44 Отбасы тәрбиесінің принциптері
Тәрбиенің негізінде жататын ересектердің әртүрлі жағдайлар мен кезеңдердегі іс-әрекетінің жүйелі де тұрақты болуын қамтамасыз ететін тәрбие принциптері. Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен астасып отырады.
Тәрбие принциптері – тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін (тактикасын)педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін кез келген уақытта, тіпті, барлық жерлерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.
Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1.Мақсатылық принципі
Отбасы тәрбиесінің мақсаты қоғамдық тәрбиенің мақсатымен бірдей емес. Қоғамдағы саясатына байланысты болып белгіленеді. Мысалы: қазіргі кезде қоғамның адамдары білімді, бірнеше тілді білуге ұмтылған, адамсүйгіш, іскер, шығармашылығы мол, техникадан білімділігі, экологиялық, эстетикалық тәрбиесі болуымен ерекшеленеді.
2.Ізгілік принципі
Адамға деген сүйіспеншілік – шынайы, ақылмен санасу. Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке, ынтымақтастықта, сүйіспеншілікке негізделіп құрылуын көздейді.
3.Жүйелілік принцип
Баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыру .Отбасындағы жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ету,тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол.
4.Талап бірлігі принципі
Талап бірлігі – егерде әкесі былай десе, шешесі басқаша айтса бала не істерін білмейді, сондықтан талап бірлігі болу керек.
5.Келісімдік принципі
Бала тәрбиесінің бір ерекшелігі – оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың (балабақша, мектеп, спорт үйімелері, т. б.) тікелей ықпалымен жүзеге асатындағыда.
6.Баланың жас және дара ерекшеліктерін, қызығушылықтарын есепке алу. Баланың дамуындағы әр жастағы болатын кризистерді есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |