1
|
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы
|
Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың өмірін үлгі тұта отырып «Ұлпан» романын меңгерту. Ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайта отырып, шығармашылық ізденіске баули отырып, логикалық ойын дамыту. Оқу материалына сын көзімен қарап, жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне ұлттық дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
|
АКТ, ДЖИГСО әдісі, Инсерт әдісі.
Жеке, жұппен, топпен.
|
I топ Шығарманы оқу
II топ Шығарманы құрылысына қарай талдау (повест, әңгіме, роман ба?)
III топ Әдеби теориялық ұғымдарды табу.
(жеке жұмыс)
1.Бес жолды өлең жазу
2.«Ұлпан» романынан түсінгендері бойынша постер немесе кластер жасау.
«Ыстық орындық» ойыны
Оқушылар «Ұлпан» романы бойынша бірнеше сұрақтар қояды.
|
Әңгімені оқып талдайды
Бес жолды өлең жазады
«Ыстық орындыққа» отырып сұраққа жауап береді
«Инсерт»тәсілі бойынша түртіп алады.
|
Мұғалім әр топтағы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қарым-қатынастарын бақылайды.
Барлық сұрақтарға жауап беріп және тапсырмалардың орындалуына үлес қосып отырса 5 (10 балл) қызыл түсті жетон беріледі. Тапсырмалардың бірін орындап, біріне көңіл аудармай отырса 4 (7 балл) көк түсті жетон беріледі. Тапсырмаларды шала орындаса 3 (4 балл) сары түсті жетон беріледі.
Жауаптарына байланысты формативті пікір айтылады.
|
Жоғары деңгей –
Әдеби теориялық ұғымдарды талдайды.
Орташа деңгей – Шығарманы құрылысына қарай талдайды (повест, әңгіме, роман ба?)
Төменгі деңгей – Шығарманы оқиды
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті» орта мектепте журналы 2013 жыл №1
«Қазақ тілі әдебиеті» орыс, қазақ сыныптарында журналы 2012 жыл №2
Интерактивті тақта, флипчарт, А3қағазы, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, видеоролик.
|