Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері



бет14/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
Отбасы

21 Отбасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Әрбір жас кезеңінде тәрбиенің жалпы және өзіндік ерекшеліктері болады. Мектепке дейінгі кезеңдегі бала тәрбиесінің ерекшеліктерін қарастырайық. Оларды екі топқа бөлеміз, бірінші тобы – жалпы, ол адамның қалыптасуының келесі кезеңдерінде жалғасады. Екінші кезең бала дамуының мектепке дейінгі кезеңімен байланысты.
Ерекшеліктердің бірінші тобы
Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды қасиеттерін, әдеттерін, білімі мен білігін тәрбиелеудің, үлкен адамдардың баланың
айналасындағы өмірге, өзіне және басқа адамдарға қарым-қатынас жүйесін қалыптастырудың бағыттылығы.
Тәрбие процесінің көпфакторлығы – тәрбие процесінде тәрбие үдерісінің күрделендіруге себеп болатын көптеген субъективтік және объективтік факторлардың кездесуі, Мектепке дейінгі тәрбиеге әлеуметтік сұраныс, қоғамның экономикалық, құқықтық, саяси даму деңгейі, педагогты кәсіби даярлау деңгейі, білім беру ортасы мен эмоционалдық климат, балалардың тәрбиеленгендік деңгейі, мектепке дейінгі мекеме саясаты, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы, отбасындағы ахуал – факторлардың жиыны, олардың әрқайсысы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесіне және оның нәтижесіне өзінің ықпалын тигізеді


22 Отбасында кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мәселесі
Ата- аналарға кіші мектеп жасындағы балалар мен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.
Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетінқиындықтар мектепішілік қарым қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында бола бастайды. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы жаманды айыра білушілік,алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық,ұшқалақтық тсияқты қасиеттер жатады.Бала бойынданазар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге өзіне өзі сын көзбен қарап мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілікті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады.Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі , табанды болып ер жетеді. Ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса, біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездерге айналады.Бала өскен сайын көп көріп, естуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым қатынас жасау, достасу, пікірлесусияқты мінез- құлық көріністері қалыптасады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет