Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасы өміріне қажетті тәрбие және өзіндік тәрбиелеу қасиеттері



бет26/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Отбасы

38 Отбасы өміріне қажетті тәрбие және өзіндік тәрбиелеу қасиеттері
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл
бөлген. Себебі, ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен
болашағы деп санаған. Қазақта отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің
алатын орны мен рөлі ерекше болған. Себебі әке – отбасын асыраушы,
оның мүшелерінің тірегі, қамқоршысы және тәлімгері. Әкенің мінез-
құлқы - өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі – баланың көз
алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Сондықтан
қазақта әке туралы өнегелі нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер көп ақ.
Мысалы, «әке бәйтерек, бала жапырақ», «әкеге қарап бала өсер», «әке
балаға үлгі».Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болып өссе: «оның әкесі жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - дейді. Бұдан әкесі
жақсылардың балалары да жақсы болмақ, ал әкесі жамандардың
балалары – сондай болмақ деген қорытындыдан аулақпыз. Баланың
жақсы-жаман болуы шыққан тегіне ғана емес, ол оның тәрбиесіне
тікелей байланысты. Осыны ерте сезген халқымыз: «баланың тентек
болмағы үйінен, жігіттің тентек болмағы биінен» немесе «Жақсыдан
жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз; жаманнан жақсы туады, адам айтса
нанғысыз», - деген.

39 Жастардың келешектегі отбасы өміріне байланысты көзқарастарының қалыптасуы
Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орыналады.
Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі – зайыптылардың бір–бірін толық танып, бір–бірімен жақсы түсіністік қарым – қатынаста болу өте маңызды.


40 Қазақ отбасының ерекшеліктері
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет