткен халық батырлары, көтерілісшілердің басшылары Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы болған. Жауап нұсқаларындағы берілген тұлғалардың барлығы елдің батыс өңірінде көтеріліске шыққан халық батырлары. Яғни, Сырдария өңіріндегі көтеріліс туралы мәліметерде аттары кездеспейді.


2. 1868-1870 жылдары қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күрестері болған облыстар:

А) Орал


В) Жетісу

С) Маңғыстау

D) Сырдария

Е) Ақмола

F) Семей

G) Торғай

H) Омбы

Дұрыс жауабы - А,С,G

Оқулық: Қазақстан тарихы, Ж.Қасымбаев, 2016 жыл, 229-231- бет

Қабылдинов З.Е.,Қайыпбаева А.Т, 2016 жыл.171бет

1867-1868 жылдардағы Патша үкіметінің Уақытша Реформасының салдарынан жалпы халықтың әлеуметтік дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Міне бізге жеткен деректер бойынша Орал, Торғай, Маңғыстау өңірлерінде ұлт-азаттық көтерілістер болады. Семей, Ақмола, Сырдария, Омбы, Жетісу өңірлерінде болған көтерілістер туралы нақты мәліметтер болмағандықтан; логикалық тұрғыдан еліміздің батыс өңірлерінде болған қарсылықтарды Патша үкіметі аяусыз жазалағанын оқушылар тез еске түсіре алады.

3. Батыс Түрік қағанатының билігі осы қағандардың тұсында күшейді:

А) Тардуш

В) Үшлік


С) Бумын

D) Мұқан


Е) Шегу

F) Қара-Еске

G) Ештеми

H) Тон


Дұрыс жауабы - A,E,H.

Оқулық Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жолдасбаев С.2012 жыл, 9 бет.

Батыс Түрік қағанатының билігі Тардош, Шегу, Тон қағандардың тұсында күшейгенін табу барысында талапкер, ерте орта ғасырлардағы империялық дәрежеде ел басқара білген тұлғалардың өнегелі істерінен өнеге алады. Жауап нұсқаларында берілген Үшлік Түргеш қағанатының, ал Бумын, Қара-Еске, Мұқан, Ештеми қағандар Түрік қағанатының ел билеушілері екенін талапкер ажыратып, талдай алады.
4.Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жастарының бас қолбасшысы болып сайланған хан:

А) Абылай

В) Әбілқайыр

С) Сәмеке

D) Тәуекел

Е) Тәуке


F) Хақназар

G) Муқан


Н) Уали

Дұрыс жауабы: В

1726 жылы күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық құрылтай болып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары қатысты. Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілхайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды.

Ж. Қасымбаев, 8-сынып. Алматы «Мектеп» 2012ж . 11- бет.

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. 8-сынып. «Атамұра», 2012, 18 бет.
5. XVI ғасырдың 80-90 жылдары билік құрған қазақ ханы:

A) Жәңгір

B) Бұрындық

C) Тәуке


D) Қасым

E) Тәуекел

F) Хақназар

G) Абылай

Н) Уали

Дұрыс жауабы: E) Тәуекел

«Тәуекел 1582-1598 жылдары хандық билік етті». Бұл сәйкесінше XVI ғасырдың 80-90 жылдары. 7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы, С. Жолдасбаев. 2012 ж. 166–бет. Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 ж. 226-бет.
6. Қазақ жеріндегі Моңғол шапқыншылығына дейінгі мәдениет қайраткерлерін анықтаңыз:

А) Асан Қайғы

В) М.Х. Дулати

С) Әбілғазы

D) Қ. Жалайыри

Е) М. Қашғари

F) Қодан-Тайшы

G) Қ.А. Иасауи

H) Ж. Баласағұн

Дұрыс жауабы - E, G, H

Оқулық С. Жолдасбаев, Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Алматы «Атамұра» 2012, 92-94 беттер.

Мұнда берілген сұраққа жауап беру арқылы бала тарихи кезеңмен рухани мәдениет өкілдерін өзара байланыстыра отырып; сараптап тез арада бірнеше жауаптың мәнін аша алуға бейімделеді. Мысалы: ХІІІ ғасыр басында монғол шапқыншылығы болды десек; Асан Қайғы, Әбілғазы, Қодан-Тайшы, Қ. Жалайыри, М.Х.Дулатилар сол ХІV- ХVІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген ғұламалар. Ал М.Қашғари, Қ.А. Иасауи, Ж.Баласағұн біздің еліміздің территориясында монғол шапқыншылығына дейін өмір сүрген ғұламалар екені белгілі.


7. ХVІ ғасырда билік жүргізген қазақ ханы(-дары):

А) Жәнібек

В) Қасым

С) Жәңгір



  1. Керей

  2. Хақназар

  3. Тәуке

G) Тәуекел

H) Әбілқайыр

Дұрыс жауабы - B,E,G.

Оқулық Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жолдасбаев С. 2012 жыл, 159-162 беттер

Бұл сұраққа жауап беру барысында бала біртұтас қазақ хандығындағы жеке тұлғалардың өзіндік ерекшеліктеріне мән беріп, хронологиялық кезеңіне сыни талдау жасай отырып; ХVІ ғасырда билік жүргізген хандарды анықтайтын болады.Мұндағы Керей мен Жәнібек ХVғасырда, ал Әбілқайыр мен Тәуке ХVІІІ ғасырда билік жүргізген хандар. Жәңгір болса ХVІІ ғасырда билік жүргізген хан. Яғни, ХVІ ғасырдағы қазақ хандары ретінде Қасымды, Хақназарды, Тәуекелді логикалық тұрғыдан табуға ыңғайлы.
8. 1870 жылы отаршылдыққа қарсы Маңғыстауда болған көтерілістің басшысы (-лары):

А) И. Тіленбайұлы

В) И. Тайманұлы

С) Д. Тәжіұлы

D) Ж.Тіленшіұлы

Е) М. Өтемісұлы

F) А. Қошайұлы

G) Л. Мантайұлы

H) М. Айболатұлы

Дұрыс жауабы - А, С

Оқулық Қабылдинов З.Е.,Қайыпбаева А.Т, 2016 жыл.171бет

1870 жылы отаршылдыққа қарсы Маңғыстауда болған көтерілістің басшыларын анықтау барысында оқушы көтеріліске шыққан халықты бастаған тұлғаларды басқа тұлғалармен салыстыра талдау жасау арқылы көтерілістің тарихи маңыздылығына мән беретін болады.Жауап нұсқаларында берілген И. Тіленбайұлы мен Д. Тәжіұлынан басқа тұлғалардың барлығы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында болған көтерілістерге қатысушылар. Яғни, «А» деңгейлі сұрақтың жауабын табу барысында бала нақты мәліметті білетіндігін дәлелдейді.


9. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісте әскердің жеке отрядтарын басқарған қазақтың батыры (-лары):

А) Сұраншы

В) Сегізбай

С) Жантөре

D) Базарбай

Е) Бұхарбай

F) Сансызбай

G) Ағыбай

H) Елемес

Дұрыс жауабы - А, Е,G

Оқулық: Қазақстан тарихы, Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т., 2012 жыл.146-149беттер; 2016.105-109беттер

Патриоттық негізде берілген сұраққа жауап беру барысында баланың ел қорғаған батырлардың ерлік істерінен үлгі-өнеге алуға деген дұрыс көзқарасы қалыптасады. Ұлттың азаттығы үшін ұйымдасқан бұл соғысқа әрбір рудың басшылары жеке отрядты бір тудың астына біріктіре отырып; Кенесарыны ортақ хан көтереді. Көтеріліс барысында антына берік Сұраншы, Бұхарбай, Ағыбай батырлар үнемі Кенесарының негізгі тірегі бола білді. Ал жауап нұсқаларындағы Сегізбай, Базарбай, Сансызбай, Жантөре, Елемес атты батырлар туралы мәліметтер Кенесары көтерілісі барысында айтылған деректерде кездеспейді.


10. ХVІІІ ғасырдың соңында Патшалы Ресей үкіметі тағайындаған Кіші жүз ханы(-дары):

А) Сырым

В) Есім

С) Жантөре

D) Айшуақ

Е) Батыр


F) Әбілхайыр

G) Ералы


H) Бөкей

Дұрыс жауабы - В, D,G

Оқулық: Қазақстан тарихы, Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т., 2016 ж,54 бет

ХVІІІ ғасырдың соңында Патшалы Ресей үкіметі тағайындаған Кіші жүз хандарын анықтау барысында талапкер Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Патшалы Ресей үкіметі Кіші жүздің ішкі саясатына барынша араласудың нәтижесінде жеңіске жеткенін есіне түсіреді.Кіші жүз ханы Нұралыны тақтан тайдырғаннан кейінгі кезеңде кіші жүзде бұрыннан қалыптасқан хан сайлау рәсімінің мән-мағынасы кетіп; нәтижесінде Патшалы Ресей тарапынан тағайындалған хандар: Есімді, Айшуақты, Ералыны халықтың хан ретінде қабылдай қоймағанын көтеріліс барысы туралы деректерден анықтайды. Ал жауаптар нұсқаларында берілген Батыр, Жантөре сұлтандар және Әбілқайыр мен Бөкей бірі ХVІІІ ғасырдың басындағы, бірі ХІХ ғасыр басындағы қазақ хандары.


11. Франктер кезеңінде латынша «үйдің үлкені», «басшысы» деген мағына білдіретін сөз(-дер):

A) граф


B) монах

C) майордом

D) дворян

E) абат


F) герцог

G) феод


H) рыцарь

Дұрыс жауабы: C

Майордом латынша «үйдің үлкені», «басшысы» деген мағына білдіреді.Франк империясында король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға та-

ғайындайтын.Майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде қалып отыратын.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық / С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра»

2012.§2. 12-бет.

12. Шығыс славян тайпа(-сы,-лары):

A) болгар

B) белорус

C) хорват

D) черногор

E) поляк

F) орыс


G) словак

H) украин

Дұрыс жауабы:B, F, H

Еуропада кең тараған славян тайпаларын үш топқа бөлуге болады. Батыс славян тайпаларының жерінде қазіргі чех, словак және поляк халықтары қалыптасты. Оңтүстік славяндар Балкан түбегіндегі қазіргі кездегі болгар, серб, хорват, словен, черногор халықтарының арға атасы болып саналады.Шығыс сла-вяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегі болып табылады.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық / С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра»

2012.§7. 34-бет.
13. Ресейдегі 1861 жылғы «19 ақпан ережесі» бойынша помещиктерге тиым салынды:

A) басқа сословиеге ауысуға

B) рұқсатсыз сыртқы сауда жасамауға

C) айырбас сауда жасауға

D) шаруаларды айырбастауға

E) шаруаларды кепілдікке беруге

F) жылжымайтын мүлік иеленуге

G) шаруаларды сатып алуға

H) оброк алуға

Дұрыс жауабы: D,E,G

1861 жылғы «19 ақпан ережесі» бойынша шаруаларға жеке бас бостандығы

берілді. Помещиктердің енді шаруаларды сатуға, сатып алуға, сыйлық, кепілдік ретінде беруге, айырбастауға құқықтары болмады.

Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбы-

на арналған оқулық / Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы., Алматы:

«Мектеп», 2016. §20. 177-бет.
14. 1878 жылы қабылданған Берлин трактаты негізінде тәуелсіздігі бекітілген ел(-дер):

A) Болгария

B) Украина

C) Румыния

D) Хорватия

E) Венгрия

F) Сербия

G) Герцоговина

H) Польша

Дұрыс жауабы: C,F

1878 жылы 13 маусымда шақырылған Берлин конгресі Сан-Стефанода қабыл-

данған шешімдерді қайта қарау туралы мәселелерді талқылай бастады.Кон-

гресс жұмысы нәтижесінде Берлин трактатына қол қойылды. Ол бойынша Черногория, Сербия және Румыния тәуелсіздігі бекітілді.

Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы-

на арналған оқулық / Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы.,Алматы:

«Мектеп», 2016. §29. 260-бет.


15.1950-1960 жылдары тоталитарлық социализмге қарсы көтеріліс болған елдер:

A) Польша

B) ГДР

C) Румыния



D) КСРО

E) Венгрия

F) Монғолия

G) Албания

H) Қытай

Дұрыс жауабы: А,B,E

«Тоталитарлық социализм Еуропа өркениеті дамуының табиғи-тарихи үрдісіне қайшы келді. Польшадағы, ГДР-дегі 1953 жылғы көтеріліс және басқа елдердегі ереуілдер, 1956 жылғы венгр көтерілісі және 1968 жылғы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және басқа социалистік елдердің әскерлерімен басып-жаншылды».

Дүниежүзі тарихы . Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбы-

на арналған оқулық. К. Қожахметұлы, Ә. Шүпеков, М. Ғұбайдуллина. Алматы «Мектеп» 2013. §20-21. 122-бет.
16.Ұлы Карл империясының ыдырауы нәтижесінде құрылған елдер:

A) Бельгия

B) Франция

C) Германия

D) Италия

E) Испания

F) Англия

G) Дания


H) Польша

Дұрыс жауабы: B,С, D

«Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы Карл қайтыс болғаннан кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 жылы Карлдың балалары мен немерелері Верден қаласында империяны бөлісу жөніндегі келісім жасады. Кіші ұлына империяның батысы, ортаншысына-шығыс бөлігі, ал ең үлкен немересіне Италия тиді. Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді».

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7-сы

ныбына арналған оқулық. С. Мәшімбаев және т.б. Алматы «Атамұра» 2012.

§2. 14-бет.


17. Ахейлік қала-мемлекет(-тер):

A) Мемфис

B) Фивы

C) Микены

D) Тушпа

E) Ашшур


F) Тиринф

G) Пилос


H) Вавилон

Дұрыс жауабы: C,F,G

Ахей мемлекеті оңтүстік Грекиядағы Пелопонес аймағында орналасқан. Осы

аймақта Крит мемлекетінен кейін бірнеше ахейлік қала-мемлекеттер пайда болған. Олар Микены, Пилос, Тиринф және тағы басқалар.

Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Алматы «Атамұра» 2016.

§16. 109,110-бет.


18. «Русская правда» заңына қатысты дерек(-тер):

A) шаруалар мүддесі үшін қолданды

B) діни жоралар үшін қолданды

C) сауданы күшейту мақсатында қолданды

D) кінәз мүддесін қорғады

E) ІV Иван қабылдады

F) 1072 жылы жасалды

G) 1082 жылы жасалды

H) ағайынды Ярославичтер жасады

Дұрыс жауабы: D,F

Шамамен 1072 жылы үш ағайынды Ярославичтер Киевте жаңа кінәздік заң-«Русская правданы» жасады. Ол қауым мүшелері үшін қатаң заң болды.Оның әрбір бабы кінәз мүддесін қорғады.

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық / С. Мәшімбаев және тб. Алматы: «Атамұра»

2012.§7. 34-бет.

19. 1898 жылғы келісім бойынша Қытайдың Ресейге жалға берген иеліктері:

A) Сары теңіз жағалауындағы жерлер

B) Порт-Артур

C) Цзяочжау бухтасы

D) Шығыс темір жол торабы

E) Гуанжоувань бухтасы

F) Шаньдун

G) Циндао порты

H) Ляодун

Дұрыс жауабы: B,H

1898 жылдың басында орыс-қытай келісімі бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегін жалға берді.

Дүниежүзі тарихы (1640-1914). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы-

на арналған оқулық / Н.Алдабек, Р.Бекіш, К.Қожахметұлы., Алматы:

«Мектеп»,2016. §29. 258-бет.
20. Франциядағы «дирижешілдер» идеясының мақсат(-ы,-тары):

A) фашизмді қолдау

B) социализмді қолдау

C) «Бонпартизмді» қолдау

D) шіркеуді мелекеттен бөлу

E) тоталитарлық жүйені орнату

F) экономиканы мемлекет арқылы реттеу

G) кәсіподақтарды жою

H) ұлы империя құру

Дұрыс жауабы: F

1920-30жылдары Францияның жоғары лауазым иелері арасында мемлекет арқылы экономиканы реттеу идеясы қалыптасты. Мұндай нұсқауды жақтаушылар өздерін «дирижешілдер» (франц.diriger-басқару, жетекшілк ету) деп атады.

Дүниежүзі тарихы . Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / К.Қожахметұлы, Ә. Шүпеков, М.Ғұбайдуллин.Алматы:



«Мектеп», 2013. §4. 26-бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет