Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасында балаға адамгершілік тәрбие беру жолдары



бет22/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Отбасы

31 Отбасында балаға адамгершілік тәрбие беру жолдары
Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным - сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез - құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтар адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған.
Адамгершілік - Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды - мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.
Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал - мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.

32 Отбасында баланы еңбекке баулудың мәні

Отбасы тәрбиесі - ата-аналар ықыласымен жүзеге асырылғанмен қоғамдық тәрбиемен сабақтасып отырады. Отбасындағы адамдар белгілі бір дәрежедегі дербес, қандас туыстар тобы болғанымен өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, ондағы бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты өмір сүреді. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдіспен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.Отбасындағы үлкендер қамқорындағы басқалар үшін қоғам алдында жауап береді. Адамды азаматтық тұғырға көтерер ең маңызды, ұлағатты, адамгершілікті, мәдениегтті қарым - қатынас осы отбасынан басталады. Үйдегі жасы кішілер ата - анаға қарап әдеп және тұрмыстағы мінез-құлық ережелерінен өнеге алады. Бала отбасында алғаш рет еңбек дағдыларына қатысып, үлкендерге көмектеседі, іні-қарындастарына қамқоршы болып, олардың өтініштері мен тілектерін орындауға тырысады, тапсырмаларды орындауға талпынады, ата-ананың, туысқандарының және басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге және бағалай білуге үйренеді, белгілі бір мамандықты игеруге құштарланады. Ата-аналар өз тәжірибелері арқылы баланы жасынан үнемі отбасы қаражатын (бюджетін) жоспарлауға қатыстырып, оны тиімді етіп жұмсауға үйретіп отыруның маңызы зор. Мұндай жағдайда балалар материалдық қаржыны ұқыпты және жұмсалатын адам күшін дұрыс пайдалана білуге үйренеді, әрі олардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, ой-өрісі кеңиеді, өскенде отбасы алдындағы жауапкершілігі артады, анаға, әкеге басқа да туыстарына көмектесуді негізгі борышым деп есептейді.Әрине, мұның барлығы ата-ананың отбасындағы беделіне, жағымды өнегесіне, еңбектегі нәтижелі іс-әрекетіне, отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігіне өзара жылы қарым-қатынасына, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен түсінушілігіне де байланысты. Алайда, кейбір отбасы өмірінде алалық, қақтығысу, кертартпалық сияқты жағымсыз әдеттер де кездеседі. Осындай әдеттердің түп тамыры неде? Белгілі психолог А.В.Петровский отбасындағы қатынастарды үстемдік, қамқоршылық, қақтығысушылық, араласпаушылық, ынтымақтастық сияқты бес типке бөледі.Үстемдік жағдайын балалардың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің жеке өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені шешуде үй-іші кеңесіне қатыстырылмайды.Қамқоршылық күшті жағдайда балаларын желге-күнге тигізбей, мәпелеп өсіреді. Бұндай күйде өскен бала, түрлі қиыншылықтармен кездескенде, дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.Қақтығысушылық – отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір-біріне наразылық білдіру: бірін-бірі табалаушылық, келеке, қиянат жасау, ал кейде ашу үстінде тіпті орынсыз тиісу, беделіне нұқсан келтіру бір-бірімен шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады. Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше бір-бірімен ақылдаспай, "томаға тұйық өмір сүреді. Отбасы мүшелерінің бірі кездей соқ қайғылы оқиғаға ұшыраса қалғандарының қайғысьна ортақ болуы өз дәрежесінде бола бермейді. Өйткені мұндай отбасында қатігездік, селқостық немесе мейрімсіздік сезімдері байқалады.Ынтымақтастық үлкендер мен балалар арасындағы сыйласушылық негізіне (қағидасына) сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалып, барлық мәселе үй ішінің бірлескен кеңесінде шешіліп отырады. Ынтымақтастығы жарасқан отбасына әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау жанжалдан алыс болу белгілері тән. Ал, кейде түсініспеушілік немесе кикілжің сөздер бола қалған жағдайдың өзінде отбасы мүшелерінің бір-біріне ізгілік сезімін сақтағаны жөн.
Аталған қатынастар түрлерін ата-аналар әлдерінше зерделеп, терең түсінуінің маңызы зор. Өйткені олар өз қарым-қатынасы арқылы бала тәрбиелеп отырғанын бір сәтте ұмытпауға тиісті. Ата-аналар, тәрбиешілер мен мұғалімдер тәрбие жұмысын соның ішінде еңбекке баулуды дұрыс және тиімді етіп жүргізу үшін психологиялық және педагогикалық мәселелерді шешудің жолдарын, ерекшеліктерін жете білгендері дұрыс.
Отбасында баланы еңбекке тәрбиелей отырып біздің қоғамымыздың мұратына сай келетін қасиеттерді, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. 5-7 жасқа дейінгі кезеңде баланы отбасында немесе балабақшада еңбек түрлеріне сәйкес еңбек ету дағдыларын қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық еңбек, қол еңбегі), үлкендер еңбегін құрметтеу және өзінен кішілерге көмектесу, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, тапсырмаларды орындауға ынталы болуға баулыған жөн. Балаға еңбек ету нәтижесінде қоғамдық пайдалы қызмет ету мәнін түсіндіру, еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу көзделеді. Еңбекке бейімдеуде баланың ықыласты болуына назар аударып, еңбек нәтижесін үнемі мадақтап отыру, өз жолдастарының, іні-қарындастарының еңбегін бағалай білуге дағдыландырып отырса, еңбек ету жөнінде дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Отбасында ата-ана баланы еңбексүйгіштікке баули отырып, өздігінен еңбек ете білуге, еңбек нәтижесіне қуануға, еңбек күш-қуатын толықтырып денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалысының үйлесімді, сергек болып өсуіне ықпал ететінін түсіндіргені жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет