Диктатдеген қатынасата - аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қойады.Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.
Опека диктатқа қарама қарсы- қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.
"Араласпау"- бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды.Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.
В.М. Минияров отбасындағы тәрбиеде жеті түрлі стильдерге тоқталып, оларға байланысты баланың тұлғалық дамуында жеті әлеуметтік-психологиялық типтері байқалады деген: жанашырлық стиль, босқа қоя беру стилі, жарысу стилі, ақылмен ойластыру стилі, қатал қадағалау стилі, ескерту жасау стилі, үйлесімді стиль.
Жанашырлық стильде бала өзімен -өзі болады, ата- аналардың қолдары тимегендіктен. Жазалауды, мадақтауды қолданбайды, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оларға қолдау көрсетіп, жақсы үлгі- өнеге көрсетеді.
Босқа қоя беру стилінде баланың іс әрекетін ешкім қадағаламайды,баланың қызығушылығына, қажеттілігіне көңіл аудара қоймайды, жұрттың көзінше тәртіп сақтауды талап етеді. Балаға еркіндік беріледі.
-Зорлық-зомбылық бұл –адамға күш көрсету, адамды өзінің еркіне бағындыру.Шын мәнінде зорлық-зомбылық механизмі адамдарды белгілі бір іс- әрекетке мәжбүр ету, не болмаса тікелей күш көрсету. Кейбір ата-аналар балаларын ауыр жұмыстарға салып, оларды ұрлыққа, өтірік айтуға, қатігездікке мәжбүрлейді.
-Физикалық зорлық- баланың денсаулығына зақым келтіру. (ұрып,соғу) Оның зардабынан балада жылауықтық, агрессивтік, жануарларға қатігездік, суицидке бейімділігі туындайды.
-Сексуалдық зорлық-баланың еркінсіз жыныстық қатынасқа түсіу . Баланың мінез-құлқы мен денсаулығына кері әсері:түнгі қорқыныштар, депрессия, өзін-өзі төмен бағалау,өз жасына сай емес сексуалдық білімнің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |