Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»



бет17/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты
Психикалық (эмоционалдық) зорлық-баланың жеке тұлға болып дамуын тоқтататын тұрақты психикалық іс-әрекет.
Психикалық зорлықтың нәтижесінде балада физикалық,ойлау қабілетінің кешеуілдеуі, жүйке тигі, энурез, неше түрлі сомантикалық аурулар, қобалжу сезімінің жоғарылауы, қарым-қатынас жасай алмаушылық,үлгермеушілік, агрессивтікке әкеліп соғады.
Эмоция (сезімнің шарпуы)-сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Екінші тобы жағымсыз эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады.


24 Отбасының тәрбие әдістері, тәрбие принциптері
Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасындағы тағылым мен үлгі - өнегенің, тәлім – тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі.
Грек философы Эпикур: «Кереметтің кереметі – жақсы тәрбиеленген адам» дейді. Олай болса: Болашақта көп болсын десең жақсы адам,
тәрбиені бастау керек отбасыдан деген ойы еріксіз еске түседі.
Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын негізгі орта.
Отбасылар бір-біріне ұқсамайды, әрі қайталанбайды. Әр отбасының тәрбие потенциалы әртүрлі. Отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие принциптерін біліп, басшылыққа алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет