Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет20/20
Дата08.06.2018
өлшемі7,36 Mb.
#41497
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Центрсіз ажарлау (7-сурет). Өңдеу режимін қатаңдату және білдектерді автоматтандыру салдарынан центрсіз ажарлау өңдеу өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Дайындама бекітілмеген жағдайда өңделеді. Ажарлау үшін центр тесігі керек емес. Центрсіз ажарлау білдегінде бір уақытта ажарлағыш және жетекші шарықтас жұмыс істейді. Дайындама пышаққа қойылады және бір уақытта екі шарықтастармен байланысады. Арнайы механизмдер көмегімен әр шарықтастарда мерзімді түзету жасалады.

Ажарлау кезінде (7а-сурет) дайындама 2 бір бағытта тек әр түрлі жылдамдықпен айналатын жұмыс 4 және жетекші 1 шарықтастардың ортасындағы пышаққа 3 койылады. Дайындамамен жетекші шарықтастың арасындағы үйкеліс дайындамамен жұмыс шарықтасының арасындағы үйкеліске қарағанда үлкен, сондықтан дайындама жетекші шарықтастың шеңбер жылдамдығына жақын жылдамдықпен айналады. Жетекші шарықтасты дайындаманың айналу өсіне қатысты (1о−7о) бұрышпен еңкею орнатылады, сол кезде бойлық беріс пайда болады. Дайындама өзінің бойлық өсі бойынша жылжиды, сол кезде дайындаманың бүкіл ұзындығы ажарланады. Жетекші шарықтастың еңкею бұрышы үлкен болса, онда беріс те үлкен болады. Дайындамалар бекітілмей білдектің пышағына бір бірінің үстіне койылады.




7-сурет – Центрсіз ажарлау сұлбасы

Кемерлі дайындамаларды ажарлау кезінде, жетекші шарықтастың тұғырын бұрмайды (7б-сурет), ол бүкіл станинаның бағыттауышы бойынша Sп беріспен берілген күйге дейін (таянышқа дейін) жылжиды. Ажарлаудың алдында жетекші шарықтасты шетке жылжытып қойып, дайындаманы пышаққа орнатқан соң жетекші шарықтаспен қысыңқырайды. Тетіктің керекті өлшемдерін алғанша өңдеу көлденең беріспен жүргізіледі.

Бұранда ажарлайтың білдектерде ажарлағыш шарықтастар бұранданың ойым пішініне сәйкес қайратылады, бұранды алдын ала басқа токарлы білдектерде кесіледі. Дайындама бұранда ажарлау білдегінің центрінде орнатылады, бір айналымда осьтік бағыты бойынша бұранданың бір қадамына жылжиды.

Цилиндрлік беттер (мысалы: жұдырықшалар) арнайы білдектерде ажарланады – жартылай автоматта, көшіргішпен жабдықталған, кірме әдісімен. Күрделі пішінді тетіктерді ажарлау кезінде мысалы: турбина қалағында бірнеше көшірме құрылғылар пайдаланылады, ал кажақ құралдың орнына шексіз кажақ таспа қолданылады. Осындай арнайы білдектерде оймакілтекті біліктерді, тісті дөңгелектердің тістер пішінін, қалып және баспақ қалыптардың күрделі фасонды беттерін және басқа тетіктерді өңдеуге арналған.

Әр түрлі кескіш құралдарды (кескіштер, жоңғыштар, бұрғылар, тартажоңғыштар және т.б) өңдеу үшін қайрағыш білдектер пайдаланылады.
6 Есеп мазмұны
6.1 Жұмыс атауы және мақсаты

6.2 Білдекті берілген беріс және айналым санына реттеу тәртібін хаттау

6.3 Тесікті өңдеу кезіндегі жабдықпен кесу құралының нобайын келтіру

6.4 Өңдеу кезінде (нобаймен) кесу құралын бекіту әдістерін хаттау

6.5 Өңдеу кезінде дайындаманы бекітетің (нобаймен) айлабұйымдардың құрылымын хаттау

6.6 Әр түрлі ажарлау әдістерінің сұлбасының нобайын салу және қысқа хаттау


7 Жұмыстың орындалу реті
7.1 Ажарлау білдектерінде дайындамаларды өңдеу әдістерімен танысу және есеп құрау

7.2 Оқытушы шеберінің басқаруымен жазық ажарлау және қайрағыш білдектернің реттеуімен танысу, ажарлау және қайрау үрдісін карау.


Бақылау сұрақтары
1. Ажарлау үрдісінің маңызы неде?

2. Ажарлау әдісімен беттің сыртпішінін құру үшін қандай қозғалыстар қолданылады?

3. Ажарлауда режим элементі не болып саналады?

4. Ажарлау білдектерінің негізгі типтері және олардың тағайындауы?

5. Кажақ құралдарды жасау үшін колданылатың материалдар?

6. Кажақ құралының қаттылығымен құрылымы дегеніміз не?

7. Дөңгелек ажарлаудың технологиялық әдістері қандай?

8. Ішкі ажарлау және жазық ажарлаудың технологиялық әдістері қандай? Сұлбаларда көрсету.




Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1) Мендебаев Т.М. 1 Машина жасау технологиясының негiздерi.2005. - 321 б.

2) Технология машиностроения: в 2 кн.:учеб. пособие для вузов/[Э. Л. Жуков, И. И. Козарь, С. Л. Мурашкин и др.]; под ред. С. Л. Мурашкина.-Изд. 2-е, доп.-М.:Высш. шк. Кн. 1:Основы технологии машиностроения.-2005.-278 с.

3) Технология машиностроения: в 2 кн.:учеб. пособие для вузов/[Э. Л. Жуков, И. И. Козарь, С. Л. Мурашкин и др.]; под ред. С. Л. Мурашкина.-Изд. 2-е, доп.-М.:Высш. шк. Кн. 2:Производство деталей машин.-2005.-295 с.

4) Суслов А. Г. Технология машиностроения:учебник для студ.вузов/А. Г. Суслов.-М.:Машиностроение, 2007.-429 с.

Қосымша


5) Анурьев В. И. Справочник конструктура-машиностроителя: в 3 т./В.И.Анурьев; под ред. И.Н.Жестковой.-Изд. 8-е, перераб. и доп.-М.:Машиностроение.-2001

6) Обработка металлов резанием: справочник технолога/А.А.Панова.-2-еизд., перераб. и доп.-М.:Машиностроение, 2004

7) Кисиленко Л. Е. Основы технологии машиностроения:практикум/Л. Е. Кисиленко, А. Н. Граблев, Д. П. Михайлов.-М.:МГИУ,2007.-84 с.

8) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. Машинажасау, Павлодар, 2007



2 такырып бойынша №4 лабораториялық жұмыс. Тетіктерді илемділік деформация әдісімен өндеудің технологиялық мүмкіндігі.

2 такырып бойынша №5 лабораториялық жұмыс. Тартажонумен өндеудің технологиялық мүмкіндігі.

4 такырып бойынша №7 лабораториялық жұмыс. Тісті дөңгалақтарды өндеудің технологиялық мүмкіндігі.

4 такырып бойынша №8 лабораториялық жұмыс. Технологиялық процесстерді нормалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет