КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Курстық жұмысты бағалауда келесі критерийлерді ұсынуға болады:
курстық жұмысты орындау және тапсыру уақытын сақтау;
курстық жұмыстың сыртқы түрі және безендірудің дұрыстығы;
курстық жұмыстың өзектілігін негіздеу;
зерттеудің сипаттамасын беруді түзету (мәселелер, нысан, пәні, міндеттер және т.б.);
ұсынылған зерттеу тақырыбына жұмыс мазмұнының сәйкестігі;
зерттеу тақырыбын толық ашылуы;
зерттеу алдында қойылған барлық міндеттің шешілуі мен аяқталуы;
теориялық және практикалық материалдың өзара байланысы, өзекті статистикалық және фактологиялық материалды пайдалану;
мәтінде сілтемелер мен гиперсілтемелердің болуы;
илюстративті материалдардың безендірілу дұрыстығы мен көрнекілігі;
қосымшалардың болуы және сапасы;
әдебиеттер тізімін рәсімдеу дұрыстығы;
теориялық талдау тереңдігі, берілген тақырыптың негізгі мәселелерін талдау білігі, талқылау мәселелерінің және көзқарасының негізгі түйіндерін білу және түсіну;
өмірмен, практикалық жағынан жұмыспен байланыстыру;
қорытынды шығару білігі;
кіріспе мен қорытындының сапасы;
қарастырылған мәселеге шығармашылық тәсілдеме, өзбетімен баяндау, өз көзқарасын білдіру мен дәлелдеу білігі;
материалды баяндаудың қисындылығы және сауаттылығы, ғылыми баяндау терминологиясын және стилін меңгеруі;
принциптік сипаттағы мазмұны қателердің болмауы;
жұмыстың теориялық және практикалық бағалылығы (қажетіне қарай);
практикалық сынақ сипатының болуы және толықтылығы;
жұмысты рәсімдеу сапасы.
Достарыңызбен бөлісу: |