61 «Отбасында бала тәрбиелеу» ұғымын анықтаңыз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А. Құнанбаевтың жетінші қара сөзі). Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата –аналардың міндеті: 1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға; 2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға.
62 Қазақ отбасындағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдерді кесте арқылы көрсетіңіз
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі, бұл- тұспалдап айту арқылы шешендікке балу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды.
Сондай-ақ қазақ халқы айтайын деген ойын ымдау арқылы жеткізу, қас-қабақпен білдіру тәсілдерін өте ұтқыр қолданылған. Ымдау-бұл өте нәзік тікелей немесе жанама түрдегі тежеу әдістерінің бірі. Бала әке-шешесінің қас-қабағынан олардың көңіл-күйін байқап, ым арқылы айтқанын түсініп, өз әрекетінің орынды не орынсыз екенін байқап, соған байланысты әрекет еткен.
Балалар алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мадақтамалар арқылы зереттікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мысалы, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең , жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.
Этикалық ізгіліктерді адам бойына дарытуға әл-Фараби тәрбиелеудің екітүрлі әдісін атап көрсетеді: бірінші- иландырғыш нақыл сөз еркімен игілікті істер жасауға жігерлендіруге болады; екінші-өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін және сөзге құлақ аспайтын «бүлікші, көнімсіз», ересек адамдарға қолданылытын күштеу әдісі.
Осы әдістердің ішінде әл-Фараби иландыру немесе ерікті түрде тәрбиелеу әдісін жоғары бағалайды. Адам сезіміне ерекше әсер ететін, оның жан-күйін баурап алатын этикалық нақыл сөздермен адамды дұрыс бағытқа, игілікті мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Тәрбиенің нәтижесінде адам бойында пайда болған ізгілікті қасиеттерді, мінез құлықты тұрақты күйге айналдыру үшін дағды қажет. «Жаратылысынан біткен бейімділік,-деп жазады әл-Фараби.
Достарыңызбен бөлісу: |