НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет20/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы
7grade 2 lesson II term, 1. Общий файл всех тестов, Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері 05.02.2022 конспект, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, мәдениеттану, 39093.pptx, 9-2-4, 8
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология: Уч.пособие. – Алматы: Эверо,2016. – 584с.
2. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. – Алматы: "Қазақ университеті", 2012. – 224б.
3. Грушин Б.А. Мнения о мире и мир мнений. М.: Праксис, ВЦИОМ, 2011.
4. Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
5. Macionis J. Society: The Basics. Pearson, 2016.
6. Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
7. Гидденс Э. Социология / При участии К. Бердсолл: Пер. с англ. Изд. 2-е, полностью перераб. и доп. М.: Едиториал УРСС, 2005. — 632 с.


Дәріс15. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар
1.Әлеуметтік өзгеріс. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары.
2. Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері.
3.Гомогенизация және унификация.

  1. Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік құрылымдардың немесе әлеуметтік-мәдени процестердің уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не қайта құрылымдануы. Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құрылымның ұйымдасқан тәсілмен бір қалыпта сақталуын зерттейді. Бі- рақ қоғам мен мәдениеттің өзгеруін де назардан тыс қалдырмайды. Құрылымдық-функциялық теория бойынша өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа сұраныстар мен талаптарға кезең-кезеңімен бейімделеді, ал ескірген үлгілер, ойлар және құндылықтар біртіндеп жойылады. Осындай эво- люцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар технологиялық жетістіктер болып саналады. Өзгерістер эволюциялық жолмен жүргенімен әрдайым біркелкі болмайды. Оның себебі - мәдениеттің бір тұсындағы өзгеріс басқаларына эсер етеді. Құрылымдық функцияшылдар мәдениеттердің мұндай өзгерістерге бейім келетінін, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты қажет ететінін айтады. Соның салдарынан қоғамдар «мәдени кешігуді» сезінеді. Бұл ретте мәдениеттің кейбір салалары өзге салалардағы өзгерістерден кейіндеп қалады. Мысалы, 1870 жылы фабрикалардың көбеюі өндірістік апаттарды көбейтті. Бірақ жүмысшылардың өндірістік жарақатына өтемақы төлеу туралы заңнамалар 1920 жылға дейін қабылданбады. Яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды. Мәдени кешігу - әлеуметтік құрылым жаңа технологияларға бейімделіп жатқан кезде болатын уақытша кезең.

Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік өзгерістерді ретті және жалпылай келісім деп қарастырса, конфликтология теорияшылары өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология теорияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан жағдайды сақтау үшін әрекет етеді. Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптасқан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді.
Эволюциялық теориялар сияқты әлеуметтік өзгерістерге қатысты конфликтологиялық көзқарас та тек болжамға ғана сүйенбейді, эмпирикалық зерттеулермен дәлелдейді. Конфликтологиялық көзқарас жөніндегі жалпы түсінік бойынша, қоғамда байлығы, мәртебесі мен билігінің үлесі әркелкі қалыптасқан адамдар жағдайды сақтап қалуға тырысады. Қазіргі қүбылмалы қоғамда бұл түсінік өзгеріп кетуі де мүмкін: қуатты топтар, жеке адамдар мен ұйымдар да қолдауға бейім болып, технологиялық инновацияларға қарсы шығуы ықтимал. Мысалы, Microsoft компаниясы бағдарламалармен қамдаумен айна- лысып, компьютерлерді бақылайтын Linux және Apple жасайтын ин- новацияларға қарсы жүмыс істесе де Windows бағдарламалық қамдаудың жаңа версиялары сияқты пайда әкелетін жаңа технологияларды толықтай қолдайды. Сонымен қатар кейбір ғалымдар технология «автономды» дейді. Яғни атомды Бобқа арналған дербес компьютер сияқты нақты бір өнертабыс үшін қосалқы білім ойлап табылған бой да солай бірден қолданысқа енгізіледі.
Әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтік әділеттілікті арттыруын қамтамасыз ету үшін әлеуметтанушылар не істей алады? Әлеуметтанушылар жасайтын үш пайдалы нәрсе:
• Шиеленістерді шешу жолдарын зерттеу. Университеттер шиеленісті шешуге үйрететін арнайы курстар мен бағдарламалар санын көбейтіп жатыр. Мұндай бағдарламаларда әлеуметтік оң өзгеріске алып келетін дауларды реттеу және бейбіт мекен туралы келіссөз жүргізу әдістері әзірленеді. Сонымен бірге шағын топтарда шешім қабылдау және ұйымдастырушылық мәдениет сияқты тақырыптар бойынша әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі маңызды.
• Әлеуметтік әділеттілік перспективаларын дамыту. Негізінде, әлеуметтану әлеуметтік топтардың өзара әрекетінен және биліктің осы аралықта атқаратын рөлімен айналысады. Халықтардың билікке қалай қол жеткізетінін және пайдаланатынын, сондай-ақ биліктің әділ бөлінуі мен қолданылуының мүмкіндіктерін талдайды.
• Әлеуметтік өзгеріс сратегияларының үлгілері. Әлеуметтік зерттеулер көмегімен жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған «Бастау» бағдарламаларынан трансұлттық инвестицияларға дейін барынша тиімді бағдарламалар әзірлеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет