Отбасындағы тәрбие принципері .
Тәрбиенің негізінде жататын ересектердің әртүрлі жағдайлар мен кезеңдердегі іс-әрекетінің жүйелі де тұрақты болуын қамтамасыз ететін тәрбие принциптері.
Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен астасып отырады.
Тәрбие принциптері – тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін /тактикасын/ педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін кез келген уақытта, тіпті, барлық жерлерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.
Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1.Мақсатылық принципі
Отбасы тәрбиесінің мақсаты қоғамдық тәрбиенің мақсатымен бірдей емес. Қоғамдағы саясатына байланысты болып белгіленеді. Мысалы: қазіргі кезде қоғамның адамдары білімді, бірнеше тілді білуге ұмтылған, адамсүйгіш, іскер, шығармашылығы мол, техникадан білімділігі, экологиялық, эстетикалық тәрбиесі болуымен ерекшеленеді.
2.Ізгілік принципі
Адамға деген сүйіспеншілік – шынайы, ақылмен санасу. Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке, ынтымақтастықта, сүйіспеншілікке негізделіп құрылуын көздейді.
3.Жүйелілік принцип
Баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыру .Отбасындағы жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ету,тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол.
4.Талап бірлігі принципі
Талап бірлігі – егерде әкесі былай десе, шешесі басқаша айтса бала не істерін білмейді, сондықтан талап бірлігі болу керек.
5.Келісімдік принципі
Бала тәрбиесінің бір ерекшелігі – оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың
/балабақша, мектеп, спорт үйімелері, т. б./ тікелей ықпалымен жүзеге асатындағыда.
6.Баланың жас және дара ерекшеліктерін, қызығушылықтарын есепке алу. Баланың дамуындағы әр жастағы болатын кризистерді есепке алу.
Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекет жолдары. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігін- тәрбие тәсілдері деп аталады.
Отбасының тәрбие әдістеріінің түрлері:әңгіме, ақыл айту,түсіндіру,сендіру, пікірлесу, үйрету, жаттығулар, үлгі -өнеге ,мадақтау жазалау т.б.Отбасында сөзден көрі іс арқылы тәрбиелеу маңызды. Ең тиімді әдіске үлгі -өнегені жатқызуға болады.
«Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді.
«Тәрбие - табалдырықтан басталады» деген нақылдың сөзі өмірден алынған шындық.
Педагог-ғалым Г.Н.Волков «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде әрине, барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес, отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады» -деген.
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жолы. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді; тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау.
Сондықтан бала тәрбиесіне біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен кейін қоршаған ортаның әсеріне байланысты, содан соң тәрбиенің ықпалына қарай жағымды, жағымсыз мінездер қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі сәби – еліктегіш, әр түрлі әдістерді оп-оңай қабылдағыш болып келеді. Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше.
Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Сондықтан халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекерге айтпаған. Бала тәрбие әліппесін отбасынан үйренеді. Ата-ана баланың алдында үнемі байсалды, бірқалыпты мінез көрсетуі тиіс. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.
Қорыта келе, балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек:
1.Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін іске ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.
2.Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді.
Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз, тентек етіп шығарады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.
Балаларда қорқыныштың болуы тәрбиенің дұрыс болмауынан. Қиын балалардың ата-аналары балаларынан көп нәрсені талап етеді, оны бала орындай алмайды. Бұл қорқыныш тудырудың бір себебі.
Отбасының бүгінгі кризистік жағдайы, оқыту мен тәрбиенің төмен деңгейі, педагогикалық себептермен байланысқан қиын балалық шақ: осындай аспектілер балалар мен жасөспірімдердің тәрбиеден тыс қалу профилактикасын жасауға мүмкіндік бермейді.
Осыдан барып қиын балалармен жұмыс істеп үйрену, ұстаздарды қиын балаларды түсінуге, қабылдауға үйрету, яғни оқушыларға өмірдің қиыншылықтарын мойымай жеңуге үйрету қажеттігі туады.
Баланың сәби шағы көп жағдайда оның келешегіне әсер етеді. Келеңсіз жағдайлардың қысқа әлде ұзақ мерзімде әсер етуіне байланысты тәрбие ісінде мінезді жөндеудің жеңіл түрде өтуі немесе тұрақты, ұзақ арпаласуға тура келуі мүмкін.
Адам қалыптасу арқылы өседі. Адамның қалыптасуы сәби шағынан басталады. Байқаусызда, бірақ қауіпті психологиялық жағдайлардың туындауы жеке тұлғаның мінезінің кейбір жақтарын жас шағында-ақ деформациялап, құртады. Жайсыз социалды әсерге баланың қарсы тұруының өзі дамудың өзіндік логикасын қалыптастырады. Мінездің осы құбылысы бұдан әрі сыртқы әсер болмаған жағдайда да дами береді. Тіпті осындай адамдар өз ортасын құрып, теріс қылықтардың даму жолын қалыптастыруға мүмкіндік ашады, сөйтіп «жеке тұлғаның » бұзылуына әкеліп соғады.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |