53 Ата-анамен жүргізілетін жеке әңгіменің әдістемесі Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті 2. Ата-ананың атқаратын міндеті 3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті: 1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу; 5. Ата-аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс; 8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
Ата-ананың міндеті: 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы; 2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету; 3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу; 4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу; 5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету; 6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу; Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
1. Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
1. Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады. 2. Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады. Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз: 1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады; 7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.