Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Қарттар үйінің ашылу себептері



бет36/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Отбасы

60 Қарттар үйінің ашылу себептері
Қарт десе, әркімнің көз алдына өз шаңырағына құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қария елес­тері анық. Тілеуі­мізді тілеп, ба­ла­­­­лары мен немере­лерінің қы­­зы­­­­ғын көріп, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дей­міз. Өкі­ніш­ке қарай, перзент атаулы­н­ың бәрі ата-анасын, ата-әже­­­лерін алақандарында аялап отыр­­ған жоқ. Түн ұйқысын төрт бө­ліп, махаббатын, жан шуа­­ғын аяма­ған ата-анасына қатыгез­­дік­пен қа­райтын адамдар көбейіп келеді.

Бүгінгі таңда елімізде қарт­тарға арналған жүзге жуық мекеме тір­келген. Ал оларды пана етіп отырған адамдар саны 35 мыңнан асып түседі. Олардың басым бөлігі қазақтар. Осы орайда «миллиондаған бюджет қаржысын қажет ететін қарттар үйі керек пе?» деген сауал туындайды. Жоғарыдағы жантүршігерлік статис­тиканы негізге ала отырып, өкініш­ке қарай, «керек болып тұр» деуге мәжбүрміз. Жалпы, қазақ қанында бұл сұмдық бұрын-соңды болмаған. Бірақ әр адам­ның тағдыры әрқилы. Сон­дықтан осындай үйлерді пана етіп жатқандардың жан дүние­сіне үңіліп, жүрек дүрсі­ліне құлақ түре жүру қай-қайсы­мыз­ға да артықтық етпейтіні анық. Өйткені халқымыздың «Жас күнімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дейтін мақалы жай­дан-жай айтылмаса керек.


«Қарттар үйі» деп аталатын әлеу­меттік медициналық ме­ке­мелер Ақмола облысын­да да баршылық. Мұнда тірші­лік етіп жатқан қария­лар­дың бар­­лығы мүлде жалғыз­басты жан­­дар емес. Кей­біреуі­нің балалары ел танитын ауқатты адамдар. Олар­дың тарапынан «Бізге көнбейді, амал­сыздан алып келдік. Барып, хал-жағ­дайын біліп тұрамыз» дегендей уәж айтылатын көрінеді. Бірақ бар­лығы ондай еместігі де жасырын емес. Соңғы жылдары жекеменшік қарттар үйлері пайда бола бастады. Солардың бірінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты геолог та бар...
Осы орайда, қарттар үйінің пайдалы және пайдасыз жақ­тарын саралап көргеніміз жөн. Туған балалары мен не­ме­ре­лері ата-әжелерімізді қадір­ле­мей, қарттар үйіне тапсырып, өмір­лерін сағыныш пен мұң-на­ла­ға толтырып жатқаны жат қы­лық, әрине. Бір мезет болсын бала­лары­ның жүзін көріп, мау­қын басу үшін құшағына алуды аңсаған қарттарды көрген кезде елжіремейтін жүрек қал­майды.
Бірақ бұл мекемелердің есі­гіне қария­ларды қатал өмір тағ­дыры ай­дап келетін жағдайлар да аз емес. Зейнет­ақысы дәрі-дәр­мекке де жетпейтін қарттар үшін аталған үйлерде барлық қолайлы жағдай жасалған. Жасы ұлғай­ған шақта төрт қабырғаға қама­лып, бұлыңғыр терезеге үмітсіз телмі­ріп отырудың қаншалықты қиын­ды­ғын түйсіну қиын емес. Жалғыздықтан жапа шегіп, зерігіп отырғанша, басқа қарттармен араласып, солармен бірге көңіл көтеруге де болады. Ішер ас, жатар төсегі де дайын. Денсаулықтарын медбикелер мен дәрігерлер қадағалап тұрады. Бұл да олар үшін көмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет