1.1 Пән туралымәліметтер Атауы – «Геотехника 1».
Кредиттер саны – барлығы 2, 4 семестр.
Сабақтарды өткізу орны мен уақыты - аудиторлық сабақтар, аралық бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сай өткізіледі.
1.2 Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процессіндегі орны Геотехника – ол жаңа ұғым, дәл осы кездегі ғылымдардың жиынтығы, дәлірек айтқанда инженерлі геология, тау жынысының механикасы, топырақтың механикасы, яғни іргетастың құрылуы.
Геотехника 1 әдетте міндетті пәндер тізіміне кіреді, оларды меңгеру 050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалаврдың квалификациясын және академиялық дәрежесін анықтайды.
Пәнді оқыту мақсаты инженерлік – құрылыстық істе қолданылатын инженерлік геология аймағында теориялық және практикалық білімдердің негізін меңгеру болып табылады. Бұл құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларын дұрыс бағалауға, жүктеме әсерінен топырақтың тәртібін және үймереттердің табиғатпен қоршаған ортамен әрекеттесуі кезінде пайда болған процесстер мен құбылыстарды болжауға; топырақ массивтерінің тұрақтылық дәрежесін; топырақты негіздіктердің құрылыстық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту міндеті бұл білімдерді ғимараттар мен үймереттердің негіздіктерін таңдағанда және геологиялық жағдайларды талдау кездінде практикалық сұрақтарды шешуде, іргетас құрылысының және топырақтар механикасының есептерін шығару үшін бастапқы материалдарды жинауда пайдалану болып табылады.
Бұл пәнді оқуды аяқтаған кезде студент білу керек : - тау жыныстары мен топырақ құраушы минералдардың негізгі түрлерін және оларды анықтау әдістерін;
- жердің ішкі динамикалық процесстерінің негізгі түрлері;
- жердің сыртқы динамикасының процесс түрлері;
- гидрогеология негіздері және гидротехникалық есептерді өткізудің негізгі әдістері;
- топырақтану негіздері, топырақтардың минералогиялық құрамы және физикалық қасиеттері;
ептілі болу керек: - құрылыстың инженерлік – геологиялық жағдайларын бағалау;
- топырақтардың түрлерінің жасы (геохронология), құрамы (петрография), шөкпелігі, сорғыштығы және т.б. бойынша баға беру;
- әртүрлі экзогенді және гравитационды процесстерді болжау және алдын алу;
- негіздіктердің сулы – ылғалды тәртібі бойынша гидротехникалық есептерді орындау.
дағдылы болу керек: - негіздіктердің көтеруші қабілеттеріне дұрыс баға беру үшін құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларына талдау жасау.
Пререквизиттер: Математика 1; Сәулет 1; Инженерлік механика 1.
Постреквизиттер: Геотехника 2; Құрылыс конструкциялары 1,2; Құрылыс поцесстерінің технологиясы 1; Құрылыс машиналары мен жабдықтары 1; Құрылыстағы экономика және менеджмент 1; Құрылыс – жөңдеу жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы; Ғимараттар мен үймереттерді тексеру, сынау және қайта құру.