Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»



бет28/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Отбасы

42 Отбасылық береке
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті – отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі – балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды.
Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы – кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді. Сондықтан да ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын қасиет те солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі.


43 Отбасы бақытын және отбасының кейбір маңызды бағыттарын зерттеу нәтижелері.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:
Адамдар арасындағы қарым-қ «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов:
«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. »
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет