Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасы тәрбиесінің мазмұны



бет19/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты
25 Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзеледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті.
Тәрбие мазмұны деп белгілі мақсат , міндеттерге байланысты жеке адамның білім жүйесін, сенім,дағды, қабілет ,тәртіп нормаларын меңгеруін айтамыз. Тәрбие мазмұнын ақыл-ой, дене, еңбек,адамгершілік, отансүйгіштік, эстетикалық, құқықтық тәрбие түрлері құрайды.
Олар арқылы жеке тұлғаның базалық мәдениеті қалыптасады.
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір сапалы азаматтың ісі. Сондықтан жас ұрпаққа азаматтық, патриоттық тәрбие беру үлкен де абыройлы іс. Отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлттық қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мен тығыз байланысты. Ол туралы Президент «Қазақстанның болашағы–қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде тағыда басқа жолдауларында сөзге тиек етеді.
« Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеуін қалыптастыру», деп жазды. Жалпы қай тәрбиенің де бастауы отбасынан бастау алатыны белгілі ,патриоттық тәрбие де отбасынан қалыптасып, одан әрі мектепте дамытылуы қажет. Патриоттық сезім- тәрбие, білім арқылы қалыптасып, ол жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлттына тән ерекшіліктерді түсініп, сезініп, өз ұлттының, бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды, салт-дәстүрлерімізді қастерлейді. М.Шахановтың сөздері еске түседі.«Қазақстандық патриотизм –отанға деген сүйспеншілік пен азаматтық ерлік көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, ата – мекен мүдесіне арнау».
Өз елінің өткенін, тілін, әдет- ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу Қазақстандық патриотизм құрамына кіреді.
Әсер ететін факторлар: ұлттық сезім, білім, ұлттық мақтаныш, ұлтық сана, ұлттық дәстүрлер, парыз, бірлік және мінез.
Қазақстан әлемдік гуманистік ойлау жүйесіне енді, олай болса, ол адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы келмеуі керек. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілуі қажет.
Отансүйгіштік рух- қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден – бір күш.«Азаматтық пен елжандыққа, өз Отанына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы және және қоғамға келген көрністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп білім беру Заңында көрсетілген.
Патриотизм-өз Отанына деген сүйіспеншілік, берілушілік отан үшін қызмет етуге оны қорғауға дайындық.
Сондықтан Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан бізде осы екі негізінде бірдей ұстағаның абзал іс.Адамгершілік деген сөз «мораль» деген сөздің синонимі ретінде қолданылады. Моральді біз жеке адамға қойылатын нормалар, талаптар деп түсінеміз, ал өнегелік, адамгершілік дегеніміз ,сол жоғарыда айтылған нормаларды орындауға дағдылану деп түсіну керек.Өнегелі адамның жоғарыда айтылған нормалар, ережелер,талаптар оның көзқарасына, сеніміне, күнделікті ісіне айналуға тиіс. Адамгершілік тәрбиесінің мәні білім арқылы көзқарастарды, сенімдерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесінің ең жоғары түрі -ар,ұят,ұждан. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын адамгершілік қасиеттер құрайды: Отанды сүю, еңбексүгіштік, ұқыптылық, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, мейрімділік т.б.Осыған байланысты отбасы тәрбиесінде кең орын алып отырған проблемалардың бірі - отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. Бұл үшін жалпы адамзаттық құңдылықтарды, жаңа адамгершілік қасиет-сапарларды орнықтыру, халықтың ғасырлар бойы жинақталған адамгершілікке негізделген салт-дәстүрлер мұрасын отбасы тәрбиесінің өзегіне алынуы керек. Осы орайда отбасында жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толымды адам болып жетілуі мынадай міндеттермен айқындалады:
- еліміздің өркениетті даму жолында адамгершілік тәрбиесі рухани құдіретті күш ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ең негізгі басты шарты екендігі:
- болашақ ұрпақ бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру және сол қасиеттерді қастерлей білуге үйрету, дағдыландыру;
- адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
- қоғамның нарықтық экономикаға өту кезеңінде болашақ ұрпақты қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени саладағы халықаралық қарым-қатынас, жоғары мәдениеттілік, адамгершілік мінез-құлық, әдет-дағдысын қалыптастыру;
- қоғамның жаңа тарихи даму кезеңінде жас ұрпақты экономикалық бизнесте білімділігімен, кәсіпкерлігімен, адамгершілік жоғары парасаттылық қасиетімен қатар бәсекелік қабілеттікте адалдық көрсете білуге тәрбиелеу;
- жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету, жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру толыққанды отбасының бірлігі мен тәрбиелілігіне байланысты болатындығы;
- ұлттық төл мәдениетіміздің кемелді келбетін, салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың ғасырлар сынынан өтіп келе жатқан бай мұрасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеудің ұтымды жолдарын пайдалану.
Қорыта келгенде балаларды жақсы деңгейге жеткізу. Болашаққа оларды дұрыс тәрбиелеу. Ата-анасын сыйлауға, үлкенге – сыйлы, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу біздің міндетіміз. Үлкейіп ер – жеткеннің өзде де, олар ата-анасына міндетті екенін және ата-анасының алдында борышты екенін естеріне сала отырып, оларды ренжітпей сыйлауға, аялауға, тәрбиелеу.
Құқықтық тәрбие дегеніміз орынды тәртіп пен мінез-құлық сенімдеріне негізделген терең және жан-жақты құқықты білімдермен заңды құрметтеу,құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі болып табылады.
Құқықтық тәрбие дегеніміз еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәлімет беру.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты-баланың мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзбауға, төзімділікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
Құқықтық тәрбиенің міндеті қоғамда болашақ әрбір азаматының әсіресе, мектеп оқушыларынан бастап, қоғам талап етіп отырған жалпы азаматтық мәдениет, құқықтық мәдениет тұрғысынан ұйымдастыру. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен байланысты. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді.Сондықтан да құқықтық тәрбие адамгершілікті адам тәрбиелеу отбасынан басталады.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып,оны ата-аналар түрлі еңбек іс - әрекеттеріне үйретулері қажет. Отбасы бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырғаны жөн. Балалардың бос уақыты бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасында ата-аналар балалармен серуенге шығу, танымдық әңгіме жүргізу ізгі дәстүрге айналған.
Еңбек тәрбиесі отбасы тәрбиелерінің ішінде ерекше орын алады. Өйткені бала кішкентай кезінен өзіне қызмет етуге үйренеді. Ол туралы А.С.Макаренко айтқан;отбасында баланы еңбекке баулудың қырықтан астам түрі бар екенін.Еңбек тәрбиесі жоғарыда аталған түрлерімен тығыз байланыста өтеді. Еңбек арқылы оқушылардың бойында ұқыптылық, жауапкершілік,шығармашылық, күш қуат молайып, іскерлік, дағды қалыптасады, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Еңбек қажетті іске айналуы үшін балаға еңбектің жемісі мен одан болатын қуанышын сезіндіре білу керек. Ата- ана балаға ұқыптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс.
«Бірінші байлық денсалық»- деп халық текке айтпаған. Сондықтан мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту шаршаларын өткізу керек. Дене шынықтыру сабақтарын бұгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыра отырып , түрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру, жарыстар өткізу, салауатты өмір салтын орнату үшін күш жұмсау, жаңа тәрбие жұмыстарының формаларын еңгізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет