Курстық жұмыс ғылыми жетекшінің – сәйкес кафедраның оқытушысының, магистр немесе доценттің жетекшілігімен орындалады.
Курстықжұмысжетекшісініңфункциялары:
курстық жұмыс тақырыбын, жоспарын және оны орындау кестесін жасақтауда студентке практикалық көмек беру;
курстық жұмысты оны орындауға қойылатын талаптарға сай сапасын бағалау.
Оқу жоспарының кеңес беруге бөлінген уақыты есебінен курстық жұмысты орындау кезеңінде кеңес беру кестесі жасақталады. Ғылыми жетекші студентке бірінші беретін ақыл кеңесінде курстық жұмыстың тақырыбын анықтап, оны аяқтау мерзімін белгілейді. Ол айына 2 рет студентке ақыл – кеңес ұйымдастырып, курстық жұмысты жазуға көмектеседі. Жетекші жазылған курстық жұмысты мұқият тексеріп, жазбаша пікірін жазған соң студент оны қорғауға әзірлейді. Талапқа сай жазылған курстық жұмыстары оқытушылар мен студенттердің ғылыми – практикалық конференцияларында, әдістемелік кеңес отырыстарында тыңдалады.
Мазмұны бойынша курстық жұмыстар реферативтік, практикалық, конструкторлық, технологиялық және тәжірибе-эксперименттік сипатта болады. Курстық жұмыс баспа түрде 25 беттен кем емес болуы тиіс. Курстық жұмысты орындау кезінде реферативтік сипатта болса, негізгі бөлімдердің мазмұнын ашумен қатар, теория мен практика мәселелерінің зерттелу деңгейін сипаттайтын жұмыстың теориялық бөлігіне көңіл аудару қажет.