45 Мақсаттылық принципі
46 Тәрбиенің ғылыми принципі
47 Баланың жеке басына құрмет, ізгілік (гуманизм) принципі
48 Жоспарлық бірізділік және үздіксіз принципі
49 Жүйелі және жаңалық принципі
50 Тәрбие өзара келісімділік принципі
51 Отбасы және қазіргі қоғам
52 Отбасыдағы қиын бала мәселесі
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |