«Электротехника» курсы бойынша ертханалық практикумды орындау үшін Electronics Workbench (EWB) программалық қамтамасыздандыруды тәжірибелік қолдануға әдістемелік нұсқаулар
Жұмыстың мазмұны: электр сұлбаларын модельдеу техникасын зертттеу және өлшеу арқылы шамаларында талдау жасау
Жалпы мәліметтер
Электр схемаларын жасау техникасы
EWB программасы түрлі қиын электр схемаларын модельдеу үшін талданатын тізбектің схемасы болуы керек. Схемаға сәйкес программаның жұмыс терезесіне компоненттер кітапханасынан қажетті электр тізбектерінің элементтері алынады. Электр тізбегін модельдеу программаның жұмыс терезесінде орындалады (1.1-сурет).
1.1-сурет. EWB программасында жқмыс терезесі
Жоғарғы қатарда жұмыс терезесінің мәзірі орналасқан (File, Edit, Circuit, Analysis, Window, Help) төменде «ыстық клавиштер» функциясын орындайтын командалар қатары орналасқан. Әрі қарай электр тізбектерін модельдеу үшін қажет түрлі элементтері бар пиктограммалар орналасқан.
Жұмыс терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышында электр схемасының жұмысын жүргізіп, тоқтатын сөндіргіш орналасқан. Сөндіргіштің төменгі жағында дер кезінде жұмысты тоқтата тұратын Pause клавишасы орналасқан. Электр схемаларын модельдеу терезесі пиктограмма қатарынан сызықша арқылы бөлінген.
Элементтерді орналастыру үшін маус курсорын сәйкесінше пиктограммаға апарып, маустың сол жақ кнопкасын бір рет басады. Осыдан кейін берілген пиктограммадағы барлық элементтердің бейнелері көрсетілген терезе ашылады. Таңдалған элемент маустың сол жақ кнопкасын басу арқылы жұмыс терезесіне алынып шығарылады. Элемент қызыл түспен бөлініп, өзінің активті күйде екенін көрсетеді. Элементке апарып маустың сол жағын екі рет басу диалогты терезені ашады, ол тізбекке қажетті параметрлерді орнатуға мүмкіндік береді (кернеу, номинальды кедергі және т.б.).
Элементтерді орналастырған кейін оларды бір-бірімен жалғайды. Ол үшін маустың курсорын элементтің шетіне апарып сол жақ кнопканы басады, қара нүкте пайда болғанда, келесі элементтің шетіне апарады, тағы да қара нүктепайда болғанда кнопканы жібереді, яғни қосылыс орындалды деп есептеледі. Қосылысты айыру немесе керек емес элементті өшіру қажет болса, сол элементтің үстіне маустың сол жағын бір рет басады да клавиатурадағы Delete клавищасын басады. Шынымен өшіру қажет пе деген диалогты терезе шығады. Мақұлдаған жауап – элементтң өшіреді, теріс жауап өзгеріссіз қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |