НұСҚаулар мамандық: 6В10155-«Жалпы медицина»



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата04.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#171066
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ТС әдістемелік нұсқаулары



Ф-ОБ-012/062 
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ 
СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ 
АДАМ ПАТОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 
Пән: Мүшелер мен жүйелердегі патологиялық физиологиясы 
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 
Мамандық: 6В10155-«Жалпы медицина» 
Курс: III 
Семестр: VI 
Дайындаған: Ходжаев Н.К. 
Түркістан - 2022 


Ф-ОБ-012/062 


Ф-ОБ-012/062 
Тақырып:
Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары. Коронарлық жеткіліксіздіктің 
патофизиологиясы. 
Мақсат:
жүректің даму ақаулары және миокардта тәждік қанайналымы бұзылыстар дамуымен 
байланысты үлгілі және клиникалық жағдайларының патофизиология тұрғыдан талдауды 
жүргізуін үйрету. 
Оқыту міндеттері:
Студент білу тиіс: 

жүректің жасқа сай ерекшеліктерін; 

туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауларының этиологиясын

жүрек ақаулары кезінде дамитын жүрек жеткіліксіздігінің даму заңдылықтарын; 

жүрек ақауларының түрлі формалар кезінде гемодинамиканың өзгерістері және көріністерін

жүрекалды және жүректен кейінгі дамитын жүктеменің патогенезін; 

жүрекке салмақ түсу кезінде компенсациялау механизмдерін; 

коронарлық жеткіліксіздік кезінде миокардтың зақымдалу механизмдерін; 

коронарлық жеткіліксіздік кезінде жүрек қызметтерінің өзгерістері және көріністерін; 

коронарлық гемоцикуляция бұзылыстарының коррекциялау ұстанымдары мен тәсілдерін. 
Студент жасай алу тиіс: 

жүректің түрлі ақаулықтары кезінде дамитын жүрек жеткіліксіздігінің себептері мен даму 
механизмдерін түсіндіруін. 

жүрек ақаулықтары кезінде жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көріністер патогенезін 
түсіндіруін. 

коронарлық жеткіліксіздіктің этиологиясы және патогенезін түсіндіруін. 

миокард инфарктісі негізгі синдромдарынының патогенезін түсіндіруін. 

миокард ишемиясы және инфартісінің электрокардиографиялық көріністерін түсіндіруін. 

стенокардия және миокард инфарктісінің асқынуларын түсіндіруін. 

тақырып бойнша тест тапсырмалары мен жағдайлық есептерінің шешуін. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет