Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Қазақстандық ғылымдар мен зиялы тұлғалардың отбасы тәрбиесі туралы көзқарастары



бет4/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Отбасы

4 Қазақстандық ғылымдар мен зиялы тұлғалардың отбасы тәрбиесі туралы көзқарастары.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала қамын ерте жастан бастап ойлау, бала тәрбиесіне аса мән беру білімді және тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады. Қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше мән бергендігі талантты жандардың көптеп қалыптасуына жол ашса керек-ті.Қазіргі жаһандану қарқыны үдеген уақытта бала тәрбиесіне қатысты ұлттық ұстанымдардың осалдау болып тұрғаны да шындық. Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы»,-деген даналығы да бар. Ата-бабаларымыз өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ұлттың болашағы ретінде бағалаған.
Бала тәрбиесіне ерте жастан мән беру арқылы тұлғалану процесі қарқынды жүреді. Сондықтан да, халқымыз еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, ата тегін білу, сөзді қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық, салт-дәстүрді бұзбау, жасы үлкенді сыйлау, кішілерге қамқорлық көрсету сынды құндылықтарды бала бойыне ерте жастан сіңірді.
Қазақ жерінде болған саяхатшылар, зерттеушілер қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлеріне қызығушылық танытып, бала тәрбиесіне қатысты өз зерттеулерінде маңызды жазбалар қалдырған.
Мәселен, 1865 жылы жарыққа шыққан Л.Мейердің «Материалы для географии и статистики России. Киргизксая степь Оренбургского ведомоства» еңбегінде орыс ғалымы Н.Я. Зеланд қазақтар туралы: «Қазақтар сергек кең пейіл. Жүзі жарқын, мейірімді. Тез қабылдағыш, сабырлы. Жүйке жүйесі мықты. Өйткені, оның барлық ойы ізгілікке, бақытқа негізделген. Адалдық, уәдеге тұрақтылық, қонақжайлылық, сана саулығы, қиындық бөгеттерге төзімділік ерекше көрінеді. Қаталдық пен кекшілдік қазақ психологиясына тән емес, бұл халық өте бейбітсүйгіш, оған ұзаққа созылған қырғиқабақтық жат»- деп жоғары баға берген.
Зеректік пен ойшылдыққа, тапқырлық пен батырлыққа баулу ерте жастан басталған. Қазіргі таңда осы бір өзекті мәселеге ерекше мән беру керек. Қорқынышты нәрселерді есту, көру (қатыгездікке толы ойындар), не болмаса баланы қорқытып тәрбиелеу баланың табиғатына қайшы нәрсе. Жүйке жүйесіне сызат келтіріп, ойы мен сана саулығына зиян келтіреді.
ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы және Ж.Аймауытұлы еңбектерінде баланы ерте дамыту мәселелері мен жеке тұлға тәрбиесіне қатысты терең ғылыми ой-пайымдаулар айтылады. Нәзипа Құлжанова ұлттық педагогиканың, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті педагог.
Н.Құлжанованың 1928 жылы Орынбордан басылып шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегінде баланы ерте жастан тәрбиелеу жолдары, баланың жан-жақты жетілуі, анық сөйлеуі, қабілетін, бейімділігін ашу туралы жазылған. Н.Құлжанованың осы еңбегіне арнайы қалам тербеген А.Байтұрсынұлы бала табиғаты туралы былай дейді: «Бала табиғаты нені сүйеді? Бала табиғатының сүйетіні: жүру, жүгіру, ойнай жүре бір нәрсені шұқынып істеген болу. Баланың ойыны қайсы, «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды. Ойын үстінде сөйлеседі, таласады, тартысады: ойын үстіндегі өнерлері ойынынан ойын шығарады, неше түрлі ойыншықтар жасайды. Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат – баланың бетін жасынан түзеп, дұрыс білім, жақсы әдет, көркем мінез, таза қылық үйрету». Баланың өз бетімен құмарынан шығып ойнауына жағдай жасау керек. Таласып-тартысса оны көркем мінезбен жеңдіруге әуестендіру қажет. Ұлт ұстазы айтқан «дұрыс білім, жақсы әдет, көркем мінез, таза қылық үйрету» ата-ананың бейнесінен бастау алады. Бала ата-анасының болмысын, бейнесін қайталайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет