Бақылау:
Тесттік тапсырмалар:
1. Сүйек тінінің қайта үлгіленуі – бұл:
А) сүйек тіні резорбциясының тұрақты үрдісі және оның түзілуі.
В) аяқ-қолдың жасанды ұзаруы.
С) буындарға протез салуы.
D) сүйек тінінің остеобластармен резорбциялануы.
Е) остеокластармен сүйек тінінің түзілуі.
2. Сүйек тінінің резорбциясын ынталандырады:
А) интерлейкин-1.
В) механикалық жүктеменің артуы.
С) кальцитонин.
D) фибробластардың өсу факторы.
Е) өсудің трансформациялаушы ß-факторы.
3. Сүйек резорбциясының ингибиторы болып табылады:
эстрогендер.
интерлейкин-1.
паратгормон.
1,25 (ОН)2Д3.
ісік некроздаушы фактор.
4. Эстрогендер:
А) остеокластардың белсенділігін тежейді.
В) сүйектен кальцийді «шайып шығарады».
С) сүйек тінінің резорбциясын күшейтеді.
D) гипокальциемия және гиперфосфатемияларды туындатады.
Е) гиперкальциемия және гипофосфатемияларды туындатады.
5. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген гендерінің мутациясы маңызды орын алады:
А) I түрінде.
В) II түрінде.
С) III түрінде.
D) IV түрінде.
Е) V түрінде.
6. Марфан синдромының біртектес көрінісі болып табылады:
А) буындардың өте қозғалғыштығы және арахнодактилия.
В) құрсақішілік сүйек сынғыштығы.
С) құздама тәрізді ұқсас артрит (ревматоидты артрит).
D) янтар тәрізді тістер.
Е) терінің қалыптан тыс созылғыштығы.
7. Реклингаузен ауруы (фиброзды остеодистрофия, гиперпаратиреоидизм) кезінде байқалады:
Са2+↑, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза↑.
Са2+↓, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑.
Са2+ қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза қалыпты.
Са2+ қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑.
Са2+↓, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза↓.
8. Алиметарлық остеопатияның патогенезіндегі тетігі болып табылады:
Аспен кальцийдің аз түсуі → плазмада кальций мөлшерінің азаюы → паратгормон мөлшерінің жоғарылауы → ? → сүйек тінінің резорбциясы.
остеокласттарының белсенділігінің жоғарылауы.
остеобласттарының белсенділігінің жоғарылауы.
өсуды трансформациялаушы факторының әсерленуі.
I түрдегі коллагеннің түзілуінің төмендеуі.
остеоциттер белсенділігінің төмендеуі.
9. Баланы тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған. Дәрігер төмендегілердің қай біреу түзілуінің бұзылысымен байланысты тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді?
А) I түрдегі коллагеннің.
В) II түрдегі коллагеннің.
С) III түрдегі коллагеннің.
D) IV түрдегі коллагеннің.
Е) V түрдегі коллагеннің.
10. Біріншілік жайылған остеопороз байқалады:
А) қартайған шақта, әсіресе әйелдерде.
В) глюкокортикоидтармен 3 айдан астам емдегенде.
С) барбитураттармен емдегенде.
D) гипогонадизм кезінде.
Е) ішектің резекциясынан кейін.
11. Екіншілік жайылған остеопороз байқалады:
A) гиперэстрогенемияда.
B) өт-тас ауруында.
C) гипопаратиреозда.
D) ұзақ төсек тартып жатқанда.
E) сүйек сынығын гипстік таңғышпен емдегенде.
12. Остеопороз патогенезінде маңызы бар:
А) остеобластар қызметінің күшеюі.
В) сүйектерде кальций және фосфор мөлшерінің көбеюі.
С) сүйек тінінің қайта үлгілену белсенділігінің жоғарылауы.
D) остеоид түзілуі және минерализациясының бұзылысы.
Е) сүйек массасының жоғарғы шыңы.
13. Остеопороз патогенезінде көбеюінің маңызы бар:
А) интерлейкин -1-дің.
В) Е простагландиндерінің.
С) тромбоциттік өсу факторының.
D) инсулин тәрізді өсу факторының.
Е) кейлондардың.
14. Остеопороз дамуына әкеледі:
А) остеобластар белсенділігінің жоғарылауы.
В) остеокластар белсенділігінің төмендеуі.
С) өсу факторлары өндірілуінің азаюы.
D) сүйек тіні қайта үлгіленуінің әсерленуі.
Е) остеоциттер санының көбеюі.
15. Сүйектің жұмсаруы (остеомаляция) кезінде:
A) остеоид түзіледі, бірақ минерализацияланбайды.
B) сүйек тінінің остеоиды түзілмейді.
C) остеоид түзіледі және минерализацияланады.
D) сүйектерде кальций және фосфор мөлшерлері көбейеді.
E) ) сүйек тінінде минерализация үрдістері күшейеді.
16. Буындық синдром кезіндегі ауырсыну сезімінің патогенезінде маңыздысы:
А) буын қуысында экссудаттың жиналуы.
В) синовиоциттермен брадикинин өндірілуінің азаюы.
С) гистамин өндірілуінің азаюы.
D) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің жоғарылауы.
Е) эндорфиндердің артық түзілуі.
17. Буындағы үзіліссіз түнгі сыздап ауыру сезімі байланысты:
А) веноздық стаз және сүйек ішілік қысымның жоғарылауымен.
В) шеміршектік детрит шөгетін шеміршек беттерінің үйкелуімен.
С) «буындық тышқан» буын бөгетімен.
D) ГАМҚ- ергиялық қабылдағыштардың қозуымен.
Е) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің жоғарылауымен.
18. Буын шеміршегі төзімділігінің төмендеуін туындатады:
А) өспе тіршілігін жоятын фактор түзілуінің азаюы.
В) интерлейкин-1-дің азаюы.
С) коллагеназа жеткіліксіздігі.
D) буынның сілемейлі (синовиал) қабығының деструкциясы.
Е) эстрогендердің артықтығы.
19. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын шеміршегінің ыдырауын қамтамасыз
етеді:
остеобластардың әсерленуі.
В) паннус коллагеназасы.
С) остеокластардың әсерленуі.
D) остеоид минерализациясының бұзылысы.
Е) шеміршекке жүктеме түсу және олардың репарациясының арасындағы
сәйкессіздік.
20. Рахит (мешел) ауруы патогенезінің тетігі болып табылады:
1,25(ОН)2Д3 тапшылығы ® ішекте кальций сіңірілуінің бұзылысы ® ? ® екіншілік
гиперпаратиреоз ® сүйек тініне кальцийдің қосылуының төмендеуі, остеокластардың әселенуі ® остеомаляция.
гипокальциемия.
гиперкальциемия.
гипофосфатемия.
гипернатриемия.
гипонатриемия.
21. D гиповитаминозының көрінісіне жатады:
еңбектің ерте бітуі.
кальциноз.
түтікті сүйектердің қисаюы.
микроцефалия.
«янтарлық тістер», көздің ағының көгілдірленуі, буындардың қозғалғыштығы.
22. Фотодерматиттердің дамуын қамтамасыз етеді:
A) мұздау.
B) стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау.
C) еркек жынысы.
D) егде жас.
E) ішімдік қабылдау.
23. Генотиптің дерттік өзгерісі пайда болуына әкеледі:
A) пиодермияның.
B) жанасулық дерматиттің.
C) микоздың.
D) эпидермофиттің.
E) ихтиоздың.
24. Табан эпидермофитиясының дамуын қамтамасыз етеді:
A) балықты шикі түрінде жеу.
B) жанұяда ауру мысықтың болуы.
C) монша, душ, қауызға түсуі.
D) бас киімді, тарақты ортақ қолдану.
E) қайнатылмаған сүтті қолдану.
25. Адамның қотырды жұқтыру жолдарын көрсетіңіз:
A) ауалы-тамшылы.
B) оралды-фекалды.
C) киім және төсек арқылы.
D) жануарлар арқылы.
Е) қан сорғыш жәндіктер арқылы.
26. Лайелл синдромының ен жиі кездесетін себебі болып табылады:
А) вирустар.
В) ауыр металл тұздары.
С) дәрілік заттар.
D) уақ саңырауқұлақтар.
Е) стафилококтар.
27. Аддисон ауруы кезіндегі гиперпигментация патогенезінде маңызы бар:
А) глюкокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі.
В) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан АКТГ көбеюі.
С) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі.
D) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан меланоцит ынталандырушы
гормонның көбеюі.
Е) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан меланоцит ынталандырушы
гормонның көбеюі.
28. Альбинизм кезіндегі депигментация байланысты:
А) меланоциттердің болмауымен.
В) тирозиназа белсенділігінің төмендеуімен.
С) меланосома түзілуінің бұзылысымен.
D) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен.
Е) меланиннің антиденелермен жойылуымен.
29. Фенилкетонурия кезіндегі гипопигментация байланысты:
тирозиназа белсенділігінің жеткіліксіздігі.
меланоциттердің бұзылуымен.
фенилаланиннің меланинге уытты әсерімен.
меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен.
фенилаланиннің тирозинге айналуының бұзылысымен.
30. Витилиго кезіндегі терінің депигментация байланысты:
А) тирозин түзілуінің азаюымен.
В) тирозиназа белсенділігінің жоғарылауымен.
С) меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен.
D) меланоциттердің бүлінісімен.
Е) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |