Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стильдері



бет13/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты
19 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стильдері
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. 
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым–қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым–қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым–қатынас жасай білу де сондай қажет.


20 Отбасының әлеуметтік, құқықтық негіздері
Отбасы-мемлекеттің ірге тасы.Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік ,бақытты болуына да байланысты.Отбасы мүшелерін эмоционалдық жылылықтан басқа бір бірінің алдындағы құқық және міндеттер де біріктіреді. Отбасы – барлық адамға қажетті орта. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі болып келеді. Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің болуы адамзаттың қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты екендігіне сенімді дәлел болып табылады.
Отбасы құқықтары "Неке және отбасы туралы заңдар, 1992 жылғы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық, 2007 жылғы "Неке және отбасы жайлы Кодексі", балалар құқығы туралы Конвенция (1989) т.б. Балалар құқығы туралы 2002ж. ҚР екі Заң қабылданды, біреуі кемтар балалар жайында. Сондай- ақ жетім, дарынды, көп балалы отбасындағы балаларға да көмек көрсетілу қарастырылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет