Курстық жұмыстың сақталу мерзімі колледждің іс-қағаз номенклатурасына сай орнатылады. Білім алушылардан қабылданған және қорғалған курстық жұмыстар оқу орнының мұрағатында 1 жыл мерзімге сақталады. Мерзімі өткен соң курстық жұмыстарды істен шығару актісі жасалады және жойылады.
Оқу-әдістемелік құнды деп танылған үздік курстық жұмыстар сәйкес кафедраларда сақталады және білім беру ұйымында оқу құралы ретінде қолданылады. Байқауларға ұсыну және қолдану үшін курстық жұмыстар кафедра меңгерушісінің шешімімен кафедрада қалаған мерзімге қалдырылуы мүмкін.
Студенттер кафедрадағы өзінің курстық жұмыстарын (электрондық көшірмесі) бітіру біліктілік жұмыстарын жазу барысында қолдана алады.
Курстық жұмысты қанағаттанарлықсыз бағаға қорғаған білім алушы:
-берілген пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді;
-сәйкес пәндік комиссияның шешіміне сай жаңа тақырып таңдауға немесе бұрынғы курстық жұмысты толықтыруға рұқсат беріледі.
Курстық жұмыс директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарына тапсырылып, арнайы журналға курстық жұмыстың тақырыбы, бағасы жазылады.